Түрік қағаны Истемиге 568 жылы Византия неліктен елші жіберді? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.
Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар № 3.2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының құлауы | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Түрік қағаны Истемиге 568 жылы Византия неліктен елші жіберді? | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.2.4 – Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып, сипаттау | ||
Сабақ мақсаттары | Византияның Түрік қағанатымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатудағы мүдделерін анықтау және талдау. | ||
Бағалау критерийлері
|
| ||
Тарихи концепт (фокус)
| интерпретация | ||
Тілдік мақсаттар
| Тілдік құзіретті дамыту: Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау. Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс. Жазылым: жазба жұмыстарын орындау. Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде. Пәнге тән лексика мен терминология: Рим империясы, Византия, ғұндар, түріктер, дипломатия, эфталиттер, Юстиниан заңдары. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Келесі себептер/факторлар әлеуметтік/экономикалық/саяси/мәдени... болып табылады. Келесі себептер/факторлар қысқа мерзімді/орта мерзімді/ұзақ мерзімді... болып табылады. Кейбір факторлардың басқа факторларға, мысалы, .... әсері болды. | ||
Құндылықтарды дарыту
| жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту | ||
Пәнаралық байланыстар | География (Византияның аймағы), Қазақстан тарихы (Түрік қағанатының аймағы) | ||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | ||
Бастапқы білім | Оқушыларда 5 сыныпта өткен Рим империясы жайлы қысқаша ақпартты біледі. | ||
Сабақ барысы
Сабақ элементтері, уақыт | Жоспарланған іс-әрекет (мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті) | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 0-3 Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау 3-5 Сабақтың ортасы Жұптық жұмыс түрі Мәтінмен жұмыс 5-10 Сыныппен талқылау 10-15 Мұғалімнің түсіндіруі 15-20 Топтық жұмыс түрі «Юстинианға кеңес» 20-35 35-40 | 1. Сәлемдесу 2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. БЫМ/Б Мұғалім оқушыларға 568 жылы Константинопольге елші Маниахтың келу және Киликиядан Земархтың Истеми қағанға елшілігі тарихы туралы қысқаша әңгімелейді Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу. Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады: 1. Византия дипломатиясының ерекшеліктерін қарастыру; 2. Византия мен көршілес мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін зерттеу; 3. Қорытынды жасау Ж Мұғалім оқушыларға сұраққа жауап беруді сұрайды: Византия дипломатиясы қаншалықты маңызды болды? Егер византиялық дипломатияны «сәйкестік зонасында» орналастыра алатын болсақ, оны қайда қоюымыз керек және неге? Мұғалім оқушыларға мәтінді оқып, шағын топтарда келесі сұраққа жауап беруді сұрайды: Византия мен Түркі қағанатында қандай ортақ мүдделер бар? Жауапты схема түрінде ресімделуі керек: Неліктен Юстиниан Земархты Истеми қағанға жіберді? (Қосымша 1). Мәтінді оқу барысында негізгі түйіндерді анықтауға маркерлерді қолдануға болады. Б Сыныпта пікірталас ұйымдастырылады: Неліктен 569 ж. тамызда Византия Түркі қағанатымен одақ жасасты? Бұл одаққа қандай мемлекеттер көмектесті? Талқылау қорытындысы бойынша сабақтың негізгі сұрағы анықталады: Византияның ұзақ өмір сүруі Шығыстағы мемлкеттердің өсуі мен құлдырауымен қалай байланысты болды?
Дипломатия өнерінің маңыздылығы М Византияның өміршеңдігінің басты факторы дипломатия және «бөліп ал да билей бер» саясатын қолдану болғанын түсіндіреді. Аталмыш түсінік дипломатия өнерін бейнелейтін, сонымен қатар жалпы Азияның көші-қон жолын және халықтардың қозғалысын зерттейтін көрініске негізделген. Византия империясы және парсылар (Сасанилер), эфталиттер (ақ ғұндар) мен арабтардың орналасқан жері көрсетілген картаны көрсету. Эфталиттердің (картадағы қызыл сызық) Византияның одақтастары, ал парсылардың Византияның жаулары екенін түсіндіру . Бумын қаған тұсында түркілердің өрлеу және Иштеми қаған тұсында эфталиттердің ыдырау тарихын баяндау. . Т Мұғалім оқушыларға Византияның елшілері екенін түсіндіреді және олар Түрік қағанатымен қарым-қатынас туралы есеп жазу керек. Сұраққа жауап беру керек: Византия жаңа мемлекетке (Түрік қағанаты) қатысты қандай позиция ұстану керек? Дескрипторлар:
Б Кейбір топтар «Юстинианға кеңесті» оқып, қорғайды. Бұл іс-әрекет оқушылардың қиялын жүзеге асыру мүмкіндігін, сондай-ақ жазбаша дағдыларын дамытуды қамтиды. | Оқу құралдары Презентация Қосымша 1 «Табиғи одақтастар» Презентация Византия империясының картасы Презентация | |||||
Сабақтың соңы Рефлексия және үй тапсырмасы 40-45 | Сабақтың соңында мұғалім оқушыларды сабақтың басында қойылған сұрақты талқылауға шақырады: Түрік қағаны Истемиге 568 жылы Византия неліктен елші жіберді? | Презентация | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлері ескеріледі. Бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға түрлі тіректер ұсынылады. | Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау: 6.3.2.4 – Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып, сипаттау Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады. | Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды. | |||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.