Феодалдық экономика ерекшеліктері неде? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
Феодалдық экономика ерекшеліктері неде?
Оқу мақсаты:
6.4.2.1 – экономикалық қатынастардың формаларын түсіндіру арқылы феодалдық шаруашылықтың ерекшеліктерін сипаттау;
Сабақ мақсаттары:
- феодализм мен оның белгілерін білу;
- қолөнердің саудадан бөлініп шығу себептерін және ортағасырлық қалалардың пайда болу себептерін анықтау;
- орта ғасырдағы еңбекті цехтық ұйымдастыру түрін сипаттау.
Бағалау критерийлері:
Феодализмге сипаттама береді.
Еуропада ортағасырлық қалалардың пайда болу үрдісін сипаттап, картамен жұмсы жасай алады.
Орта ғасырлардағы еңбекті цехтық ұйымдастырудың мәнін түсіндіреді.
феодализм
Ерте орта ғасыр кезеңінде қоғамда жерге феодалдық меншікке және шарушылықтың натуралды сипатына негізделген жаңа қатынастар түрі.
Феодалдық қоғамның басты белгілері
Феодализм- «феод» сөзінен-иелену деген мағынаны береді.
Феодализм
1.Жер ақсүйектерге
тиесілі.
2.Шаруалар жер телімі мен еңбек құралдары және малды иеленеді.
3.Жер теліміне олар егін мен қамтамассыз етілген және қожайынына қызмет еткен.
Феодалдық иелік (поместье)–бағынышты шаруалардың жұмыс жасайтын шаруашылық орны
Шаруалардың міндеткерліктері
Барщина
шаруа феодалдың пайдасына атқаратын міндетті жұмыстар. Мысалы, көпір, жолдарды салу, жөңдеу, шөп шабу, егін орау,диірменді тазалау тб.
Оброк
шаруаның феодалға өтейтін міндеткерліктің түрі. Ол натуралды немесе ақшалай алынатын салық.
Натуралды шаруашылық
адамдар өнімді айырбасқа, нарыққа шығаруға ұмтылмай,
тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз.
Феодалдық бытыраңқылық
Мемлекеттер біртұтас болған жоқ, ол көптеген шағын корольдіктіктерден, княздіктерден тұрды.
Ірі феодалдар корольге – басты феодалға бағынғысы келмеді, өздері билік жүргізгісі келді.
Қоғамның сословиеге бөлінуі
Негізгі ұғымдар
Экономика - бұл адам өміріне қажет материалдық игіліктерді өндіру және бөлісу жүйесі. Тарихтың әр кезеңінде оның өзіндік ерекшеліктері болды.
Феод – әскери, әкімшілік қызмет үшін үлестіріп берілетін жердің түрі.
Барщина – шаруа феодалдың пайдасына атқаратын міндетті жұмыстар. Мысалы, көпір, жолдарды салу, жөңдеу, шөп шабу, егін орау,диірменді тазалау тб.
Оброк – шаруаның феодалға өтейтін міндеткерліктің түрі. Ол натуралды немесе ақшалай алынатын салық.
Феодалдық міндеткерліктер – помещиктің жерін пайдаланғаны үшін шаруаның өтейтін міндеткерліктері.
Жұптық жұмыс
«Шаруа Видрадта толық жер телімі бар. Ол жерді пайдаланғаны үшін феодалға бір шошқа, үш тауық, 18 жұмыртқа төлейді; нан пісіріп, сыра қайнатады. Жыл бойы ол феодалдың жер телімін өңдейді, оған астық егеді, жинайды. Оның әйелі зығыр киім тігуі керек керек».
Дескрипторлар:
Оқушы феодалдық міндеткерліктерді дұрыс жіктейді.
Жалпы сыныптық талқылау өткізуңіз. Өзара бағалау түрін қолданыңыз.
Ақпаратпен жұмыс
Оқушылар ақпаратпен жұмыс жасайды. Феодализмнің белгілері туралы оқулықтан немесе алдын-ала дайындалған мәтінмен танысып, феодалдық белгілерді анықтайды.
Дескриптор:
-оқушылар феодализмнің бес белгісін дұрыс анықтайды.
Кесте толтыру
Оқушылар шаруашылық түрлерін жіктеуге тапсырма беріледі. (ауыл шаруашылығы мен қолөнер) (Қосымша 4)
Дескрипторлар: Оқушылар ұсынылған шаруашылық жетістіктерін дұрыс жіктейді.
сұрақтар
Ауыл шаруашылығы мен қолөнердегі жетістіктер қалай өзара байланысты болды?
Неліктен қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөліну мүмкіндігі пайда болды?
Жұптық жұмыс
«Еуропа (ХІ-XIV ғғ) қалаларының өсуіндегі, қолөнер мен сауданың дамуы» атты картадан «бург» (нем.) - қамал «хафен» (нем.) - айлақ, «честер» (лат.) - лагерь, «фурт» (нем.) – аяқ өткел, «бридж» (ағылш.) - көпір қалалардың атауы аяқталатын қаланы табыңдар.
Дескрипторлар:
-оқушылар қалалардың пайда болуының кем дегенде 2 себебін дұрыс анықтайды.
-оқушылар картадан кем дегенде 3 қаланы дұрыс табады.
«Қолөнер цехы» сызбасын құрастырыңыз
.
Дескрипторлар:
- қолөнершілердің цехтарға бірігуінің кем дегенде 2 себебін белгілейді;
-қолөнер цехының құрылымын анықтайды;
- Жарғының құрастырылуының кем дегенде 2 мақсатын анықтайды.
рефлексия
«Сэндвич» әдісін қолданып, сабақ қорытындысын жасаңыз.
Үй жұмысы:
«Ортағасырлық шаруа өміріндегі бір күн» тақырыбында эссе жазыңыз (50-70 сөз).
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.