«Германдық әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың» ерекшеліктері қандай? Дүние жүзі тарихы, 9 сынып, презентация.


«Ешқандай экономикалық жағдайдың оған халықтың адал еңбегі мен ерік күші жетпейтін шарасыз халде болуы мүмкін емес»

Фотосуреттен кімді көріп тұрсыздар?

Бұл сөздердің иесі кім?

Сабақтың тақырыбы: «Германдық әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың» ерекшеліктері қандай?

Оқыту мақсаттары:

9.4.1.3. жаһандану жағдайындағы экономикалық интеграцияның маңыздылығын бағалау;

9.1.2.2. әлемнің жетекші және дамушы елдерінің өмір сүру деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау;

9.1.1.2. әлемнің жетекші елдерінің ХХ ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін талдау.

Бағалау критерийлері:

«Әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың» ерекшеліктерін анықтайды

Әлемнің жетекші елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін талдайды

Германия Экономикалық Кереметінің 1948 - 1960 жж. сәулетшісі

«Ешқандай экономикалық жағдайдың оған халықтың адал еңбегі мен ерік күші жетпейтін шарасыз халде болуы мүмкін емес»

Людвиг Эрхард

Германия Федеративтік Республикасы «Неміс экономикалық кереметі»

«Баршаға арналған әл-ауқат» (1960) кітабынан

Эрхардтың айтуынша экономикалық реформалардың негізгі мақсаты:

1) «әлеуметтік-нарықтық шаруашылықты» құру

2) халықтың барлық топтарының сатып алушылық қабілеттерін арттыру

3) мемлекеттік кірістің артуы

15-тарау

Еуропалық проблеманы шешу

Мақсаты – барлығын қамтитын интеграция:

1. Экономиканың жекелеген салаларын біріктіру (шаруашылық құрылымды бөлуге болмайды) арқылы барлығын қамтитын интеграцияға қол жеткізу мүмкін емес

2. Интеграция ауқымды және еркін бәсекелестік арқылы жүреді

3. Валюталық саясатты келісімдеу қажеттігі – валюталық саясаттағы барлық шектеулердің күшін жою

4. Үйлестіру теориясын практикада қолдану интеграция процесіне ықпал етеді

5. Саяси интеграция экономикалық интеграциядан бұрын емес, кейін жүреді (экономикалық алғышарттарсыз жүретін саяси интеграция централизмге алып келеді)

6. екіжақты мәмілелердің абсурдтылығы

7. бостандықтың тұтастығы (еркін сауда-саттық қағидаты ЕС аясымен шектелмейді және халықаралық шаруашылық қарым-қатынастарына негізделуі мүмкін)

8. либералдандыру –жан-жақты қамтушы интеграцияға қол жеткізудің басты құралы

Экономикалық кереметтің алғышарттары

1) Өнеркәсіпке салынатын ішкі капитал салымдары;

2) Маршалл жоспары бойынша АҚШ көмегі;

3) Ең ұзақ жұмыс аптасы ФРГ-да–56 сағат;

4) ФРГ-да 1956 жылға дейін айтарлықтай әскери шығындар болмады;

5) мемлекеттің протекционистік саясаты

Құжатпен топтық жұмыс жасау

1 және 2 топтар Л. Эрхард кітабының үзінділерімен танысады

(«Баршаға арналған әл-ауқат») және әлеуметтік нарықтық шаруашылық ерекшеліктерін анықтайды.

3 және 4 топтар мәтінде сөздің мағынасына қарай қойылмай кеткен сөздерді сөйлемге орнына қояды.

Дескрипторлар:

Әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың кем дегенде 3 ерекшелігін анықтайды

Сөйлемдерге сөздердің мағынасына қарай кем дегенде 3 дұрыс сөз қояды

Рефлексия

Оқушылар келесі тақырыпқа шағын эссе жазады: Мен қазіргі Германияда өмір сүргім келе ме?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.