Неліктен Давид пен Бодридің Марат туралы көзқарастары әртүрлі болды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, дидактикалық материал.


 1-қосымша.

 Давид және Бодридің картиналарының иллюстрациясы.

 

 

 

 

 Приложение 2.

Информационный текст

 Неоклассицизм – 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырда мифологиялық сюжет пен антикалық тақырыпты басты ұстаным тұтқан әдеби ағым. Неоклассицизм Еуропа өнерінде ұзақ уақыт үстемдік құрған романтизмнің дағдарысы нәтижесінде әдебиет пен музыкада, бейнелеу өнерінде пайда болды. Неоклассицизм модернизмнің бір үлгісі ретінде көрінді. Неоклассиктер романтизм ағымы аясында жоғалуға таяған дәстүрдің дамуын, үрдістердің жалғасым табуын қолдады.

Неоклассицизм өкілдері А.Майков, Н.Щербин (Ресей), Ш.МоррасЖ.Мореас (Франция), П.ЭрнстВ. Щольц (Германия) мещандық салт-санаға қарсы адамның табиғи тазалығын, өмірдің қызығына, ләззатына ұмтылған құлшыныстарын, адам сұлулығын жырлады. Ресми идеологияға негізделген әдебиетке қарсы үздік пішін мен мінсіздікті дәріптеді. Архитектурада неоклассик. ағымның басты-басты үш кезеңі (20 ғасырдың бас кезінен ортасына дейін) байқалды. Бірінші кезеңде классик. пошымдарды ұтымды қолдану эклектика архитектурасы мен “модерндегі” артық әлемішке, тым еркіндікке қарсы қойылды.

20 ғасырдағы Неоклассицизм[өңдеу]

1910 жылдардағы неоклассиктер орыс сәулет өнері классиктері архитектураның негізгі принциптеріне ден қойғанмен (И.А. Фомин, И.В. Жолтовский, В.А. Щуко, т.б.) осы кезеңде классик. мотивтерді стильдендіруді мақұлдаған орыс “модернінің” өкілдері (Ф.О. Шехтель, Ф.И. Лидваль, т.б.) шықты. Неоклассицизм 20 ғасырдың 10 – 20-жылдарында АҚШ пен Ұлыбританияда негізінен ресми архитектурадан (Вашингтондағы Л.Линкольн ескерткіші) көрініс тапты. 50-жылдардың ақырында АҚШархитектурасынан (Нью-Йорктегі Линкольн-сентер) елеулі орын алды. Неоклассицизм принциптері ішінара 30-жылдардың 2-жартысы мен 50-жылдардың бас кезіндегі ТМД елдері сәулет өнерінен де бой көрсетті. Бейнелеу өнерінде “ Неоклассицизм ” термині әр түрлі ағымдарға байланысты қолданылды. Онда классикалық образдардың ішкі үндестігіне өмір мен өнердегі идеялық және стильдік шарпылыстар қарсы қойылды. 20 ғасырдың басында импрессионизмге қарсы бағытталған ағымдардың бірі ретінде кең қанат жайды. Ол көне дүние өнері мен ішінара Қайта өркендеу дәуірі өнерін және классицизмді, кейіннен “модерн” стилін де қамтыды. АҚШ-та регионализм, Италияда “метафизикалық кескіндеме”, Францияда П.Пикассоның “неоэнгризмі” сынды Неоклассицизмге қатысты ағымдар туындады. Музыкадағы Неоклассицизмді біртұтастай қарауға келмейді. Ол кейбір жеке композиторлардың (М.Регер, П.Хиндемит, О.Респиги, И.Ф. Стравинский, тағы басқа) шығармалармен байланысты. Музыкадағы Неоклассицизм бағытының жалпы табиғаты қайшылыққа толы. Неоклассицизм үлгісіндегі шығармалардан айқындық пен жинақылық, ескі музыкалық стильдер логикасы аңғарылса, екінші жағынан көзсіз еліктеуге, тозығы жеткен кейбір муз. тәсілдерді жандандыруға бой ұру байқалды.[1]

Романтизм (ағылш. romantіcіsmфр. romantіsmeнем. romantіk) – 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мен Америка елдерінің рухани мәдениетінде: музыкатеатр, бейнелеу өнері, эстетика, т.б. әдеби-көркем салаларда тараған идеялық көркемдік бағыт.

Романтизмнің адамзат мәдениеті дамуындағы тарихи рөлі зор. Ол көптеген елдердің рухани мәдениетін гуманистік идеялармен байытты. Романтизм бағытында туған туындылардың кейіпкерлері әдетте болмыстың ырқымен келіспейтін, жақсы өмір, бақыт, азаттық үшін күресетін күшті жандар болып келеді. Романтизм туындаларының тілінде әсірелегіш суреттер мол ұшырайды. Адамның бас бостандығын, ірі іс-әрекеттерге ұмтылыстарын мадақтау — Романтизм туындыларына ортақ қасиет. Кейде романтиктер туындыларында өмірден түңілушілік, тағдырға бас июшілік сарыны бой көрсетеді. Романтиктер өздерінің мұратына сай келетін өмір материалдарын өткеннен де, келешектен де қатар іздейді. Романтиктер ауыз әдебиеті, тарих, дін, өнер мәселелерін өз идеяларын насихаттау құралы ете білді. Олар дүние жүзі өнерінде тұңғыш рет адам жанының иірімдерін, тұңғиық тереңін ашып көрсетті.

Романтизм театр өнерінде[өңдеу]

Театрда романтизм 1810 — 40 ж. қалыптасты. Белгілі романтик актерлер: Э.Кин (Англия), Л.Девриент (Германия), Г.Модена, А.Ристори (Италия), М.Дорваль, А.Л. Фредерик-Леметр (Франция), П.С. Мочалов (Ресей), П.Адамян (Армения), Г.Араблинский (Әзірбайжан), Э.Форрест, Ш.Кашмен (АҚШ), Г.Эгрешши (Венгрия), т.б. Дүниедегі әділетсіздік атаулыға қарсы болу, терең гуманизм бұл актерлерді бір идеяға жұмылдырды. Романтизм кезінде театр эстетикасының негізі актерлік қиял мен сезімге құрылды. Романтизм актерлері өз назарларын адам өмірінің ішкі қайшылықтарын бейнелеуге аударды. Қоғамдық пафос, шындыққа деген құштарлық, айқын мақсат актерді буырқанған эмоция мен айқын драмалық экспрессияға, екпінді қимылға жетеледі. Алайда романтикалық өміртаным шығармашылығы субъективизм қаупін өзімен бірге өрбітті. Романтикалық театр тұңғыш рет актерлік өнердің негізі болып табылатын сахналық толғанысты туғызды. ТМД елдерінің театр өнерінде М.Н. Ермолова, А.И. Южин, Ю.М. Юрьев, А.А. Остужев, В.К. Папазян, М.Қасымов, Ш.Бұрханов, А.Хорава, А.Хидоятов, Н.Д. Мордвинов, Ш. Айманов, Ы.Ноғайбаев, Ш.Мусин, т.б. шығармашылықтар асқақ, қаһармандық романтизм дәстүрімен тығыз байланысты. Бейнелеу өнеріндегі романтизм мүсін өнеріне қарағанда кескіндеме мен графикадан айқын көрініс тапты. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың бас кезінде У.Блейк (Англия), Ф.Гойя (Испания), Ж.Л. Давид (Франция) еңбектерінен романтизм белгілері аңғарылды. Романтизмнің іргелі мектебі Францияда өркен жайды. Ол академиялық классицизм өнеріндегі догматизм мен буалдыр рационализмге қарсы күрес үстінде қалыптасты. Романтикалық мектептің алғаш негізін салушы – Т.Жерико. 1820 жылдардағы романтизм мектебінің басты өкілі ретінде төңкерісшіл пафостағы бірнеше картиналар салған Э.Делакруаны атауға болады. Романтизм суретшілерінің өзіндік ерекшелігі портрет, пейзаж, графика (О.Домье) жанрларынан айқын көрінді. Композицияны асқақ динамикаға құру, буырқанған қимыл-әрекетті форма тұтастығына бағындыра отырып, көлем мен кеңістік құбылысын ұтымды пайдалану, сәуле мен көлеңке алмасуына негізделген алуан ырғақтағы қанық та бай колорит романтик суретшілердің классицизм өкілдеріне қарағанда негізгі ерекшелігі болып табылады.

Импрессионизм (фр. іmpressіonnіsme, іmpressіon – әсер) – алғаш рет Францияда 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың басында өнерде қалыптасқан ағым. Импрессионизм өкілдері өмірді шынайы, айқын, боямасыз бейнелеуге ұмтылды.

Бейнелеу өнерінде импрессионизмның алғашқы белгілері 19 ғасырдың 60-жылдары суретшілер Делакруа, Констебл, Тернер шығармаларында көрініс тапты. Импрессионизмнің негізін француз суретшілері (К.Моне, О.Ренуар, Э.Дега) қалады. Олардың шығармаларынан өмірдің немесе табиғаттың бір сәттілік бейнесі әсерлі де көркем берілді. Табиғаттың құбылмалы шақтарын, заттардың түсін, жарық пен сәуленің дәл де нәзік өзгеретінін көрсете білді. Импрессионизм өкілдері табиғаттағы құлпырған бай бояу әлемін жіті байқап, анық жеткізуге тырысты. Түстердің түрленуін алғаш көрсеткен де импрессионизм ағымы болды. Францияда 1870 жылдан бастап импрессионизм көркемдік әдіс ретінде қалыптаса бастады. Оның өкілдері өнердің қоғамдық мазмұнынан, бейнені жинақтау және типтендіру принциптерінен бас тартты. Дегенмен импрессионизм адамның өзін қоршаған ортадан алатын сезімдік әсерін, құбылмалы шақтарын, жарық пен атмосфераның ықпалынан зат түсінің өзгеруін дәл де нәзік беруде елеулі жетістіктерге жетті. Олар белгілі бір идеялы тақырыптарға немесе қатып қалған әдістемелі заңдылықтарға бой ұрмай, еркін, өздерінің қалауынша жаза білді. Кескіндемедегі құрылымды (композицияны) еркін құра білді. Импрессионизм образды сомдауда солқылдақтыққа, екі ұштылыққа ұрынып, суреттегі үйлесімділік дәлдігінен алшақтады. Импрессионизм өкілдері бояу қосындыларын қолданбай, тек “таза түстерді” пайдалануды талап ететін пленэр жүйесін жасады. Бұл әдістер импрессионизмнің жалғасы неоимпрессионизм (нео – жаңа) мен постимпрессионизмнен (пост-кейінгі) айқын сипат тапты. Неоимпрессионизмді өмірге әкеліп қалыптастырған Жорж Сера (1859 – 1891). Бұл бағыттағы суретшілер өзіндік жазу техникасын ойлап тапты. Олар кенепке қоспасыз таза бояуларды тең түсіру арқылы (Ж.Сера. “Гранд-Жат аралығындағы жексенбілік серуен” картинасында) жазды. Мұндай кескіндемелер мозаикамен түрлендіргендей әсер қалдырды. 19 ғасырдың аяғында импрессионизмге қарама-қарсы постимпрессионизм тарих төріне шықты. Оның ірі өкілдері, ұлы суретшілер Винсент Ван Гог (1853 – 1890), Поль Гоген (1848 – 1903), Поль Сезанн (1839 – 1906) болды. Импрессионистер, негізінен, кескіндеген затының сыртқы бейнесін шыншылдықпен бір сәттік сезімде жазса, постимпрессионистер өздерінің ішкі әлемін, жүрек сезімін бейнелеуге тырысты. Олар, көбінесе, таза ашық түсті бояуларды жиі қолданды (Ван Гог, Гоген). Ал Сезанн айнала қоршаған ортаны (заттарды, адамды, жан-жануарды, т.б.) геом. заттарға балай қабылдады (мысалы, тауды – үшбұрышқа, адам басын, алманы – шарға, т.б.). импрессионизмнің бір сәттік әсерлерге құру принциптері кескіндемеде Ван Гог, Дж.Уистлер, М.Либерман, К.А. Коровиннің, мүсін өнерінде М.Россо, П.П. Трубецкий және О.Роденнің шығармаларынан көрініс тапты.[1]

Реализм[1] (лат. relіs — заттылық, шындық) — әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс. Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеум. қайшылықтарды, адам бейнесін терең ашып көрсетуді мақсат тұтады. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік формасы алуан түрлі.Романтизм әдісі көбіне сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл аударса, Реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсетуді қажет етеді. Реализм болмыстың ең маңызды сипатын сұрыптап, көркем образ арқылы бейнелейді, өмір шындығын анық кескіндейтін образдар жүйесін жасайды. Реализм өмірде үнемі кездесетін нақтылы жағдайларды, адамның іс-әрекеттерін бейнелеуді басты міндет санайды, дегенмен оған алға ұмтылушылық, алыс арманға, асқақ қиялға бойұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс емес. Алайда реалистік әдістің негізгі ерекшелігі — өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейнелі тұлғалар жасау. Бейнелеу өнерінде сыншыл Реализм 18 ғ-дан байқалды. Суретшілер шығармндағы қарапайым адамдардың күнделікті тіршілігіне үңілу, жекелеген мінезге көңіл аудару, қоғамдағы кертартпа салт-сананы келемеждеу (Францияда Ж.Б. ШарденЖ.Б. Грез; Англияда У.Хогарт; Германияда Д.Н. Ходовецкий) ағартушылық идеяларының шартына бағындырылды. Реализм әдістерін қалыптастыруда Ф.Гойя шығарм. ерекше орын алды. Ол өз еңбектерінде төңіректі қоршаған дүниенің жанды поэзиясын қалай ашса, әлеум. қайшылықты аяусыз талдауда соншалықты батыл қадам жасады. 18 ғ. мен 19 ғ-дың алғашқы бөлігінде, романтизмнің қалыптасу кезінде бейнелеу өнері (портрет, тұрмыстық жанр мен табиғат көрінісі саласында) Реализмге бет бұрды. Францияда Т.Жерико мен Э.Делакруа өмірдің нақтылы көрінісін бейнелеуге ден қойып, оның шытырман оқиғаға толы тынысын суреттеді. Осы бағыттың әсерінен өз заманының өткір мәселелеріне тереңірек үңілген О.Домьенің шығарм. қалыптасты, Ресейде 19 ғ-дың 1-жартысында Реализм тенденциясы О.А. КипренскийдіңпортреттеріненА.Г. Венециановтың шаруалар тұрмысы тақырыбына жазылған картиналарынан, С.Ф. Щедриннің пейзаждарынан айқын көрінді. К.П. Брюллов шығарм. арқылы қанаты қатайған Реализм принциптері өмірдегі шынайы көріністерді терең филос. тұжырыммен ұштастыра білген А.И. Ивановтың, әсіресе, “кішкентай жандардың” өмірін жырлайтын П.А. Федотовтың шығармаларының арқауына айналды. Реализмнің алғашқы нышандарын ауыз әдебиеті мен көне жазбалардан да табуға болады.Оның айрықша белең алған кезеңі — қайта өркендеу дәуірі (15 — 17 ғ-лар). Реализм белгілері М.Сервантес, У.Шекспир шығармаларынан айқын көрінді, 18 ғ-да Англияда (Д.Дефо, С.Ричардсон), Францияда (Д.Дидро, Ж.Ж. Руссо, Германияда (И.В. Гете) реалистік романдар жарыққа шықты. 19 ғ-дың 30-жылдарында бой көрсеткен сыншыл Реализм бурж. қоғам өмірін жан-жақты қамтып көрсетуді мақсат етті. Батыста У.Теккерей, Р.Флобер, Дж.Элиот, Ресейде Л.Н. Толстой,М.Ф. ДостоевскийА.П. ЧеховРеализмнің дамуына зор үлес қосты. Реалистік әдіс орыс әдебиетінде Пушкин шығарм. арқылы биік дәрежеге көтерілді. Пушкиннің “Евгений Онегин”, “Капитан қызы” романдары, көптеген лирик. өлеңдері осы әдістің орыс әдебиетінде берік орын алуына мүмкіндік туғызды. Реализм әдісі одан әрі И.А. ГончаровИ.С. Тургеневшығармаларында кеңінен орын алған. Қазақ әдебиетінде Реализм әдісі Абай мен Махамбет Өтемісұлы поэзиясы негізінде жоғары сатыға көтерілді. Шернияз Жарылқасынұлы, Алмажан Азаматқызы, [[[Сүйінбай]], Жамбыл ақындармен қатар, Абайға жалғас шыққан қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш.Іұдайбердіұлы, С.Торайғыров, М.Дулатов, М.Сералин, С.Көбеев, т.б. қаламгерлер Реализм әдісін өркендетіп, дамыта түсті.[2]

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%B5%D0%B0%D0%BB%D0%B8%D0%B7%D0%BC

3-қосымша.

Салыстырмалы кесте.

Стиль атауы

Пайда болған уақыты

Ерекшеліктері

4-қосымша.

Суретшілер мен Марат туралы ақпарат.

Жак Луи Давид француз суретшісі және ағартушысы, суреттегі француз неоклассицизмінің негізгі өкілі. 1748 жылы 30 тамызда Луи-Морис Дэвидтің көтерме сатушысы және оның әйелі Мари-Женевьевтің отбасында дүниеге келген. Дэвид Қасиетті Лук академиясында сурет сабақтарын алған. 1766 жылы Дэвид Корольдік кескіндеме және мүсін Академиясына түседі, онда ол Вена шеберханасында оқыды. Италия мен ынта ежелгі бірнеше жыл бойы соңғы педагогикалық жүйесі, талап «шындықты» және «ұлылығын» кескіндеме жету үшін, Микеланджело, Рафаэль, Карраччи ағайынды жұмыстары, ежелгі өнер зерттеу бойынша құрылған. 1775-1780 жылдары Дэвид Римдегі француз академиясында оқып, онда ежелгі өнер мен Жаңару кезеңіндеге шеберлердің еңбектерін зерттеді.

Аударма. Толығырақ орыс тілінде төмендегі адресте

https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B0%D0%B2%D0%B8%D0%B4,_%D0%96%D0%B0%D0%BA-%D0%9B%D1%83%D0%B8

 Поль Жак Эме Бодрифранцуз суретшісі, Екінші империя уақытындағы ғылыми бағыттардың өкілдерінің бірі. Поль Бодри 1828 жылы 7 қарашада Ла-Рош-Сюр-Йон қаласында туған. 16 жасында қалалық стипендия көмегімен Ұлттық жоғары бейнелеу өнері мектебіне түседі. 1850 жылы Бодри картинасы үшін алғашқы Римдік премиясын алады.

 

Аударма. Толығырақ орыс тілінде төмендегі адресте

 https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%BE%D0%B4%D1%80%D0%B8,_%D0%9F%D0%BE%D0%BB%D1%8C

 

 

 Жан-Поль Марат – Француз революция дәуірінің саяси қайраткері, доктор, радикалды журналист, Якобинс басшыларының бірі. 1789 жылдың қыркүйек айынан бері шыққан газеттің құрметіне «Халықтың досы» лақап атымен белгілі.

 

Аударма. Толығырақ орыс тілінде төмендегі адресте

 https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%82,_%D0%96%D0%B0%D0%BD-%D0%9F%D0%BE%D0%BB%D1%8C

 

 

 

 

 5-қосымша

 Суреттерге арналған мәтіндер.

 

 Текст 1. «Пришло время постоянной гильотины. Имел место быть заговор, призванный убить наших лучших, наших самых верных представителей. Вчера был заколот самый стойкий из наших сторонников, самый ревностный защитник народа…

 Долгое время он получал угрозы от шайки парижских бандитов. Однако ни один из этих разбойников не посмел поднять на него руку – ведь все они твердо знали, что народ отомстит им за преступление и заставить искупить вину страданием. Будущие поколения будут трепетать, когда узнают, что преступление против представителя народа было совершено женщиной.

 Вчера эта отцеубийца пришла к Марату домой, сославшись на важное дело. Марат, неизменно уделявший внимание общественной безопасности, попросил ее вернуться вечером…

 Храбрые, не знающие страха якобинцы, удвойте свои усилия. Пусть не прекращает свою работу гильотина. Все, кто причинил нам столько зла, все, кто жаждет уничтожить республику и поставить над нами короля – да постигнет их кара».

 Из французских газет того периода.

 

Текст 2. Шарлотта Корде написала «Обращение к французам, друзьям законов и мира», в котором ее политическая позиция выражена самым непосредственным образом: «Доколе, о, несчастные французы, вы будете находить удовольствие в смутах и раздорах? Слишком долго мятежники и злодеи подменяют общественные интересы собственными честолюбивыми амбициями; почему же вы, жертвы их злобы, хотите уничтожить самих себя, дабы на руинах Франции была установлена желанная им тирания? <…>

Возмущенные департаменты движутся на Париж, огонь раздора и гражданской войны уже охватил половину этого огромного государства; однако есть еще средство потушить сей огонь, но применять его надо немедленно. И вот Марат, самый гнусный из всех злодеев, одно только имя которого вызывает перед глазами картину всяческих преступлений, пал от удара мстительного кинжала, сотрясая Гору и заставляя бледнеть Дантона, Робеспьера и их приспешников, восседающих на сем кровавом троне в окружении молний…».

«Я содрогаюсь от ужаса и негодования, — признавалась Шарлотта. — Будущее, подготовленное настоящими событиями, грозит ужасами, которые только можно себе представить. Совершенно очевидно, что самое большое несчастье уже случилось... Люди, обещавшие нам свободу, убили ее; они всего лишь палачи. Так оплачем же участь нашей бедной Франции!»

«Я плачу над Францией. Пока жив Марат, кто может быть уверен, что она будет жить?»

И завершила свое обращение Корде так: «О, моя родина! Твои несчастья разрывают мне сердце; я могу отдать тебе только свою жизнь! И я благодарна небу, что я могу свободно распорядиться ею; никто ничего не потеряет с моей смертью; но я не последую примеру Пари и не стану сама убивать себя. Я хочу, чтобы мой последний вздох принес пользу моим согражданам, чтобы моя голова, сложенная в Париже, послужила бы знаменем объединения всех друзей закона!».

 Шарлотта Корде «Обращение к французам, друзьям законов и мира»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.