Жоғарғы көшбасшылық дағдылары. Дене шынықтыру, 11 сынып, презентация.


Жоғарғы көшбасшылық дағдылары

11.2.2.2. Бірлескен жұмысты оңтайландыру мақсатында өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын таңдау және түсіндіру.

Оқу мақсаты:

Ойын техникасы

Допқа иелік ету техникасы

Екі қолмен допты жоғарыдан қабылдау, қайтару

Екі қолмен допты төменнен қабылдау, қайтару

Ойыншының тұрысы, орын ауыстыру

Орын ауыстыру

Оқушылар волейбол алаңының артқы сызығына торға қарсы қарап параллелді екі лекке тұрады. Лекте бірінші тұрғандар торға қарай жүгіреді, екі адыммен тоқтайды, секіреді, бұрылып екінші допты жалғауды имитациялайды, мұғалім оқушыларға орын ауыстыру бағыттарын айтып отырады (№2 аймақта бұрылу солға орындалады, №4 аймақта бұрылу оңға орындалады, №3 аймақта оңға және солға орындалады).

Орын ауыстыру

Оқушылар бір лекпен волейбол алаңының қаптал сызығы мен шабуылдау сызығының қиылысқан жерінде тұрады (екінші сызық). Бір топ сол жақ қапталында, ал екіншісі оң жақ қапталында. Мұғалімнің белгісі бойынша оқушылар шабуыл сызығының бойымен қозғала отырып №6 аймаққа жүгіреді, тоқтап торға қарап бұрылуды орындайды, арқамен алға қарай қозғала отырып сол жақ қапталда тұрған ойыншылар №5 аймаққа қарай орын ауыстырады, ал оң жақ қапталдағы ойыншылар №1 аймаққа орын ауыстырады, тоқтайды және допты төменнен қабылдауды имитациялайды, өзінің легінің соңына барып тұрады.

Нығыздалған доптармен жаттығулар. Жалғаулар, орын ауыстырулар. Сынып екі командаға бөлінеді. Оқушылар қарсы бағытпен лектер түзейді.

1. қарсы бағытта тұрған лектің ойыншыларынан нығыздалған допты (1 – 2 кг.) қағып алу және кері жалғау. Допты кері жалғаған соң ойыншы өзінің легінің соңына орын ауыстырады.

Дескрипторлар:

-допты саусақпен жоғарыдан қабылдайды;

допты тордан асырып береді;

-допты төменнен тордан асырып лақтырады;

доппен тапсырмалар орындау кезінде өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын таңдайды.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға өзін-өзі бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

- Доппен жаттығулар орындау сіздің ағзаңызға қалай әсер етеді?

- Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.