Тактикалық дағдыны қолдану. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.
Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді
CАБАҚ ЖОСПАРЫ №
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім: Шаңғы/ кросс/коньки дайындығы. | III-тоқсан | ||||||
Күні: | Мектеп: | ||||||
Сынып: 11 | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сабақ тақырыбы: | Тактикалық дағдыны қолдану. | ||||||
Оқу мақсаттары | 11.1.4.4. Сапалы орындауды жақсарту үшін жаңа қозғалыс қабілеттерін дамыту. | ||||||
Сабақ мақсаттары | Білім алушылар шаңғы дайындығы бойынша түрлі қозғалу, бұрылу, тоқтау элементтерін, жүрістің түрлерінен тактикалық тәсілдерді орындайды және жасанда кедергілерден өту тапсырмаларын, эстафеталық жүгірістерді көрсетеді. | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Дене қыздыру, қалыпқа келтіру техникасы; «саты», «шырша» әдістерімен көтерілу; «бірмезгілді екі адымды», «коньки жүрісі»; «жарты соқа», «соқа» әдістерімен тоқтау. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| ||||||
Құндылықтарды дарыту | Салауатты өмір салтын қалыптастыру, өз денсаулығына негіздеу және дененің дұрыс дамуы мен ағзаның жұмыс қабілетін арттыру, қозғалыс білік-дағдыларын жетілдіруге ықпал ету. | ||||||
Пән аралық байланыс | Қазақ тілі, физика, биология. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Фото және бейне материалдарды оқушыларға қозғалыс өнімділіктерін өлшеу және нығайту үшін өзін-өзі бағалау, бағалау техникалары үшін қолдану. Қызмет түрлері үшін қауіпсіздің техникасы бойынша сілтеме: шаңғы: https://www.youtube.com/watch?v=T6Sv4gOstJ0 | ||||||
Бастапқы білім | Оқушыларға арнайы қозғалыс қабілеттерін дамыту ұсынылады, олар сонымен бірге өздерінің техникалық, тактикалық және коммуникативтік қабілеттерін жаңартады. | ||||||
Жоспарлардағы әрекеттер | С = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі ҚБ = қалыптастырушы бағалау Т = топтық жұмыс Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақ кезендері | Сабақтағы іс-әрекеттер | Құрал-жабдықтар (ресурстар) | |||||
Сабақтың басы: 10 минут | (С,Т,Ж,) Оқушылар шаңғы дайындығы бойынша техника қауіпсіздігінің негізгі талаптарын қарастырады. Қауіпсіздік ережесі бойынша әңгімелесу. Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 10-12 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Адымның ұзындығына көңіл бөу. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру. Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Арнайы денсаулықты нығайту, қозғалыс әрекеттерін құруға арналған бұлшық еттерді қыздыру жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату. Аяқ, қол буындарына арналған жаттығулар кешенін жүйелі орындау. ЖДЖ орындау кезінде бір біріне түсіндіре сөйлеу арқылы, қалай орындалуы жайында жеткізу. | Қауіпсіздік техникасы журналы. Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=jHIONPeIMLE Кең ойын алаңы. Мұғалім үшін ысқырық, секундомер. | |||||
Сабақтың ортасы 25 минут | Шаңғы дайындығы: (С,ҚБ) Оқушылар ұсынылған кезектілікпен шаңғымен дайындық бойынша алдын ала дайындық жұмыстарын орындайды. Орнында. 1. Оңға, солға адымдап бұрылу. 2. Жылдам оңға және солға бұрылу. 3. Тірекпен және тірексіз таяқшалармен секіріп бұрылу. Қозғалыста. 1. Қозғалыс таяқшалар иықта. 2. Шынтақты бүгіп, таяқшалармен қозғалу. 3. Қозғалыс, таяқшалар арқа тұста. 4. Қозғалу – таяқшалар тізенің жанында. 5. Қолды серпіп қозғалу. 6. екі қадам – сырғанау. (ЖЖ, Ж, ҚБ) «Саты», «шырша» әдістерімен көтерілу; - жоғарғы тұрыспен тау басынан түсу; - «жартылай соқа», «соқа» әдістерімен тоқтау; (ЖЖ, Ж, ҚБ) Оқушылар бір уақытылы екі адымды конькимен жүрісті жаңалатуда Бір уақытылы бір адымды конькимен жүріс ( (Т,Ж,ҚБ) Сынып 4 адамнан жүгіріске өту үшін бірнеше топқа бөлінеді.. Оқушылар 100м қашықтықты екі қадамды жүріспен еңсереді. Әр жүгірістен жартылай финалға екі адамнан шығады. Жеңімпаздардан 6 адамға арналған кезекті екі жүрігіс қалыптасады. Әр жүгіруден екі адам ақтық сайысқа шығады. Жеңімпаз ақтық сайыста анықталады. | Үлкен бос кеңістік. Спорт алаңы: Шаңғы жабдықтары. Шаңғы бойынша интернет ресурсқа сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=aXc15vkpM08 Қажетті спорттық құрал-жабдықтар: Шаңғы, уақытөлшеуіш. Шаңғы бойынша интернет ресурстарға сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=MPwX526fRN8 https://www.youtube.com/watch?v=v_uA7e3Rbx0&nohtml5=False Шаңғы құрал саймандары, фишкалар, секунд өлшегіш, ысқырық. | |||||
Сабақтың соңы: 5 минут | Рефлексия. Кері байланыс. Сабақ соңында білім алушылармен рефлексия жүргізіледі: Тактикалық әдіс дағдыларды жетілдіруге бағытталған жұмыс кезінде, әдеттегі жүктемелерге және жаңа қозғалыс қабілеттерін дамытуға анықтамалар беру. Білім алушылар таңдаған тактикалық дағдыны қолдану бойынша оңтайлы әдістемелік нұсқаулық беру. | ||||||
Үйге тапсырма | Аяқ, қолға арналған кең ауқымды жаттығулар жүйесін орындау. | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | |||||
Тактикалық әдіс дағдыларды жетілдіруге бағытталған қозғалыс әрекетін орындау кезінде күшті дұрыс жұмсау. Бірлескен жұмыста шаңғы/кросс/коньки даярлығы бойынша арнайы жаттығуларды жалпылау. Қабілеті жоғары білім алушылар қозғалу, бұрылу, тоқтау элементтерін өз бетінше көрсету. Қозғалыс үйлесімділігіне көңіл бөлу. Тапсырмалардың нұсқаларының орындалу деңгейін күрделендіру. | Білім алушылардың өз бетінше тактикалық әдіс дағдылары жетілдірумен белсенді жұмыс істеуі. Өз бетінше жаттығулар жиынтығын кешенді орындау, өзіне тән ыңғайлы тәсілдерін байқап көру. Қозғалыс әрекетін орындау барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. Өзін-өзі бағалау, басқа орындаушылардың қозғалыс сапасына баға беру. | Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін ұстану, сақтау. Шаңғы дайындығы кезінде тәуекелдер мен қиындықтарды анықтап, спорттық құралдардың дұрыс орналасуына аса кең көлемде көңіл бөлу. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі тапсырмалар сатылы қарапайымнан күрделену деңгейлеріне байланысты қойылған. Оқу мақсатының мағынасын білім алушылар сабақ барысында қозғалыс әрекетін орындау арқылы анықтады. Қозғалыс әрекетін қайталау, қателерді түзету, қайталау арқылы қол жеткізді. Әр тапсырмаға бөлінген уақыт жеткілікті болды. Кең ауқымды жаттығулар жинағының орындалуын бақылау, саралау. Қозғалыс үйлесімділігін, күшті дұрыс жұмсауын, дұрыс тыныс алуын назарда ұстау. Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді. Жекелеген білім алушыларға тактикалық әдіс дағдысын қалыптастыруға, тапсырмалар берілді, әр түрлі деңгейдегі қимыл-қозғалыстар қарастырылды. | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Бірлескен және жеке жұмыстағы тапсырмалардың, шартына, мағынасына, сапасына көңіл бөлу. Топтың деңгейін, белсенділігін анықтау. 2: Кең ауқымды жаттығулар жинағын құру және біріктіру кешенінің сақталуы. Өзін-өзі бағалау. Жаттығулардағы белсенділік. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Саралап тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Қозғалыстың айырмашылығын назарда ұстау. 2: Арнайы дайындық жаттығулары ықпал ететін факторларды ұстану. Тапсырманың мағынасын ашу. Танымдылығын дамыту. (Когнитив) Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Сыныптың белсенділігі, бірлескен және жеке жұмыстарда әр түрлі деңгейдегі тактикалық тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Сапалы орындауды жақсартуға байланысты сұрақтар қою. Қимыл-қозғалыстарды бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру. | |||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.