Жоғарғы көшбасшылық дағдылары. Дене шынықтыру, 11 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материал 11 сынып

I.Жалпы қауіпсіздік ережелері

1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.

2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.

3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.

4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды.

5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы, тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).

6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.

7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:

-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану);

-ҚТ сақтамаудан (қолдарды, буындарды жарақаттау, соғып алу);

-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.

8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.

II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары

1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.

3.Спорт залына сабырмен, асықпай, тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.

4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.

5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.

6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.

7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.

III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.

2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.

3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.

4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.

5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.

6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.

7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.

8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.

9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.

IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.

2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.

3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.

V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары

1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен,асығып-үсікпей,сабырмен шығыңдар.

2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.

3.Спорт киімдеріңді,аяқкиімдерінді шешіндер,оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.

4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.

Волейбол ойынының қауіпсіздік ережелері:

Дене тәрбиесі сабағына сай спорттық киім кию.

Тізеге, шынтаққа киетін арнайы киім кию.

Мұғалімнің ұйымдастырған сабағын бұзбауы керек.

Белсенді дене қыздыру жаттығуларын жасау керек.

Допты дұрыс үрленгенін қарау, қатты үрленген доппен ойнамау.

Доптың сыртқы бөлігін мұқият тексеру.

Жыртылған доппен ойнамау

Техникалық әдіс-тәсілдер кезінде мұқият болу.

Допты қабылдау кезінде бас бармақты алға тоспау.

Допты ойынға қосу кезінде жұдырықпен допты ұрмау.

Секіріп доп қабылдағаннан кейін тізеге құламау керек. Ойын кезінде доптардың тиіп кетпеуінен сақтану керек.

Волейбол ойны. Допты жоғарыдан беру тәсілін үйрету. Алаңдағы ойынға әрқайсысында 6 ойыншысы бар екі команда қатысады. Әр команданың ойыншылары өз алаңына орналасады. Қарсыласынан екі ұпай артықшылықпен 15 ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Жасөспірімдердің ойыны 3 кезеңнен тұрады. Екі қолдардың добының берiлуi үстiнде - әр түрлi жаттығуларды орындауға мүмкiншiлiк беретiн техниканың негiзгi элементтерiнiң бiрi сонымен бiрге тор арқылы ойнау. Суретте берiлу негiзгi ереже орындаудың жанында көрсетiлген. Орнықты бастапқы орын допқа қолдардың саусақтың ұштарының үзбелi жанасуды аяқ және қолы керек бағыт беруге жаза алуға үлгеруi керек.Ойын техникасыОйын↓ШабуылдауТосқауыл қоюДопты ойынға қосуДоптың берілуіКері қайтаруҚабылдауҚұлауТордың ені 1 м. ұзындығы 9, 5 м. Тор жардығы темір бағаналарға бекітіледі.жасөспірімдер▪ Ер балалар: 13 - 14 жастағылар үшін – 2 м 20 см; 15 - 16 жастағылар үшін - 2 м 35 см; 17 - 18 жастағылар үшін – 2 м 43 см▪ Қыздар: 13 - 14 жастағылар үшін – 2 м 10 см; 15 - 16 жастағылар үшін - 2 м 20 см; 17 - 18 жастағылар үшін - 2 м 24 см

 ТӘЖ ___________________________ Сынып ____ Сан _________

«Бес саусақ» рефлексиясы

«К» («кішкентай бөбек) – ойлар, білім, ақпарат.

 - Бүгін жаңадан нені білдім?

 - Қандай білімдер алдым?

«Ш» («шылдыр шүмек») – мақсатқа жақындық.

 - Бүгін мен не істедім және неге жеттім?

«О» («ортан терек») – көңіл-күй жағдайы.

 - Менің көңіл-күйім қандай болды?

 - Жақсы көңіл-күй немен байланысты болды?

«С» («балан үйрек») –қызмет, көмек, серіктестік.

 - Басқаларға немен көмектестім?

 - Айналамдағылармен қарым-қатынасым жақсарды ма?

«Б» («бас бармақ») – дене қалпы, сергектік.

 - Өзімнің денсаулығым үшін мен не істедім?

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Волейбол доптары, фишкалар, бор, рефлексия парақшалары.

Допты жоғарыдан қабылдау және қайтару әдісі интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=xBg8q430QNA https://www.youtube.com/watch?v=lQbpg0oQNUU Допты төменнен қабылдау және қайтару әдісі интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=8f0G-A1hpUs https://www.youtube.com/watch?v=9YzQIUMp2kM Волейбол элементтері бар эстафеталық ойындарға сілтеме:https://infourok.ru/podvodyaschie-igri-i-estafeti-k-voleybolu-927696.html

Ойын ережесіне сілтеме:

http://www.fizkulturaisport.ru/fizicheskie-kachestva/bystrota/355-uprazhneniya-dlya-razvitiya-skorostnyx-sposobnostej-volejbolistov.html?showall=1

Дене дайындығы жаттығуларына сілтеме: http://www.fizkulturaisport.ru/fizicheskie-kachestva/bystrota/355-uprazhneniya-dlya-razvitiya-skorostnyx-sposobnostej-volejbolistov.html?showall=1

Ойын техникасына сілтеме: http://sclubs.ru/articles/tehnika/tehnika_igry_v_volyaybol/priem_i_peredacha_myacha_v_volyaybole/

Волейболшыға арналған жаттығулар интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=pyWOmLVZ6eM



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.