6-бөлім: Ойын сауық ойындары арқылы ынтымақтастық және коммуникативті орта | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: |
Күні: | |
Сыныбы: 11 | Қатысқан оқушы саны: | Қатыспағаны: |
Сабақтың тақырыбы | Ойын сауық ойындарының мәселесін шешу дағдысы |
Меңгеру мақсаттары | 11.2.8.8. Рөлдерді орындауда туындаған әр түрлі қозғалыс контексінде жеке қабілеттілікті анықтау 11.1.4.4. Сапалы орындауды жақсарту үшін жаңа қозғалыс қабілеттерін дамыту |
Сабақ мақсаттары | Арнайы тапсырмалар арқылы баскетболда жеке қабілеттілікті қалыптастырады. Қозғалмалы ойындар арқылы физикалық қасиетті дамытады Топтық бірлескен ойындар арқылы сыни тұрғыдан бағалайды |
Бағалау критерийлері | - баскетбол ойынының ережесіне сай әрекет етеді; - ойындағы ынтымақтастықты түсіндіреді; -спорттық қозғалмалы ойын кезінде бірлесіп топпен жұмыс жасайды; -түрлі тапсырмаларды орындай отырып сыни тұрғыдан бағалайды. |
Бағыттаушы сұрақтар | Баскетбол ойыныныңережесінкімбіледі? Баскетбол ойыныарқылыынтымақтастықсезімқалайдамиды? Көшбасшылық, ынтымақтастық, жауапкершілікқасиеттер неге маңызды? |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар төмендегідей сөздер мен сөзтіркестері туралы біледі: - Логикалық ойын, логикалық ойлау;
- Шабуылдау элементтері бар ойындар;
- шабуыл, қорғаныс, қарсылас;
- ынтымақтастық, бәсекелестік;
- бақылаушы, жаттықтырушы, ойыншы, командалық жұмыс;
- тактика, стратегия;
- жүгіру, жалтару, жылдамдықтыжәнебағытты өзгерту;
- ұпайлардыесептеужүйесі, ережелер.
Талқылау үшін сұрақ: - Сіздеркомандадажұмысістеудағдыларынқалайжетілдіреаласыздар?
|
Пән аралық байланыс | Дене бұлшық еттердің дамуы ж/е жүрек соғысының өзгерісі туралы биология, доптың ұшу бағытын физика пәнімен байланыстырып, сабақтастыру. |
АКТ қолдану | Топпен ойналатын ойындар және олардың өзіндік ерекшеліктері туралы теориялық мағлұмат алады. |
Бастапқы білім: | Командалық ойындардағы бірлесе оқып үйренуді түсіну және қолдану. |
Жоспар |
Сабақ кезендері: | Сабақтағы іс-әрекеттер: | Құрал-жабдықтар (ресурстар) |
Сабақтың басы: 5 мин. 5 мин. | Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады. Бір орында: Оңға,солға,кері бұрылу. 2.Жүру:Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру.Жартылай отырып, толық отырып жүру. 3.Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру ,аяқты артқа сермеп жүгіру. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау. Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау. "РИТМ ЖҮГІРУ» Оқушылар шеңбер құрып бастап, жетекші, алақандарымен шапалқтап соғады: та-та, та-та, та-та-та-та-та, та-та. Әрбір ойыншы тек бір шапалақ (11 адам-11 шапалақ ) жасайды. Ырғақтың жалпы суреті сақталуы керек. Кім қателесіп қалса , тағы да ырғақты ұра бастайды. Жаттығу ырғақтың нақты суреті түзілгенге дейін қайталанады. Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «смайликтер» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз? | Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін. Мұғалімге ысқырық Ғаламтор ресурсына сілтеме: Баскетбол ойынының қауіпсіздік ережесі: https://infourok.ru/prezentaciya-po-fizicheskoy-kulture-na-temu-tehnika-bezopasnosti-na-urokah-sportivnih-igr-basketbol-411942.html |
Сабақтың ортасы: 25 мин. | (С, Т) Ойыншылар ойын ортасына қарама қарсы тұрады . Бір ойыншы шабуылшы, басқа қорғаушы. Шабуылшылар финттарды пайдалана отырып, қорғаушыларды жеңуге және қарама-қарсы жаққа жүгіруге тырысады. Дескриптор -қауіпсіздік ережесін біледі. -допты алып жүріп келесі ойыншыға лақтыра алады. -допқа ие бола алады. -ойын кезінде қарсыласына құрмет көрсетеді. -ойында берілген рольдерді орындайды. Саралау жүзеге асырылады. а) физиологиялық сипаттамаларға: - ұлдар жоғары жүктеме жасайды; - қыздар аз жұмыс істейді; б) физикалық қабілеттерге: - оқушылар өздерінің моторикасын кеңейту үшін күрделі жаттығулар жасай алады; - Неғұрлым қабілетті оқушылар кем мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға қолдау көрсетеді. Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға дескриптор арқылы өзара бағалау жүргізуді ұсынады. Мұғалім сұрақ қояды: Сұраңыз: Қарсыласты алдау кезінде қандай қиындықтарға тап болдыңыздар? Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Сабақ соңында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай екі жақты ойын ұйымдастыру. | Әрбір әрекет үшін кең, бос кеңістік, ысқырық, секундомер, бор. Ойын жаттығуларында баскетбол техникасына үйрету. http://nvsu.ru/ru/Intellekt/1135/Krasnikova%20O.S.%20Uroki%20basketbola%20Igrovie%20uprazhneniya%20i%20igri%20-%20Uch-metod%20posobie%20-%202013.pdf |
Сабақтың соңы: 5 мин. | Рефлексия: Оқушылар рефлексиялық карточка толтырады. «Желкенді кеме» әдісі. Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары. Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды). Мұғалім үй жұмысын береді: - пән терминологиясын жаттау; - таңғы жаттығу, кеудені жерден көтеру, пресс, тартылу. Оқушылар тамырдың ырғағын санайды. | Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік. Бағалау парағы, қалам. |
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.