Крест жорықтары христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
6 СЫНЫП, САБАҚ 11.1
IV бөлім: Крест жорықтары
Сабақ тақырыбы: Крест жорықтары христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін қалай өзгертті?
Оқу мақсаттары:
6.3.2.6 – картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарларын анықтау;
6.2.2.1 – тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау;
Тарихы концепт: өзгеріс пен сабақтастық
Сабақтың өзара байланыс компоненттері:
1. Сабақтың басында ұйымдастыру және алдынғы алған білімді өзектендіру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Коллаборативті ортаны құруға және бұрын зерттелген материалды қайталауға бағытталған «Көрінеді … сияқты, естіледі ... сияқты» атты жаттығуды ұйымдастырыңыз. Оқушыларға айтыңыз: Менің тақтамда Т-кетесі бар. Оның бағандарының бірінде «Көрінеді … сияқты.» деп жазылған, ал екіншісінде - «естіледі ... сияқты», - деп жазылған. Осы оқу жылда танысқан кез-келген тарихи терминді еске түсірейік. Мысалы: «Хижра». Біздің кестенің бірінші бағанында қандай сөздер жазылу мүмкін? (ақ киім, су айналымы, толқындардың үстіндегі ақ көбік, қаптай, бірлік ... және т.б.). Т-кестенің екінші бағанында қандай сөздер жазылуы мүмкін? (Бұл ерекше сөз! Бұл араб сөзі! Бұл әдемі естіледі! Тастардың бір-бірімен түйісіп, сыртырлағаны сияқты болып естіледі. Бұл сөзді ешқайсы басқа сөзбен шатыстыру мүмкін емес және т.б.).
Мүмкіндігінше, оқушылар ұсынған 2-3 сөзбен немесе тақырып бойынша жаңа сөздермен, оқушыларға бейтаныс сөзбен жұмыс жасауға болады. Мысалы, «перфекционизм» деген сөзді алуға болады.
Бұл жұмыс арқылы оқушылар жұмысқа кірісіп кетеді, қысқа уақытта барлық оқушылар оқу үдерісіне қатысып үлгереді. Сонымен қатар, оқушылар өткен термин сөздерін еске түсіріп, бекітеді.
2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға Венн Диаграммасын жұппен толтырып, екі дінді: христиан және ислам діндерін салыстыруды ұсыныңыз. Салыстыру үшін, тақтаға сұрақтарды жазыңыз: Пайда болған уақыты, құдайдың елшісінің есімі, негізін қалаушысы, пайғамбарлар (жердегі Құдайдың хабаршылары), киелі кітап, негізгі догматтар (сенушілер ұстанатын міндетті талаптар), моральдық құндылықтар (қандай қасиеттер жақсы деп саналады), қасиетті қала, қажылық орны, дінді тарату жолдары.
Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушыларға осы екі діннің ең маңыздысы неде екенін сұраңыз (моральдық құндылықтары ұқсас: өлтірме, ұрлама, алдама, ата-анаңды құрметте және т.б.). Неліктен екі дін ең маңызды мәселе бойынша - моральдық құндылықтары сәйкес келеді деп ойлайсыңдар? (Өйткені барлық діндер: ежелгі де, кейінгі уақытта пайда болғандар да - барлық халықтардың бейбіт өмір сүруіне және бақытты болуға мәнгілік ұмтылыстарын білдіреді).
Оқушылардың жауаптарын қорытындылай келе, сабақта мұсылмандарға қарсы жасалған крест жорықтары аяқталғаннан кейін болған оқиғаларды, яғни жорықтардың салдарын зерттелетінін айтыңыз.
Сабақ тақырыбын хабарлаңыз, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилермен танастырыңыз. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады. Мұғалімнің алдын ала дайындаған слайдты пайдалана отырып, оқушылар сабақтың мақсатына жету үшін зерттеу бағыттарын анықтайды.
Сабақта ұйымдастырылатын зерттеу жұмыс келесі кезеңдерді қамтиды:
- Крест жорықтарының салдарын анықтау және реттеу.
- Бейнероликтің мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар құрастыру.
- Ақпаратты талдау негізінде қорытынды жасау.- Сабақ тақырыбының сұрағы бойынша қорытынды жасау.
3. Бейне материалмен жұмыс. Оқушыларға крест жорықтарының нәтижелері мен салдары туралы бейнеролик көрсетіңіз. Бейнематериалды көргеннен кейін оқушылар жұптық жұмыс жасау арқылы 3 «қалың» (ашық типті) және «жұқа» (жабық типті) сұрақтар қырастыруды ұсыныңыз.
Содан кейін барлық жұптар алдымен «жұқа» сұрақтарды оқып береді (қарапайым, бір мәнді жауапты талап ететін). Оқушылар осы сұрақтарға жауап береді. Содан кейін барлық жұптар оқушыларға өздерінің «қалың» сұрақтарын қояды. Өзбетінше ойлау қабілетін талап ететін «қалын» сұрақтарға барлық оқушылар жауап бере алмайды, сондықтан олар қосымша ресурстармен жұмыс жасау арқылы сұрақтарға жауап ала алатындарын түсіндіріңіз.
Тапсырманың дескрипторлары. Оқушы:
- Бейнероликтің мазмұны бойынша 3 «жіңішке» сұрақ құрастырады;
- Бейнероликтің мазмұны бойынша 3 «жуан» сұрақ құрастрады;
- ашық және жабық типтегі сұрақтарға жауап беріп, бейнефильмнің мазмұнын айқындайды.
4. Топтық жұмыс. Оқушыларды 4 топқа бөліңіз, крест жорықтарының салдары туралы мәтін таратыңыз. Топтарға келесі тапсырма ұсыныңыз:
1-ші топ - крест жорықтардың экономикалық салдарын анықтау,
2-ші топ - крест жорықтардың саясы салдарын анықтау,
3-ші топ - крест жорықтардың әлуметтік салдарын анықтау,
4-ші топ - крест жорықтардың діни салдарын анықтау.
Тапсырманың дескрипторлары. Оқушы:
- Крест жорықтарының экономикалық салдарын анықтайды,
- Крест жорықтарының саясы салдарын анықтайды,
- Крест жорықтарының әлуметтік салдарын анықтайды,
- Крест жорықтарының діни салдарын анықтайды.
Жұмысты аяқтағаннан кейін бүкіл сыныппен келесі сұрақтарды талқыланыз: Қандай салдардың топтамасы көбірек болып шықты? Неге бұлай болды деп ойлайсыңдар?
5. Жұптық жұмыс. Оқушылаға оқулықтың мәтінін және жоғарыда айтылған таратпа материалдарды пайдаланып, крест жорықтарының оңды және жағымсыз салдарына үріктеуді ұсыныңыз.
Тапсырманың дескрипторлары. Оқушы
- Крест жорықтарының оңды салдарын анықтайды.
- Крест жорықтарының жағымсыз салдарын анықтайды.
Жасалған жұмыстарды қорытындылай келе, крест жорықтарының басты салдары – ол адам, материалдық және мәдени шығындарға әкеліп соқтырғаны, екі дін өкілдерінің арасында ұзақ жылдарға созылған дұшпандық қарым-қатынастың орнығуы. Бұған қоса, крест жорықтарының барлық жағымды салдарына сауда және мәдени қатынастарды орнату жолымен, қантөгіс соғыстарсыз қол жеткізуге болар еді. Оқушылардың санасында халықтар мен елдер арасындағы дауларды соғыс және зорлық-зомбылық жолмен шешуге қабылдамаушылық қалыптастыру қажет.
6. «Аяқталмаған сөйлемдер» стратегиясын қолданып, сабақтың рефлексиясын жүргізіңіз. Оқушылардан төменде берілген сөйлемдердің біреуін жалғастыруды сұраңыз:
- ... туралы өз көзқарасымды өзгерттім.
- Мен ... туралы көбірек білдім .
- ... мені таңқалдырды.
- Мен .... сезіндім.
- Мен ... сәйкестендірдім
- Мен ... сенімдімін.
- Мен ... дәлелдей аламын.
7. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға тақырып бойынша қосымша әдебиеттерді оқуды ұсынуға болады, мысалы:
- Е.Н.Гаршин «Балалар- кресшілдер»
- Ежи Анджеевский «Жұмақтың қақпасы» және т.б.
Сабақ тақырыбына қатысты қосымша теориялық материалдар.Мәтін «Крест жорықтарының салдары»
Қасиетті Құдайдың табытын құтқару мақсатында ұйымдастырылған «қасиетті» крест жорыөтары жеңіліске ұшырады. Бұл әлемдегі католик шіркеуінің беделін түсірді. 1096 жылдан 1271 жылға дейін (Агра - кресшілдердің Шығыстағы соңғы бекінісі құлаған жыл) созылған крест жорықтарында католик шіркеуі тек қана кейбір алдына қойған мақсаттарына қол жеткізді. Бұл жорықтардың келесі салдары:
- католик шіркеуі Азия елдеріндегі өз ықпалын біршама кеңейтті,
- католик шіркеуі еуропалық ақсүйектердің жер үлестерін қайта бөліп бекітті, сол себепті экономикалық дамуда тұрақтылық орнатылды,
- католик шіркеуі рыцарьлардың рухани ордерін жасақтады, солар арқылы еретиктерге (діннен безгендерді) қарсы күресті күшейтуге мүмкіндік алды.
Крест жорықтарының бұл тікелей салдарымен қатар жанама салдарлары көп болды. Батыс елдері шығыс елдерінінен көптеген технология, сауда, күнделікті өмір салты және рухани мәдениеті салаларында көптеген жаңалықтарды үйреніп, қабылдады.
Еуропада ғылымға деген қызығушылық дамыды, Шығыс пен Батыстың сауда қатынастары кеңейді, мәдениеттердің өзара байланысы нығайды.
Крест жорықтары техниканың жетілдірілуіне әкелді: кресшілер XII ғасырда Сирияда бірінші рет көрген жел диірменін, Антиохия қолөнершілерінің су дөңгелегінің жетілдірген нұсқасын Еуропаға алып келді.
Сирия қалаларының атауларымен аталатын маталарды өндіру басталды: муслин (Мосул), дамаст (Дамаск), араб тілінде «әдемі» дегенді білдіретін атлас, т.б.
XII ғасырдың аяғында Еуропа шығыс елдерінде бұрыннан пайдаланылған почта көгершіндерін (бастапқыда әскери мақсатта қолданылған) қолдануға кірісті.
Күнделікті өмірде үлкен өзгерістер болды: сақал қойю, ыстық ванналарды пайдалану, қола айналардын орнына шыныайналарды қолдану, ішкі және сыртқы киімнді жиі алмастыру. Бұған дейін еуропалықтар суық сумен ғана жуынған, киімдерін әбден тозғанша тастамаған.
Еуропалық рыцарлар шығыс әскерлерінен қару түрлерін қолдана бастаған, оларды қоладан, алтыннан, піл сүйегінен жасалған әшекелейлермен безендіре бастаған. Рыцарлардың туларында және қалқандарында бейнеленген елтаңбалар арабтардан алынды. Осылайша, Византия арқылы Еуропаға көшірілген екі басты бүркіттің символы ертерек араб және салжұқтардың символы болған.
Крест жорықтары аяқталғаннан кейін шығыс архитектурасының стилінің кейбір элементтері Еуропаға көшірілді. Мысалы, XII-XII ғғ. Еуропадағы тамплиерлердің күмбезді храмы Халиф Омардын күмбезді мешітінің үлгісімен салынған. Франциядағы көптеген шіркеулер Иерусалимдегі Қасиетті табыт шіркеуінің үлгісіне негізделген.
Кресшілер Еуропаға музыкалық аспаптардың жаңа түрлерін әкелді және шығыс елдердің әскерінде қолданылатын шайқас кезінде әскери музыканы орындау дәстүрді қабылдады. Музыка командир орналасатын жерде ойнатылған, сол арқылы барлық шайқасқа қатысушылар осы туралы хабардар болды.
Еуропада бұрын белгісіз болған ауыл шаруашылық далалық, бақшалық және бақша дақылдары пайда болды: күріш, қарақұмық, қарбыз, лимон, өрік, дамаск раушаны, т.б.).
Еуропада ұзақ уақыт бойы жалғыз тәтті өнім бал болды. Тек ХІІ ғасырда ғана 1098 жылы Антиохиядағы аштық кезінде франк жауынгерлері бірінші рет құрақ қанты ауыз тиіп көргеннен кейін ол еуропалықтардың күнделікті тағам түріне айналды. «Кант» сөзінің өзі араб тілінен шыққан.
Еуропада қолөнер мен өндірістің жаңа түрлері (зығыр, мата, спирт, алтын зергерлік бұйымдар, иіссу және т.б.) пайла болды.
Әскери жорықтардың арқасында рыцарьлық әдебиеті жанданып, жауынгерлердің қаһармандығы мен батылдығы суреттейтін өлеңдер мен романдар таралды.
Крест жорықтарының нәтижесінде феодалдардың шаруаларға деген көзқарасы өзгерді: басыбайлыдық құқығы жойылды, натуралды оброк ақшалай түріне ауыстырылды.
Бірақ бұл оң өзгерістердің барлығы қанды соғыстар болмаған жағдайда да болулары мүмкін еді. Крест жорықтары зор материалдық құндылықтардың жойылуына, мыңдаған бейбіт адамдар мен рыцарьлардың қазасына әкеліп соқтырды, көптеген сәулет өнерінің туындылары толығымен жоғалтылды. Константинопольді басып алу мен оны тонау нәтижесінде Рим империясының шығыс бөлігі - Византия империясы - айтарлықтай әлсіреп кетті.
Крест жорықтарының ең қайғылы және ұзақмерзімді салдарына мыналарды жатқызуға болады: Батыс пен Шығыстың арасындағы қастық пен қарсыластықтың қалыптасуы, джихадтың жандануы, христиан шіркеудің бөлінуінің күшеюі, христиан әлемі мен мұсылмандар арасындағы өзара сенімсіздік стереотиптің қалыптасуы.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру