Кедергілер жолағынан өту бойынша тапсырмалар құрастыру. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.


1

Дене шынықтыру пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Петропавл қаласы ХББ НЗМ

5-тарау – Шаңғымен / жарыспалы / конькимен дайындалу

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 Сабақтың тақырыбы:

Кедергілер жолағынан өту бойынша тапсырмалар құрастыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.2.1. Кең ауқымды жаттығуларда, олардың жүйелі түрде комбинацияларды бейімдеу

 Сабақ мақсаттары

  • Кең ауқымды жаттығуларда, олардың жүйелі түрде комбинацияларды бейімдеу біледі және түсіндіре алалды

Бағалау критерийлері

  • Шаңғы және коньки тебу кезінде қауіпсіздік ережелерін біледі
  • Денені қыздыру және қалыпқа келтірудегі ерекшеліктерді талдайды және бағалай алады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Оқушылар мыналарды орындай алады:

Төзімділіктің әртүрлі нұсқаларын дамыту үшін өз түсінігіндегі физикалық жаттығуларды сипаттау, талдау және көрсету, олардың денсаулықты нығайтуға әсері Пән лексикасы және терминология:

Мыналардан тұрады:

  • төзімділік
  • күштік - жылдамдықты төзімділік
  • анаэробты және аэробты жұмыстар
  • демалыс, жұмыс барысындағы кезіндегі жүрек соғысы, қалыпқа келу кезіндегі жүрек соғысы
  • жүрек-тамыр жүйесі
  • жаттығу, қалыпқа келу техникасы
  • ауыспалы төрт қадамды жүріс, конькимен

Құндылықтарға баулу

Адамгершілік, азаматтық позиция.

Пәнаралық

байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

Кілттік дағдыларды дамыту

Сабақ барысында оқушылар сын тұрғысынан ойлау және креативтік дағдыларды волейбол ойыны кезінде бір-бірін бағалағанда, қателіктерін түзегенде, ақыл-кеңес бергенде дамытады.

Алдын ала білімі

Оқушылар алдыңғы сыныптарды және сабақтан тыс уақыттарда меңгерген жылдамдықты - күштік дайындық пен төзімділіктің, жүгіру техникасының шаңғымен және конькимен қозғалудың оқып, дағдыларын меңгерген.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақта жоспарланған қызмет

Құралдар

Сабақтың басы

10 минут

(C,К) Мұғалім оқушылармен амандасады.

Содан кейін шаңғы және коньки туралы мәліметтерді сұрайды.

Сүрақтар:

  • Қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
  • Қандай шаңғы жүрістерін білесіңдер?
  • Төзімділікті дамытатын физикалық жаттығуларды орындау не үшін қажет?

Мұғалім оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін оқушылардың өздері құрып, дайын нұсқамен салыстыруларын ұсынады. Осыдан сабақтың жетістік критерийлері шығарылады. Оқушылармен сабақтың тақырыбын анықтайды

«Күшті, төзімділікті жетілдіру жатығулар жиынтығы»

Сабақтың басында ерекше көңіл бөліну керек:

- оқушылардың зейінін қоюына;

- оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтауға/ОМ;

- оқушылармен сабақтың соңына күтілетін нәтижені анықтау..

(ЖЖ) Оқушылар арнайы жаттығулар орындайды.

Үлкен бос кеңістік.

Сабақтың ортасы

  • минут

(С, Т, ҚБ) Оқушылар ұсынылған кезектілікпен шаңғымен дайындық бойынша алдын ала дайындық жұмыстарын орындайды.

Орнында.

1. Оңға, солға адымдап бұрылу.

2. Жылдам оңға және солға бұрылу.

3.Тірекпен және тірексіз таяқшалармен секіріп бұрылу.

Қозғалыста.

1. Қозғалыс таяқшалар иықта.

2. Шынтақты бүгіп, таяқшалармен қозғалу.

3. Қозғалыс, таяқшалар арқа тұста.

4. Қозғалу – таяқшалар тізенің жанында.

5. Қолды серпіп қозғалу.

6. Екі қадам – сырғанау.

Шаңғы даярлығы

(Б, Т, ҚБ) Шаңғы даярлығы кезінде оқушылар «соқалық» тежелу әдісін үйренеді. Бұл әдіс қалың қарлы аймақта биіктіктен тіке түсу кезінде қос шаңғымен орындалады. Бұл үшін оқушы түсу кезінде қос шаңғыны қатар созып, табан бөлігін симметриялы түрде екі жаққа жылжытады, шаңғыны ішкі жағына қойып, дене салмағын екі аяққа тең дәрежеде түсіреді, шаңғының ұштары бір біріне тимеуі тиіс. Тоқтауға дейінгі тежелу деңгейі толықтай шаңғылардың арасын ашу бұрышына тәуелді болады. Тежелу қосылған шаңғыларда сырғумен аяқталады. Бүйірлік сырғанау арқылы тежелу әдісін қыр биіктігіне қарай пайдаланады. Әрбір түсуден соң оқушылар өз қабілеттері мен өзгелердің әдістерін бағалап, оны қозғалыс әрекеттерін жақсарту үшін пайдаланады.

Тапсырмаға дескрипторлар:

Бағалау критерийлері

Тапсырманың дескрипторлары:

Шаңғы даярлығында қателіктерін талқылап дұрыс жүреді

  • таяқшаларды дұрыс жанында ұстайды
  • аяқтарын дұрыс кояды
  • арақашықтықты сақтайды
  • техникасын бұзбайды
  • қашықтықты өтеді
  • қателерін талқылайды
  • дұрыс тоқтайды
  • демді дұрыс қалпына келтіреді

Коньки даярлығы:

Оқушылар өткен элементтер бойынша тапсырмалар құрастырып, бірін бірі бағалайды.

Конькимен: алдыңғы және артқа қарай жылжу, қуып жету, тепе-теңдік, тік сызық бойында және доға бойында қозғалу, екі аяқпен қозғалу - жылан, шам, мылтық, бұрылыс, әртүрлі тәсілдермен тоқтау.

"Үштіктер". 3 конькиші қатысатын ойын. Мысалы: сөреден бастап әр үштік 25-30 метрге жүгіреді, одан кейін нақты бір жалғасымда сөреге дейін инерция бойынша қозғалуды жалғастырады: ортада тұрған қарлығаш қалпында, бүйірде тұрған – «мылтық» жайғасымында, Немесе «тағылғандар» қарапайым қадаммен жүгіреді, ал ортада тұрғандар «мылтықтарға» отырады. Жылжудың шартты тәсілдерін сақтай отырып, мәреге бұрын жеткен үштік жеңіске жетеді.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

Бағалау критерийлері

Тапсырманың дескрипторлары:

Коньки тебу кезінде аяқтарын дұрыс қояды қолдарыен серпиді

  • оң және сол аяқпен итерілуге тырысады
  • қолдарын дұрыс қояды
  • тепе-теңдік сақтайды

Кейін мұғалім әрбір оқушыны орындаған тапсырмаларын талдауға шақырады (Не жасалды? Не жасалмады? Неліктен? Не кедергі болды? Тапсырманы орындағанда қандай көмек болды?)

Мұғалім әр оқушыны диалогтық әдіс арқылы бағалайды.

Үлкен бос кеңістік.

Шаңғы, таяқшалар.

Үлкен бос кеңістік.

https://www.youtube.com/watch?v=BHXEtwScY_Q

Коньки даярлығы интернет ресурсына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=DY09lrlf8BE

Сабақтың соңы

10 минут

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді:

  • нені білдім, неге үйрендім
  • не түсініксіз болып қалды
  • тағы немен жұмыс істеу қажет

Стикерлер, маркерлер, қаламдар.

Саралап оқыту - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға кеңес беру арқылы қолдау көрсетуді жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмаларды екі реттен қайталауға ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Мұғалім келесі сөздерді қолданады:

«Жақсы!», «Тамаша!», «Мұқияттырақ!», «Жинал!», «Сен бұдан да жақсы орындай аласың!»

Келесі сұрақтар қойылады:

Сіздер физикалық денсаулықты нығайтуға арналған қандай жаттығуларды білесіңдер және қолдана аласыңдар? Сабақтарда қауіпсіздік ережелері қандай?

Коллаборативті орта құру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмалар құрастыру, қызмет түрін ауыстыру, кеңес беру.

Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асатындай болды ма?
  • Барлық оқушылар ОМ жете алды ма?
  • Егер жете алмаса, неліктен жете алмады?
  • Сабақта саралап оқыту дұрыс жасалды ма?
  • Сабақта уақыт кезеңдері бұзылған жоқ па( уақыт жоспарын орындадым ба)?
  • Жоспарға қандай өзгерістер және неге енгіздім?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Белгілер:

С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс Тәж. = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.