Неліктен Давид пен Бодридің Марат туралы көзқарастары әртүрлі болды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  8 СЫНЫП, САБАҚ 7.2

IV бөлім. Француз бұржуазиялық революциясының көрінісі.

Сабақ тақырыбы: Неліктен Давид пен Бодридің Марат туралы көзқарастары әртүрлі болды?

Оқу мақсаттары:

7.2.2.1 - тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану;

7.2.2.2 - өнердегі негізгі стильдер мен ағымдардың белгілерін (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау;

7.3.1.1 - республикалық құрылымның ерекшеліктерін анықтау

Тарихи концепт: интерпретация

Сабақтың өзара байланыс компоненттері

 1 Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардын сабақ басында позитивті психологиялық көзқараста болуларын қамтамасыз ету маңызды.

 

 2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға Жак-Луи Давидтің «Мараттың өлімі» (1793 ж.) атты картинасын көрсетіңіз. Оларға суреті мұқият қарастырып, оны жан-жақты сипаттауды сұраңыз: Сізге ұсынылған картина сендерде қандай сезім тудырады? Қандай оқиға бейнеленеді? Картинаның басты кейіпкері кім? Картинаның басты кейіпкерінің бетін, позасың сипаттаңыз. Бөлмедегі заттар, жиһаздары туралы не айтуға болады? Бұл қандай бөлме? Суретші бұл туындысын қандай мақсатпен жсады деп ойлайсыңдар?

 Оқушылардың кез келген пікірлерін қабылдаңыз, олардың пікірлерін жоққа шығармаңыз және келіспеңіз. Осындай «ми шабуылының» соңында картинаның авторы мен суреттің атауын айтыңыз. Картинада көрсетілген оқиға туралы қысқыша баяндап беріңіз.

 Француз революциясының көрнекті қайраткерлерінің бірі Марат жансыз ваннада жатыр, оның діңкесін құртқан тері ауруынан емделген кезінде бейнеленген. Терең жараланған орты анық көрінеді. Оң қолы әлі де қаламды ұстап жатыр, ал сол қолында оған берілген өлтірушінің «зұлымдық хатты» қалған. Бұл хатта жазылғаны: «Мари Анна Шарлотта Корде Марат азаматқа. Мен өте баққытсызбын, және бұл мені сіз қабылдауыңызға жеткілікті». Суретші өлген журналист және қоғам қайраткерді крестен алынған Христосқа ұқсатып бейнелеген. Кеудесіндегі өлім жарасы, ваннасы, қолындағы қаламы, сиясы мен ағаш жәшігі - мұның бәрін автор кейіпкерінің азаппен өлтірілгенін көрсету үшін пайдаланды.

 Суретші өз кейіпкерін жақсы көреді, оған бас иеді. Сонымен қатар, мұғалім басқа француз суретшісі Поль Бодри Мараттың қайтыс болуына арналған тағы бір картинаны салғаны туралы айтады. Сабақта оқушылар осы екі картинаны салыстырып, солар арқылы Француз революциясының тарихының дереккөзі бола алатыны туралы қорытынды жасайды.

 

 3. Сабақ тақырыбын хабарлаңыз, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилерімен танастырыңыз. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады. Барлық оқушылар оқу мақсаттарын түсінгендігіне көз жеткізіңіз.

 Оқу мақсаты мен концептісіне негізделген зерттеу бағытың оқушылармен бірге қалыптастырыныз:

 - бейнелеу өнеріде классицизм мен неоклассицизмнің стильдерін сипаттау,

  - суретші Ж.Л. Давидтің өмірбаяны мен саяси көзқарасын білу,

 - суретші Бодроның өмірбаяны мен саяси көзқарасын білу,

 - Жан Пол Мараттың саяси көзқарастары мен әрекеттерін сипаттау,

 - сол оқиғаның екі француз суретшілерінің пікірін салыстыру,

 - «революциялық террор» ұғымын талдау.

 

  •  Терминдермен жұмыс істеу. Жаңа терминдердің - классицизм, неоклассицизм, революциялық террордың анықтамалары жалғыз сөздері мен сөз тіркесітеріне бөлінген конверттерді оқушылардың үш тобын ұсыныңыз. Оқушылардың міндеті жеке карточкалардан терминдердің анықтамаларын жинау, содан кейін туындайтын сұрақтарға жауап бере отырып, осы концепцияны топқа талқылау.

 Тапсырма үшін дескрипторлар: оқушы

 - классицизм мен неоклассицизмнің стильдерін сипаттау,

- классицизм стилінің белгілерін сипаттау

- неоклассицизм стилінің белгілерін сипаттау

- «революциялық террор» белгілерін сипаттау

 Карточкалардың мазмұны:

 Классицизм - XVII - XIX ғасырлардағы еуропалық мәдениетте көркемдік стиль және эстетикалық бағыт.

 Классицизмның тұрғысынан көркемдік жұмыстары қатаң заңдар негізінде құрылуы керек, осылайша нәзік және ғаламның логикасы үйлесімділігін білдіреді. Классицизм өнердің әлеуметтік және білім беру қызметіне үлкен мән береді. Бұл бағыт Францияда XVII ғасырда қалыптасты. Ол Людовик XIV стилі (1638 - 1715 жж.) деп аталады. Француз классицизм адамның жеке қасиетін ең жоғарғы құндылық деп санап, оны діни және шіркеу әсерінен босатты. Көп жағдайларда классицизм стилі антика өнерінің «алтын ғасыра» негізделді.

  Неоклассицизм - XVIII ғасырдың екінші жартысында пайда болған стилі, оны XVI Людовиктің (1754 – 1793 жж.) стилі деп атайды. Бұл стильде жұмыс жасаған суретшілер классикалық өнерге тән фигуралардың монументалдылығы мен пластикасын жандандыруға тырысты.

 Революциялық террор - 1794 жылдың 5 қыркүйегінен бастап 1794 жылдың 27 шілдесіне дейінгі кезеңіндегі Француз революциясы басталуынан кейінгі жаппай өлім жазасының таралуы. Террор оппозициялық саяси топтардың (жирондисты и якобинцы) арасындағы қақтығыс кезінде зорлық-зомбылық кезеңі болды, сол кезде якобинс «революцияның жауларын» жаппай қырып-жояды.

 Өлтірілген адамдардың саны 16 мыңнан 40 мыңға дейін. Гильотина пышағы астында (сотталған адамның басын кесуге арналған құрал) өмірлерін аяқтағандар: XVI Людовик (1793 жылы қаңтарда), королева Мария Антуанетта, Орлеан герцогі, жирондинстердің жетекшілері (Жак-Пьер Бриссо, Пьер Верньо, мадам Ролан), дантонистер (Жорж Жак Дантон), эберистер (Жак-Рене Эбер, Пьер Гаспар Шомет) және фельяндар (Антуан Барнав, Жан Сильвен Байи), химик Антуан Лавуазье, ақын Андре Шенье және көптеген басқалар.

 

 5. Топтық жұмыс. Оқушыларға Поль Бодридің «Шарлотта Корде Маратты өлтіргеннен кейін» атты 1861 жылы салынған картинасын көрсетіңіз. Оқушылар, топтық жұмыс барысында, картинаны мұхият қарастырып, осы картинаның сабақтың басында талқылаған картинамен ұқсастығы мен айырмашылықтарының тізімін құрастыруды сұраңыз. Содан кейін топта осы картиналардың бір тарихи оқиғаны айқындағанымен, неліктен айырмашылықтары бар екенін талқылайды.

 Тапсырма дескрипторлар:

  •  оқушы екі суреттің ортақ ерекшеліктерін анықтайды
  •  оқушы екі суреттің айырмашылық ерекшеліктерін анықтайды
  •  оқушы екі суретшінің тарихи оқиғаларды әр түрлі түсіндіру туралы қорытынды жасайды.

 Осы жұмысты аяқтағаннан кейін, топтардың жұмысын тексеріп, оқушылардан сұраңыз: «Бұл картиналар революциялық террор кезеңінде революция оқиғаларын зерттеу үшін тарихи дереккөз бола алады ма?», сұрақ бойынша талқылау жүргізіңіз.

 Оқушылардың жауапарының нұсқасы:

 Суретшілер Дэвид пен Бодри өз картиналарында Француз революциясының көрнекті қайраткерлерінің бірі Жан Пол Мараттың өлімін бейнеледі. Сонымен қатар, Бодри өзінің картинасында Маратты өлтірген қызды да бейнелейді. Олардың суреттері «Мараттың өлімі» деген атпен аталады, бірақ олар бұл оқиғаны әртүрлі интерпретациялайды. Бұл мысал көрсеткендей, тарихи деректерді пайдаланған кезде, оны кім және қандай мақсатпен жасағанын мұқият зерттеу керек. Оқушылар тарихи дерек көздерін сыны ттұрғыда бағалау керек қажет деген қорытындыға келеді.

 

  •  Рефлексия. «Иыққап» әдісін пайдаланыңыз. Оқушылар сабақ барысында сыныптастармен қарым-қатынаста және қандай жетістіктерге жеткендігі туралы әңгімелеп, қарапайым мектеп иыққабының бейнесін бірі-біріне ауыстырады..

 Иыққап бір оқушыдаң екіншісіне ауысады. Барлығы табыстыры туралы айта қоймай, оларға қатысты нақты мысал келтіреді. Егер оқушы өз ойын жинақтауға үлгермесе, ол «Мен кезегімді өткізіп жіберемін», - деп, иыққапты басқа оқушыға ауыстырады.

 Оқушылардың пікірлерінің мысалдары:

- Мен картинаны талдауды үйрендім.

- Мен өнердің стильдерімен таныстым

- Мен революциялық террор не екенін түсіндім

- Мен әр түрлі суретшілердің бір тарихи кейіпкерді әртүрлі тәсілдермен бейнелейгеніне таңқалдым,

- Топта сұрақтарды талқылау маған ұнады.

6. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға революциялық террор тақырыбына арналған көркем әдебиет туындыларын оқуды ұсыныңыз:

  •   «Тарихтың құпиялары» сериясы, Француз революциясының зұлымдары мен құрбандары».
  •  Дмитрий Шерих «Мараттың көшесі және айналасы».

Саралап оқыту мүмкіндіктері

 Тапсырма 1. Көпшілік оқушылар үшін.

 Төмендегі цитаталардың әрқайсысын М (монархияға қатысты) және P (республикалық басқару формасына қатысты) әріптерімен белгілеңіз:

1. Елдегі ең жоғарғы лауазымдар ақшаға сатылып немесе немесе атақтылық пен жеке адамдардың бассыздықпен берілді, бұл әскери және ел басқару істеріне үлкен зиян келтірді.

2. «Барлық жоғары билік халыққа тиесілі. Ешбір мекеме, ешкім адам тікелей ұлттын атынан шықпаған билікті іске асыра алмайды» («Адам мен азамат құқықтары туралы Декларация», 1789 ж.)

3. Көптеген жүзден асатын сарай маңы ақсүйектерімен, салт аттылары және экипаждарының қатысуымен өтетін корольдік аң аулауы ауыл шаралары үшін нағыз апат болды.

4. Ұлттық Конвенцияға сайлау үдерісі ерлер үшін жалпыға бірдей сайлау құқығы негізінде іске асырылды.

5. «Бізден кейін, су тасқыны болса да...» (XV Людовик)

6. «Барлық адамдар еркін және тең құқылы болып туылады» («Адам және азаматтың құқықтары туралы декларация», 1789 ж.)

 Тапсырма 2. Оқу қабілеттері жоғары оқушылар үшін.

Төменде келтірілген цитаталар қай ортақ тарихи оқиғаны сүреттейді?

1. «О, Отанның балалары, тек алға! Біздің даңқымыздың күні келді, тирандар бізге шабуылдап, қанды туын көтерді. Қаруды қолға алайық, азаматтар!» (Руже де Лиль, «Марсельезаның» бірінші шумағынан)

2. «Бастилия алынды! Предместьелер қуанышты!» (Максимилиан Волошин)

3. Әділет министрі якобиндік Дантон Заң шығарушы Ассамблеяның трибунасынан: «Жауды жеңу үшін бізге батылдық, тағы да батылдық, әрдайым батылдық қажет», - деп жарияланды.

4. Революциялық соғыстың ұраны: «Жеңіс немесе өлім!»

5. «Республика өлді, тонаушылар жеңіске жетті!» (Максимилиан Робеспьер)

6. «Буржуазия, халықпен бірігіп, монархияға, дворяндарға және шіркеу үстемдігіне қарсы күресті» (Карл Маркс)

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.