Спорттық ойындарда тактикалық әрекеттерді қолдану. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 21 сабақ.
Бекітемін__________________________
__________________________
Дене шынықтыру сабағының №21 қысқа мерзімді жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлім: Командалық спорттық ойындар | Мектеп: | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні | |
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Спорттық ойындарда тактикалық әрекеттерді қолдану | |
Оқу мақсаттары | 6.1.5.1. Бір қатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын түсіну және қолдана білу | |
Сабақ мақсаттары | Бір қатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын түсінуге және қолдана білуге үйрету | |
Бағалау критерийлері | Баскетболдағы тактикаларды, стратегияларды түсіне және қолдана біледі. | |
Дескрипторлар |
Баскетболдағы тактикаларды және стратегияларды қолданады;
| |
Тілдік мақсаттар
| Ойындар олардың физикалық және спорттық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады. Мыналарды қамтиды:
Талқылауға арналған сұрақтар:
| |
Құндылықтарға баулу | Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу. | |
Пәнаралық байланыстар | Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы. | |
АКТ қолдану дағдылары | Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану. | |
Алдын ала білімі | Білім алушылар алдыңғы сыныптарда сабақтарда және оқу бағдарламасынан тыс алған спорт ойындары туралы алдын ала білімдер мен дағдыларды меңгереді деп күтіледі. |
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | ||
Сабақтың басы (тайм-менеджмент) 0-4мин | Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады. (С, Ж, ҚБ) Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды. | Үлкен бос кеңістік.
| ||
Сабақтың ортасы (тайм-менеджмент) 5-18мин
18-34мин
| (Т, Ж, ҚБ) Бес ойыншы (шабуылдаушылар) диаметрі 4-5 м болатын шеңбер периметрі бойынша орнында тұрып, үйренген допты беру әдістерінің барлық түрлерін пайдаланып, өзара баскетбол добын береді. Жақын ойыншыға беруге тыйым салынады. Жүргізуші (қорғаушы) шеңбердің ішіне орналасып, допты қағып әкетуге тырысады. Допты беруші ойыншылар 24 с ішінде орындалған доп берудің жалпы санын дауыстап санайды. Қағып алған жағдайда жүргізуші допты 5 с ұстай алады. Шабуылдаушының допты иеленуіне берілген уақыт өткен соң, жүргізуші ауыстырылады. Жеңімпаздарды анықтау. Әрекеттері барынша тиімді болған, яғни шабуылдаушыларға доп берулердің аз санын орындауға мүмкіндік берген жүргізуші жеңіске жетеді. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Ойын кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды? (Т, К, ҚБ) Допсыз ойыншыға тосқауыл қою. Ойыншы допты алған кезде қарсыластар добын тартып алуға тырысады. Ал егер де допсыз ойыншыға тосқауыл қойылатын болса, онда тіпті басқа жағдай орыналады. Бұл тосқауыл түрін алаңның алдыңғы аймақтарының кез келген бөлігінде қолдануға болады. №3 ойыншы №1 ойыншыға бүйір немесе артқы тосқауыл қояды, №1 ойыншы өз қарсыласынан алшақтап, айып добын орындау аймағына енген кезде №2 ойыншы допты береді. Допты алған №1 ойыншы допты торға лақтырады немесе қалқанға жақынырақ келе алады. Бұл комбинацияны жақсылап орындау үшін ойыншылардың бірнеше қайталап дайындалғандығы және өзара келісушіліктерін қажет етеді. Егер ондай болмағанда доптан айырылып қалуға болады. Бұл тосқауыл қою комбинациясын допты алаңның шетінен ойынға қосқан кезде де қолдануға болады.
Сұраңыз: Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар? Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды? | Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар. Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме: https://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnosti Баскетболдағы допты алып жүру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=rGBWBpnqMW8&t=26s Баскетбол элементтері бар ойындардың интернет ресурсына сілтеме: http://fizkult-ura.ru/node/32392 Үлкен бос кеңістік, баскетбол доптары, ысқырық, конустар. Баскетбол сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурсына сілтеме: https://sites.google.com/site/basketbolvskole/home/tehnika-bezopasnosti Баскетболдағы тактикалық әрекеттер интернет ресурсына сілтеме: | ||
Сабақтың соңы (тайм-менеджмент) 35-40 мин | Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді. Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады. Үйге тапсырма: Бір қатар дене жаттығуларының тактикалары, стратегиялары және композициялық идеялары. | Рефлексия парағы | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Бір қатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын барлық білім алушылар түсінеді және қолданады деп жоспарлап отырмын. Қабілеті жоғары оқушылар бір қатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегияларын және композициялық идеяларын қолдану кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Сонымен қатар: Оқуды бақылау Сұрақтар мен жауаптар Бірін-бірі бағалау Білім алушыларды рефлексиялау арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
Белгілер:
С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс
Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру