Ойын сауық ойындарының мәселесін шешу дағдысы. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары №1
6-бөлім: Ойын сауық ойындары арқылы ынтымақтастық және коммуникативтіорта | Мектеп: Атырау қаласындағы НЗМ Мұғалімнің аты-жөні:Айжигитов Б.Ж. | ||||||||||||
Күні: 07.04.2020 | |||||||||||||
Сыныбы: 11с | Қатысқан оқушы саны: | Қатыспағаны: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Ойын сауық ойындарының мәселесін шешу дағдысы | ||||||||||||
Меңгеру мақсаттары | 11.2.6.6. Бәсекелестік қызмет ережелерін және төрешілік ережелерін талдау және бағалау | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Арнайы тапсырмалар арқылы баскетболда жеке қабілеттілікті қалыптастырады. Қозғалмалы ойындар арқылы физикалық қасиетті дамытады Топтық бірлескен ойындар арқылы сыни тұрғыдан бағалайды | ||||||||||||
Бағалау критерийлері | - баскетбол ойынының ережесіне сай әрекет етеді; - ойындағы ынтымақтастықты түсіндіреді; -спорттық қозғалмалы ойын кезінде бірлесіп топпен жұмыс жасайды; -түрлі тапсырмаларды орындай отырып сыни тұрғыдан бағалайды. | ||||||||||||
Бағыттаушысұрақтар | Баскетбол ойыныныңережесінкімбіледі? Баскетбол ойыныарқылыынтымақтастықсезімқалайдамиды? Көшбасшылық, ынтымақтастық, жауапкершілікқасиеттер неге маңызды? | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар төмендегідей сөздер мен сөзтіркестерітуралыбіледі:
Талқылау үшін сұрақ:
| ||||||||||||
Пән аралық байланыс | Дене бұлшық еттердің дамуы ж/е жүрек соғысының өзгерісі туралы биология, доптың ұшу бағытын физика пәнімен байланыстырып, сабақтастыру. | ||||||||||||
АКТ қолдану | Топпен ойналатын ойындар және олардың өзіндік ерекшеліктері туралы теориялық мағлұмат алады. | ||||||||||||
Бастапқы білім: | Командалық ойындардағы бірлесе оқып үйренуді түсіну және қолдану. | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Сабақ кезендері: | Сабақтағы іс-әрекеттер: | Құрал-жабдықтар (ресурстар) | |||||||||||
Сабақтың басы: 2 мин. 5 мин. | «Тақырып көлеміндегі әрекеттер» Мақсаты: игергелі отырған тақырып пен оқыту мақсаттары жөнінде ақпарат беру. Сипаттамасы: мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеттер. Ойын арқылы ынтымақтастық пен коммунативті орта туралы бірлесе анықтайды. Оқушы әрекеті: мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды, мақсаттар және бағалау критерийлерімен танысады, сұрақтар қояды. Баскетбол ойынына бағытталған тапсырмалар жөнінде сұрақ қояды. Мұғалім әрекеті:Оқушыларға ойын арқылы ынтымақтастық пен коммунативті орта туралы түсіндіреді. Бағалау: Сергіту ойындары«Доппен қуып жет» ойыны Сынып екі топқа бөлінеді. Бірінші топ, екінші топтың артында 1,5м. қашықтықта тұрады. Әр ойыншының қолдарында бір бірден баскетбол добы. Белгі бойынша бірінші топ ойыншылары допты секірте жүргізіп, жүгіріп жетіп екінші топ ойыншыларының арқасына қол тигізуі керек. Ойын кезінде екі топтың да ойыншылары доптарын жүргізеді (ведение). Қуып жетсе, екінші ойыншымен орын ауыстырады. | Әр бір тапсырмаға үлкен, бос кеңістік. Ұсынылатын қызмет түрлеріне байланысты қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық. | |||||||||||
Сабақтың ортасы: 5 мин. 8 мин. 8 мин. | «Ойын сауық ойындары арқылы ынтымақтастық және коммуникативтіорта» Мақсаты: арнайы тапсырмалар арқылы баскетбол ойынындағы негізгі дағдыларды жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу. Сипаттама: допты алып жүру, нысананы дәлдеу, қарсыласты айналып өту дағдыларын дамыту үшін арнайы тапсырмалар орындайды. Мұғалім әрекеті: - оқушыларға бірнеше тапсырмалар ұсынады; -сыныпты командаларға бөледі, оқушылармен бірлесіп тапсырмаларды нақтылайды; - тапсырма өткізу кезінде жарақаттануды болдырмау мақсатында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді; - тапсырмаларды орындау барысында жетістіктер мен кемшіліктерді айтып отырады; Келесідей сұрақтар қою арқылы білімді бекітеді: -Сіздер командадағы жұмыс дағдыларын қалай жақсарта аласыздар? - Допты беруді жақсарту үшін не қажет? Оқушы әрекеті: Мұғалім қойған сұраққа жауап береді. (Б, Т, Ж, ҚБ) «Допты қуып жет» ойыны. Дайындық. Ойыншылар алаңның орта қапталындағы сызық бойында сапқа тұрады. Бір топ оң жақта, ал екінші топ сол жақта. Ойыншылардың ара қашықтығы 3-4 адым. Ойыншылар саналып, әр ойыншыда өз нөмірлері болады. Ойын шарты. Жүргізуші допты баскетбол қалқанына лақтырып, кез келген нөмірді айтады. Екі топтан да аталған нөмірлер жүгіріп шығып допты иемденіп алуға тырысады. Допты иемденген ойыншы өз тобының соңында тұрған ойыншыға допты береді. Ол допты сапта тұрған ойыншыға беру арқылы допты алға жылжытады. Допты ұстап үлгермеген ойыншы өз қатарын сол жақтан айнала өтіп, допқа жетуге тырысады.Егер ойыншы өз қатарына доптан бұрын келіп тұрса, сол топқа ұпай беріледі және келесі топқа да допты қалқаннан қағып алғаны үшін ұпай беріледі. Ереже. Допты жоғалтқан ойыншы орнына қайтады және допты беруді жалғастырады. Дескриптор:білім алушы -баскетбол ойын техникасын орындайды; -физикалық қасиеттерін дамытады; -өзін және өзгелерді сыни тұрғысынан бағалайды; Сұрақ арқылы ойын қорытындысын талқылау: Ойын кезінде топтық бірлестік жұмыстарында белсенділік болды ма? Тапсырма №2 Дәлдікді дамыту бағытында допты кәрзеңкеге түсіру жаттығулары. Айып добының кеңістігінде айып добын кәрзеңкеге түсіру: екі қолмен кеуде арқылы (1сурет), бір қолмен иық арқылы (2 сурет), секіре екі қолмен бастан асыра допты кәрзеңкеге түсіру (3сурет) 1сурет 2сурет 3сурет Алты конусты кәрзеңке тұсынан әр түрлі қашықтықта қойып, сол конус (белгі) тұрған жерден допты әр түрлі әдістермен кәрзеңкеге доп лақтырып түсіру, мысалы, бір конустың (белгі) тұсынан кәрзеңкеге доп түсірмейінше, ойыншы келесі конустан (белгі) доп тастауға болмайды. Бірінші конустан өткеннен кейін, келесі конусқа өтіп отырады. Осылайша барлық конустың тұсынан түрлі әдістермен әр бағытта доп тастауды меңгереді. Дескриптор:білім алушы -белсенділік қабілетін көрсетеді; -топпен жұмыс жасайды; -допты кәрзеңкеге лақтыру әдісін көрсетеді; -бір-бірін сыни тұрғыдан қозғалыс әрекетін бағалайды. Сұрақ арқылы ойын қорытындысын талқылау: Ойын техникасын орындау барысында қандай жетістікке жеттіңіздер? Жаттығуды орындау барысында,тапсырманың соңынан топтар бір-біріне баға береді. Тапсырма №3.Екі жақты баскетбол ойыны. Бес ойыншыдан бөлініп, баскетбол ережесін сақтай отырып екі жақты ойын ойнау. Ойында ойын техникасының орындалу барысын қадағалай отырып, тактикалық әрекеттерді жетілдіру. | Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық, секунд өлшегіш, баскетбол доптары, фишкалар, қағаз, қалам. Ынтымақтастық сезім туралы сілтеме: com/watch?v=dalWTW9CZfg 3 тапсырма com/watch?v=f8OADiMeZBw com/watch?v=eWWbl286Ouo | |||||||||||
Сабақтың соңы: 2 мин. 2 мин. 3 мин. | «Сабақты қорытындылау» Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Сипаттама: Өткен тақырып туралы талқылау үшін мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті. Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушыны атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушылардың тыныс алу жолдарын қалпына келтіру жаттығулары: Бастапқы қалып
Жаттығу 3-4рет қайталанады. Мұғалім әрекеті:Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Мұғалім сұрағына жауап береді. Өзінің жетістігі туралы айтады. Бағалау:Мұғалім оқушыларға бағалау парақшасын таратып береді, оқушылар өзіндік бағалау арқылы бағалау парақшасын толтырады. Сынып: Аты-жөні:
Үйге тапсырма: -баскетбол добымен дриблинг жаттығуларын орындау; -шапшаңдықты, ептілікті дамыту жаттығуларын жетілдіру. | Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Бағалау парағы, қалам. | |||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Саралау: | Бағалау: | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы: | |||||||||||
|
|
| |||||||||||
Жалпы оқушыларды бағалау: Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.) 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену) 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру