Түрік қағаны Истемиге 568 жылы Византия неліктен елші жіберді? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
6 СЫНЫП, 3.2 САБАҒЫ
I бөлім: Рим империясының құлауы.
Сабақтың тақырыбы: Неліктен Византия 568 жылы түрік қағаны Истемиге елші жіберді?
Оқыту мақсаттары: 6.3.2.4 – Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып, сипаттау
Тарихи концепт: ұқсастық пен айырмашылық
Сабақ компоненттерінің өзара байланысы:
- Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардың сабаққа психологиялық тұрғыда дайын болуына көз жеткізу маңызды. Ол үшін «Құпия қолбасшы» атты жаттығуды ұйымдастыруға болады. Барлық оқушылар шеңберге тұрады. Оқушылардың бірі (жүргізуші) шеңберден шығып, көзін жұмады. Топ бір қолбасшыны таңдайды, ол қандай да бір қимылдар жасайды (отырып-тұру, қол соғу, қолын көтеру, т.б.), топтағылар осы қимылдарды қайталау керек. Жүргізушінің міндеті – қолбасшылық жасаған кім екендігін анықтау (қимылға бастама жасаған кім). Қолбасшыны ауыстырып отыруға болады, бірақ жүргізуші оны көрмейтіндей болсын. Мақсаты: оқушылар арасында ынтымақтастықты қалыптастыру, байқағыштық, шапшаңдық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасау, ұжымды жинақтауға мүмкіндік жасау.
- Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға Түрік қағанатының гүлденген кезеңдегі картасы көрсетіледі. Оқушылардан картаны мұқият қарап, келесі сұрақтарға жауап беруді сұраңыз: «Қандай мемлекеттің аймағы көрсетілген?», «Бұл мемлекет жайлы не білесіңдер?» Осы сұрақтар негізінде оқушылар Қазақстан тарихы пәнінде өткен тақырыптарды еске түсіруге мүмкіндік болады. Жауаптарын талқылау барысында, мұғалім сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, сабақтың негізгі тарихи концептісімен және бағалау критерийлерімен таныстырады. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады. Сабақ мақсаттарына жету үшін алдын ала дайындаған слайдты пайдаланып, оқушылар сабақта орындалатын зерттеу жұмысының кезеңдерін анықтайды. Зерттеу кезеңдері мынадай болуы мүмкін:
1. Византия дипломатиясының ерекшеліктерін қарастыру;
2. Византия мен көршілес мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін зерттеу;
3. Тақырып бойынша қорытынды жасау.
- Сабақ барысында Византияның көрші елдермен қарым-қатынастардың ерекшеліктерін анықтауға бағыттылған зерттеу жұмысы жүргізіледі. Аталмыш тақырыпты меңгеру маңызды, себебі оқушылар тақырып аясында әр түрлі тарихи кезеңдерде біздің еліміздің әлем тарихында алатын орнын түсіне алады. Оқушылардың бар білімін жандандыру мақсатында жұптық жұмыс түрін ұсыныңыз. Оқушылар Қазақстан тарихының түркі кезеңін сипаттайтын мәтінімен танысып, басты ұғымдарды маркерлермен белгілейді. Мәтін үлгісі: «...Түркі қағанатының күшейген кезеңінде солтүстік-шығыс Қытай (Маньчжурия), Монғолия, Алтай, Шығыс Түркістан, Батыс Түркістан, Орта Азия, Қазақстан және Солтүстік Кавказ территорияларына иелік еткен. Қытай жылнамалары түркілерді ғұндардың ұрпағы деп санаған. Түркі қағанаттың саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекеттің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужандарға қарсы шығып, тәуелсіздік мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужандар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпаның Ашина руы жужандарға қарсы қүресті басқарады. 551 ж. ашина руының батыры Бумын, Қытаймен бірігіп, жужан мемлекетін талқандайды. "Түрік" атауының тұңғыш рет аталуы қытай шежірелерінде кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюнну-ғұндар деп атаған. Ерте түркі мемлекеті - Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, бұларға солтүстік Қытай алым-салық төлеп тұрады. 563-567 жж. эфталит патшалығын басып алады. Олар Иранға қарсы өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізу үшін Византиямен одақтасты, Өзара қырқыстар, әлеуметтік қарама-қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, оның 603 жылы Шығыс және Батыс түркі қағанаттарына бөлінуіне әкелді».
Дескрипторлар:
- оқушылар кем дегенде түркі кезеңіне жататын 10 ұғымды белгілейді;
- оқушылар ортақ нәтижеге жету үшін, ынтымақтастықта жұмыс жасайд.;
Бұл жұмыстың қорытындысын шығару үшін, оқушылардан сұраңыз:
- Түркі қағанаты Алтайдан Дунайға дейін, Ертіс өңірінен Орталық Азияға дейінгі кең аумақтарды иеленді. Бұл кезеңде түрік билігінің үстемдігінің негізгі себебі неде болды деп ойлайсыз?
Оқушылардың мүмкін болатын жауаптары:
Сол кезде Түрік қағанаты сасанидтік Иран мен Византия сияқты ірі державалармен халықаралық саясатқа қатыса алатын өте күшті әскери мемлекет болды. Оның билік етуінің басты себебі - ірі және тез атты әскерлерден тұратын күшті армиясы болды.
- Келесі тапсырма ретінде оқушыларға ақпараттық ресурстарды беріңіз. Оқушылар Византия мен Түрік қағанатының достық қарым-қатынас орнатуда жүргізген саяси және экономикалық бағыттарын анықтауы қажет. Мәтінмен танысып, оқушылар Венн диаграммасын толтырады. Қарастырылатын сұрақтар:
- Елшілік уақыты
- Елшілікті басқарған тұлға
- Қарастырылған мәселе
- Византия мен Түрік қағанатының көздеген мақсаттары (мүдделері)
- Елшілік нәтижесі
- Қызықты фактілер
Дескрипторлар:
- оқушылар екі мемлекет арасындағы кем дегенде 6 ұқсастықтарды табады;
- оқушылар екі мемлекет арасындағы кем дегенде 6 айырмашылықтарды табады;
- Топтардың жұмысын аяқтағаннан кейін алынған ақпаратты өз бетінше түсіну және қорытындылау үшін оқушыларға жеке жұмысын ұсынуға болады: Орта ғасырдағы елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың заманауи дипломатиямен салыстырғанда қандай ерекшеліктері бар?
Дескрипторлар:
- Византия дипломатиясының түріктермен қарым-қатынас мысалында ерекшеліктерін түсіндіреді,
- ортағасырлық және қазіргі заманғы дипломатия арасындағы кемінде 3 ұқсастық пен айырмашылықты анықтайды.
- Түрік қағанаты мен Византияның ортақ мүдделерін анықтайды.
Оқушылардың мүмкін жауаптары:
Византия ірі және ықпалды держава бола отырып, көрші мемлекеттермен бейбіт қарым-қатынастар орнатуға тырысты. Император халықаралық мәселелерді бейбіт жолмен шешу үшін Түрік қағанға елші жіберді. Византия мен түріктер Иранға қарсы одақ құрып, Ұлы Жібек жолын бақылауда ортақ мүдделерін қорғауды көздеді.
Ортағасырлық дипломатияның заманауи дипломатиядан тек сыртқы көріністерімен ғана ерекшеленеді. Дипломатияның мәні өзгерген жоқ: халықтардың көршілерімен тату өмір сүруі мен өзара тиімді қарым-қатынастар орнату болып табылады.
6. Сабақтың рефлексиясын төменде берілген кесте арқылы жүзеге асыруға болады:
Мен бұны білетінмін | Мен үшін жаңа ақпарат | Бұл туралы ойым басқа | Тереңірек түсінгім келеді |
Кейбір оқушылардың жауаптары тыңдалып, талқыланады.
7. Үй тапсырмасына қосымша ресурстармен танысуға тапсырма беріледі:
1) Видеолекциялар курсы «Византия для начинающих», https://arzamas.academy/courses
2) The Oxford History of Byzantium. Oxford, 2002 ж.
Қосымша теориялық материал
Мәтін «Шынайы одақтастар»
Византиялық император І Юстиниан ежелгі Рим империясына қараған жерлерді қайтаруға талпынды. Бірақ осы мақсатқа жетуіне қазіргі Иран, яғни бұрынғы Персиямен қарым-қатынасындағы шиеленістер кедергі жасады. 532 жылы Византия онымен келісім шартын бекіткен болатын, алайда ол орындалмады. 561 жылы 50 жылға арналған жаңа келісімнің жасалуы екі ел арасындағы шиеленісті шешуге көмектесетіндей көрінді. Әйткенмен ол да Византия үшін жібек саудасына байланысты жаңа мәселені туындатады. Сөйтіп, византиялықтардың Иранның көмегі мен жібекті сатып алу ұмтылыстары сәтсіздікпен аяқталды.
Осы кезде, яғни 552 жылы тарих сахнасында Түрік қағанаты пайда болды. Көшпелі моңғол тілдес жужандықтарды бағындырған Бумын қаған түрік тайпаларын біріктіреді. Мемлекетті құрғаннан кейін түріктер дала аумаұтардың билеушілеріне айналады. VI ғасырдың 60-жылдарының аяғында Түрік қағанаты сол кездегі қуатты мемлекеттердің біріне айналды. Бумын қағанның інісі Истеми Түрік қағанатының батыс аумақтарын басқарады. Ол Иранмен одақтаса отырып, қазіргі Орта Азия мен Қазақстан аумағында мемлекет құрған тайпаларды, яғни эфталиттерді жеңеді. Византиялық дипломатия өнерінің жоғары деңгейде дамуы оның Рим империясының идеяларында негізделумен байланысты болатын. Бұл дегеніміз - жауларды бір біріне қарсы қою, сауданы, дінді, мәдениетті өз мақсаттары үшін қолдану. «Бөліп ал да, билей бер» қағидасын пайдалана отырып, олар варварларды империяға қызмет етуге мәжбүрледі. Сауда қатынастары көптеген мәселелерді шешуде үлкен рөл атқарған. Дін таратушылар христиан дінін уағыздаумен қатар, империяның ықпалын күшейтуге көмектесті. Ортақ жаудың пайда болуы екі мемлекеттің одағын нығайтты. Өз жазуларында византиялық тарихшы Менандр Протектор 568-576 жж. аралығында Византия императоры түріктерге жіберген 7 елшілік туралы мәлімдейді. Осының нәтижесінің бірі - Қазақстан аймағында Ұлы жібек жолының бағы бір тармағы қалыптасты. Бұл керуен жолы Қазақстанның орталық аймақтарынан өтіп, Солтүстік Кавказды жағалау арқылы Византияға жету үшін Иранлы айналып өтетін болды.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.