Крест жорықтары христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  6 СЫНЫП, САБАҚ 11.2

 

IV бөлім: Крест жорықтары

Сабақ тақырыбы: Крест жорықтары христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін қалай өзгертті?

Оқу мақсаттары:

6.3.2.6 – картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарларын анықтау;

6.2.2.1 – тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау;

Тарихы концепт: өзгеріс пен сабақтастық

 

 Сабақтың өзара байланыс компоненттері:

1. Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушыларға дәптеріне келесі үш бағаннан тұратын: «Сабақ тақырыбы туралы не білемін?», «Мен не туралы білгім келеді?» және «Менің сұрақтарыма жауаптар» «Борт журналы» әдісінің кестесін жазуды ұсыныныз. Оқушыларға сабақ барысында осы кестені толтыру керек екенін және сабақтың соңында, рефлексия кезеңінде, өз жұмысының нәтижелерін сыныпқа ұсынуға болатындығын айтыңыз. Мұндай кестені толтыру оқушылардың назарын зерделеніп жатырған материалға аударуға, сабақ уақытын ұтымды пайдалануға көмектеседі.

2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушылардан электронды Орыс тарихи кітапханасынан алынғанын Константинопольды кресшілердің басып алу оқиғасын сипаттайтын үзіндісін оқып беріңіз.

 «1204 жылы, пасханың дүйсенбі күні төртінші крест жорығына қатысушылары Константинопольға баса-көктеп кірді. Ұлы Константиннің ізбасарларының мақтанышы, қасиетті капиталы алғаш рет жығылды. Бір кездері парсы ордасы мен жеңімпаз халифаттың соққысына төтеп бере алған қала шамамен 20 000 адамнан құралған топтқа бағынды. Кресшілердің қала қабырғасынан кіргеннен кейін, 400 000-ға жуық грек халқы дүрбелең қорқынышқа оранды, олардың аз бөлігі апатты түрде қорғануға сәтсіз әрекет жасауға ұмтылды. Керемет бекітілген сарайлар ешбір қарсылассыз жаудың қолына өтті: патшаның күзетшілерінің қалдықтарымен бірге Влахерн шіркеуі, жоғарғы және төменгі Үлкен сарайы, теңіз жағалауындағы Вуколеон сарайы. Бай тұрғындар өз үйлеріне қымталды; қарапайым адамдар, әйелдер мен балалар, рыцаряларьды көргенде, саусақтарын крест түрінде қиыстырып: «Ұзақ өмір сүріңіз, қасиетті патша-маркиз» (кресшілдердің көшбасшысын - Монферраттың Бонифациын солай атап) айғайлады. Қаруланған гректер көшелерді толтырып, бір-бірін ығыстырып, қаладан шығуға тырысты; олардың кейбіреулері Азияға қарай өтіп кетті. Қан төгіс ызаланған рыцарлар тарапынан күтілгендей соншалықты үлкен көлемде болған емес: 2000-ға жуық гректер өлтірілді. Оның үстіне, куәгерлердің айтуы бойынша, оларды өлтіргендер көбіне кресшілермен бірге келген қала қоршауға алынған кезде гректер оларды кварталдарынан шығарып тастаған латын саудагерлері болған. Рыцарьларды олар бұрын көрмеген табыс қызықтырды. Олардың бірі ғана, және кездейсоқ түрде өлтірілді. Зардап шеккен Константинопольде бұрын-соңды көрмеген тонаушылық басталды. Сол кезде құнды архитектура туындылар, әсіресе храмдар, әлі тұтас еді. 1453 жылы түріктерге қызығып тонайтын құнды заттар аз қалды. Түріктер аз тонады, бірақ көп адам өлтірді; кресшілдер, христиандар болғасын, керісінше әрекет жасады. Латындардың тарапынан жасалған тонаушылықтан кейін Константинополь ешқашан қалпына келе алмады. Жүдеубас патшалық IV-V ғасырдан бері мыңжылдықтықта жиналған теңдесі жоқ байлығын қалпына келтіре алмады. Классикалық өнер ескерткіштері және апостольдықтардың кезінен жеткен қасиеттілер жойылып немесе Еуропаның түрлі жерлеріне таралып кетті. Қарақшылықтың алдында ірі өрт өз ықпалын тигізді. Константинопольдің бүкіл аумағының үштен бір бөлігі күйреп жатты. Қоршаудың соңғы күндерінде үш ірі орталық елді мекендерді өрт жойды. Өртті сөндіретің ешкім болмады, себебі бұл кресшілердің өртеуі болды».

 (декер көзі: http://rushist.com).

Оқушылардан осы оқиға туралы не ойлайтындарын сұраңыз: Құжатты оқып шыққаннаң сон сендерде қандай ойлар мен сезімдер пайда болды?

Оқушылардың жауаптарын қорытындылай келе, сабақта крест жорықтарының салдарын зерттейтіндерін айтыныз.

Сабақ тақырыбын хабарлаңыз, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилерімен танастырыныз. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады. Мұғалімнің алдын ала дайындаған слайдты пайдалана отырып, оқушылар сабақтың мақсатына жету үшін зерттеу жұмысының бағыттарын анықтайды.

Зерттеу жұмысының бағыттары келесілерді қамтиды:

  • Крест жорықтарының салдарын анықтау және түрлі критерийлер бойынша оларды іріктеу.
  • Крест жорықтарының аяғында және олар аяқталғаннан кейін кресшілердің және мұсылман әлемінің өзара әрекеттесу дәрежесін салыстыру.
  • Өз ұстанымын анықтау және дәлелдеу.
  • Сабақтын тақырыбы бойынша қорытынды жасау.

3. Карточкалармен жұмыс жасау. Оқушыларға крест жорықтарының салдары жазылған карточкаларды таратыныз. Әрбір топқа салдарды берілген критерийлер бойынша жіктеуді тапсырыңыз:

 1-топ - карточкаларды крест жорықтардың әкелген өзгерістердің маңыздылық дәрежесі бойынша орналастырыңыз;

 2-топ - карточкаларды крест жорықтарының саяси, экономикалық, мәдени (соның ішінде діни), әлеуметтік салдары бойынша топтастырыңыз;

  3-топ - карточкаларды крест жорықтарының жағымды және жағымсыз салдары бойынша топтастырыңыз.

Топтардың жұмысы барысында мұғалім оқушылардың жұмысын бақылап, қажетті қолдау көрсетуі қажет.

Тапсырманың дескрипторлары. Оқушы:

  • Крест жорықтарының маңызды және қосалқы салдарын анықтайды.
  • Крест жорықтарының саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени (дәни) салдарын анықтайды.
  • Крест жорықтарының жағымды және жағымсыз салдарын анықтайды.

Карточкалардың мазмұны:

  •  Католиктік шіркеу шығыс елдеріне өз билігін кеңейту мақсатына қол жеткізе алмады.
  •  Крест жорықтары өз мақсаттарына - Шығыс елдерін жаулап алу - қол жеткізе алмады
  •  Католиктік шіркеуі мен мұсылмандар арасындағы екі ғасырлық қақтығыстар екі жаққа да көптеген азап пен адам өліміне алып келді.
  •  Көптеген қалалар мен елді мекендер қырылып, жойылды.
  •  Еуропада гигиена ережелерін сақтай бастады: іш киімдерді және сыртқы киім-кешектерді, төсек-орындарды жиі ауыстыру, қолдарың тамақтану алдында жуу, ыстық ванналарды пайдалану.
  •  Мақта және мақта өндеу, гүл өсіру, тұрғын үйді көркейту (диван, матрастарды пайдалану) таралды.
  •  Жаңа ойындар түрлері танымал болды: дойбы, шахмат, домино және т. б., жаңа сөздерді, қару түрлері (арбалет, пеннон – жеңіл найза, қылыш), әскери музыкалық аспаптар таралды.
  •  Құрылыс саласында, сәулет өнерінде төнкеріс орындалды.
  •  Еуропалықтар шығыс халықтарынан жібек маталарын, шыны айналар жасауды, металл өңдеуді үйренді.
  •  Шаруалардың жеке тәуелділіктен босатылуы басталды.
  •   Халықтар арасындағы өзара қарым-қатынас, біліммен және өндіріс технологиялармен алмасу күшейтілді, кейбір жаңа қолөнер және өнер түрлері (болат, қағаз маталар, кілем дайындау) Еуропаға арабтар мен гректерден қабылданды.
  •  Еуропалықтардың жаңа елдерімен танысуы Шығыс елдерінің географиясы, тарихы, ғылыми жетістіктері (араб цифрлары, нөл саны, бірнешемәнді сандар жасау, Авиценаның медициналық жұмыстары және грек ғалымдарының еңбектері) ғылымның дамуына әкелді.
  •  Қалалардың баюы оларды сеньорларынан тәуелділігінен босатылуға ұмтылды және корольдің одақтасына айналды, оның, әсіресе Францияда, елді біріктіру үдерісін қолдады.
  •  Көптеген мәдениет пен өнер туындылары, құнды кітаптар мен құжаттар жойылды.
  •  Жерорта теңізінде сауда қарқыны дамыды.
  •   Еуропада шығыс өсімдіктер: далалық, бақ және бақшалық дақылдарды өсіре бастады: күріш, қарақұмық, лимон, өрік, қарбыз, қауын.
  •   Шығыстан Еуропаға жел диірмендері әкелінді.
  •   Крест жорықтарының нәтижесінде Византия әлсіреді, Шығыста түріклер-османдардың позициясы нығайып, кейінірек олар ромейлерді жаулап алды.
  •   Католиктік шіркеудің материалдық күші нығайды.
  •   Шіркеудің рухани беделі әлсіреп, еретикалық ілімдер тарады.
  •  Крест жорықтар әлемдік өркениеттің дамуына кедергі келтірді.

4. Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға жеке жұмыс істеуді тапсырыңыз: оқулық мәтінін пайдаланып, крест жорықтарының салдарын кестеге белгілеу:

Крест жорықтарының Батыс Еуропа елдеріне әсері

Крест жорықтарының Шығыс

халықтарына әсері

Осы жұмысқа бөлінген уақытты аяқтағаннан кейін, «Позицияңды таңда» атты жаттығуын откізіңіз: сыныптың әртүрлі бұрыштарында «Еуропа көбірек өзгерді», «Мұсылман әлемі көбірек өзгерді» деп жазылған пострелерді ілініз және оқушыларға осы екі позициялардың біреуін таңдаулары сұраңыз. Оқушылар өз позициясын таңдайжы және көзқарасын дәлелдейді, талқылау барысында кейбір оқушылар өз ұстанымын өзгерте алады.

 Дескриптор:

  • Оқушы өзі тандаған позициясының шылайлығын дәлелдейді.

5. Рефлексия үшін оқушылардан сабақтың басында жасалып, сабақ барысында толтырылған Борт журналдарына оралуын ұсыныңыз. Кейбір оқушыларға өздерінің журналдарында жасалған ең қызықты және маңызды үзінділерін оқып беруін сұраңыз. Оқушылардың пікірлерін қорытындылаңыз, қызықты сұрақтарды немесе кейбір оқушылардың жақсы жұмысын атап өтіңіз.

6. Үй тапсырмасы ретінде, оқушыларға тақырып бойынша көркем әдебиеттерді оқуға болады, мысалы:

 - Теа Бекман «Крестовые походы в джинсах»

 - Дэвид Бейкер «Көз жастың жолы».

Саралап оқыту мүмкіндіктері.

 Барлық оқушыларға арналған тапсырма:

 Екінші крест жорығы туралы шежіреші келесіні жазған:

 «Сеньорларға тәуелді шаруалар мен басыбайлы шарулар, өздерінің соқаларын тастап, өз міндеттемелерін ұмытып... осы қиындыққа толы жолға түсіп, ақылсыздықты танытты».

- Неліктен шаруалар алғашқы крест жорықтарына белсенді қатысты?

- Шежіреші олардын жорыққа қатысу туралы қалай көзқарасты білдіреді?

- Неліктен олардың жорықтарға қатысуын «ақылсыздық» деп санады?

Оқу қабілеттері жөғары оқушыларға арналған тапсырма:

Кестенің ұяшықтарында жазылған тұжырымаларды «себептертерден -салдарға» деген тәртіп бойынша және кері жолмен жүріп, байланыстырыңыз. Мысалы, ең соғында ораналасын фактіден бастаңыз, содан кейін кері қарай – Бұл фактінің себебі неде? - деген сұраққа жауабын белгілеңіз, сосын келесі факті табыңыз: Бұған байланысты қандай оқиға пайда болды? Осылай барлық себеп-салдарды байланыстыру керек, олардың өзара байланысын айқындап.

1. VII -IX ғасырларда Батыста Рим Папасының діни билігі үстем болды

2. VII - IX ғасырларда арабтардың жалаушылық жорықтары ислам дінің әлемдік дінге айналдырды

3. Католиктің шіркеуі латын тілінен басқа кез-келген басқа тілде құдайға құлшылық етуге жол бермеді

4. 867 жылы Рим Папасы мен Константинополь патриархы арасындағы қарым-қатынасы үзілді.

5. Христиандардың ортақ мақсаттарыңың болмауы олардың мұсылман әлеміне қарсы бірігуін қиындатты

6. Аңыз бойынша Иса пайғамбар VII ғасырдан бастап мұсылмандардың қолында болған Иерусалим қаласында жерленген.

7. Еуропадағы вассалдық жүйе феодалддардың арасында жердің жетіспеуіне себеп болды

8. Феодалдық қысымның күшеюі, құрғақшылық пен аштықтың нәтижесінде шаруалардың өздерінің өмір сүру жағдайына қатты наразылы болды.

9. Еуропада көптеген жерсіз және жер иелігі аз ұсақ феодалдар - рыцарьлар көп болды

10. 1095 жылы Клермон қаласында Рим Папасы II Урбан халықты түрік-селжұқтықтармен күресуге және Иерусалимді мұсылмандардан құтқаруға шақырды

11. Ірі феодалдардар Шығыста жаңа жер үлестерді жаулап алуды көздеді.

12. Сауаттылықтың таралуы еретиктердің (дінбұзарлардың) пайда болуына әкелді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу