Акробатикалық элементтердің жиынтығын құру. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

3-бөлім: Гимнастика арқылы денені басқару дағдылары

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 9

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

Акробатикалық элементтердің жиынтығын құру

Меңгеру мақсаттары

9.3.2.1 нақты дене шынықтыру сабақтарына арналған қыздыру жаттығуларын құру, түсіндіру және өткізу, олардың ағзаны қалпына келтіру тиімділігін бағалау

9.1.2.1 қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жеткілікті техникалық деңгейде негіздеу және қолдана білу

Оқу бағдарламасына сілтеме

3.2 Қыздырыну және қалпына келтіру жаттығуларын құру мен орындау

1.2 Түрлі қимылқозғалыс комбинациял арын құру және оларды дене жаттығула рын орындауда қолдану реттілігі

Міндеттер

Сауықтыру

а) сымбатты дене қалпын қалыптастыру

б) қауіпсіздік техникасын сақтау

в) тірек-қимыл аппаратын нығайту

Білім беру

а) акробатикалық жаттығулар техникасын жетілдіру

Дамыту

а) күш қабілетті жетілдіру

б) қозғалыс үйлесімділігін дамыту

Тәрбиелік

а) жауапкершілік б) еңбексүйгіштік

в) қозғалыс мәдениеті

д) дене шынықтырумен жүйелі шүғылдану

Сабақ мақсаты

Оқушылар өз бетімен иілгіштікке арналған жаттығулар кешенін құрастырып, орындай алады

Оқушылар гимнастикалық элементтердің реттілігін сақтай отырып акробатикалық кешенді орындап көрсете алады

Бағалау критерииі

Жасақталған жаттығуларды көрсетеді

Реттілікті сақтай отырып акробатикалық кешенді көрсетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Сабақта қолданылатын шартты белгілер

С – барлық сынып Тәж – оқушы тәжірибесі

Т – топтық жұмыс К – мұғалімнің көрсетуі

ЖЖ – жұптық жұмыс Ж- жеке жұмыс

ҚБ – қалыптастырушы бағалау

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар келесі фразаларды қолданады:

  • сақтандыру, өзіндік сақтандыру
  • бұрылу, домалау, тұрыс, жинақталу
  • гимнастикалық төсеніштер
  • бір аяққа тепе-теңдік, «қарылғаш»
  • акробатикалық комбинация
  • қозғалыс үйлесімділігі, дене қалпы, тепе-теңдік
  • жауырынға тұру
  • жату қалыптан «көпірше»
  • бір қырмен аударылу, «дөңгелек»
  • жартылай шпагат
  • домалау «бұрыш» ұстау
  • ұзынқа домалау

Пән аралық байланыс

Берілген сабақ физика пәнімен байланыстылырады: инерция

 Әдістер

Жеке

Топтық

 АКТ қолдану

Ұсынылған сабақта АКТ қолдану қарастырылмайды

Бастапқы білім

Оқушыларда өткен сыныптағы дене шынықтыру сабақтарында акробатикалық жаттығулар комбинациялары туралы білімдері бар деп күтілуде.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы іс-әрекеттер

Құрал-жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы

1 мин

2 мин

2 мин

2 мин

3мин

Мақсаты: күтіп тұрған тапсырмаларды орындау үшін оқушыларды даярлау

Тақырыптық шабуыл

Оқушы мақсаты: тиімді жұмыс үшін дайындалу

Мұғалім мақсаты: оқушыларды сабаққа даярлау

Сапқа түзелу, сабақ тақырыбы мен мақсаттарын айту, бағалау критериилерін түсіндіру, сабақ мақсатын түсіндіру. Саптық жаттығулар.

Мұғалім әрекеті: «Құлаған таяқша» ойынын өткізеді

Ойын мақсаты: академиялық тілді дамытып өткен терминдерді бекіту, оқушыларды сабаққа тарту

Оқушы әрекеті: оқушылар рет бойынша саналады, өзінің нөмірін еске сақтайды, шеңберге тұрады.

Жүргізуші ортаға шығып гимнастикалық палканы тігінен ұстайды. Кез-келген нөмірді айтып таяқшаны жібереді де шеңберден шығу үшін жүгіреді және «гимнастика» бөлімінен бір термин айтады, нөмірі аталған ойыншы таяқшаны құлатпай ұстап қалуы керек.

Мұғалім әрекеті: (С) оқушыларға иілгіштікке арналған жаттығулар ойластыруды тапсырады.

Оқушы әрекеті: (Ж,ҚБ)

Тапсырма №1: оқушылардың әрқайсысы жасақтаған жаттығуларын сынып алдында көрсетеді.

Мұғалім әрекеті: қыздырыну жаттығуларын өткізеді

Жүріс және оның түрлері:

- аяқтың ұшымен, қолдар жоғарыда;

- өкшемен, қолдар жоғарыда;

- жартылай отырып, қолдар желкеде;

- қарапайым жүріске көшу.

Жүгіру (қарапайым, оң және сол жанмен, арқамен алға қарап, тізені биікке көтеріп, өкшені артқа лақтырып, жылдамдық ала).

Демді қалыпқа келтіру.

Мұғалім әрекеті: (С) қыздырыну кешендерін өткізу үшін оқушыларды түзейді

Оқушылар әрекеті: оқушылар кезекпен шығып жұпта жасақталған жаттығуын көрсетеді.

ҚБ: өзара бағалау

Әр жаттығу үшін үлкен бос кеңістік.

Гимнастикалық таяқшалар

Ережені ауыстыруға болады

Арақашықтық сақтау.

Гимнастикалық төсеніштер

Сабақтың ортасы

25мин

Негізгі тапсырмаға көшу

Мақсаты: акробатикалық жаттығулар кешені мен комбинацияларын жетілдіру, практикалық жұмысты орындау.

Оқушы мақсаты: акробатикалық жаттығулар техникасын білу

Мұғалім мақсаты: акробатикалық жаттығуларды орындай отырып өмірмен байланыстыруды білуді үйлестіру.

Мұғалім әрекеті: оқушыларға акробатикалық жаттығулардың орындалу техникасын түсіндіреді

Оқушылар әрекеті: акробатикалық жаттығуларды бөлек орындайды

(С, К, Ж) Алға домалау. Орындалу техникасы: отырып тірелу қалпынан орындалады. Қолға тіреліп, жинақтала отырып оқушылар басын өзінің астына сүңгіту арқылы аяқпен итеріле алға домалайды, алайда тізелер төске жабыстырылып ұсталады. Орындап болған соң оқушылар бастапқы қалыпқа келеді, тұрады және қолдарын жаңға созып 1-2 секундқа бой түзейді.

Сипаттауыштар: жаттығу дұрыс орындалуына байланысты бағаланады (тұрыс, жинақталу, тура домалау).

Қателіктер: тепе-теңдік сақтамайды, тура сызықпен қозғалмайды.

Оқушыларды бағалау үшін өзара бағалау әдісі қолданылады (оқушылар бірін бірі сипаттауыштар арқылы бағалайды)

(С, К, Ж) Алға ұзындыққа домалау. Орындалу техникасы: тұру қалпынан немесе екпін алып жүгіріп келуден орындалады. Оқушылар аяқпен еденнен итеріледі де ұшу фазасына көшеді, екі қолға қону арқылы басын өзінің астына сүңгіте жинақталып алға домалайды, отырып тірелу қалпына келеді, тұрады және қолдарын жаңға созып 1-2 секундқа бой түзейді.

Сипаттауыштар: жаттығу дұрыс орындалуына байланысты бағаланады (тұрыс, жинақталу, тура домалау).

Қателіктер: жинақталмайды, жаттығу орындалу техникасына сай емес, ұшу фазасы жоқ.

Оқушыларды бағалау үшін өзара бағалау әдісі қолданылады (оқушылар бірін бірі сипаттауыштар арқылы бағалайды).

(С, К, Ж) Артқа домалау.

Орындалу техникасы: отырып тірелу қалпынан орындалады. Оқушылар жинақталу арқылы артқа шалқая арқаға тербеліп, жерден қолдармен итеріп артқа домалайды, бастапқы қалыпқа келеді, тұрады және қолдарын жаңға созып 1-2 секундқа бой түзейді.

Сипаттауыштар: жаттығу дұрыс орындалуына байланысты бағаланады (тұрыс, жинақталу, тура домалау).

(С, К, Ж) Жауырынға тұру (қыздар).

Орындалу техникасы: арқаға шалқалап жату қалпынан орындалады. Оқушылар аяқтарын жоғары соза отырып жауырындарға тіреледі, қолдарымен белден демей отырып шынтақпен жерге тіреледі. Аяқтар бірге, ұштары созулы болады. Тұрысты 2-3 секундқа көрсетеді.

Сипаттауыштар: жауырынға тұру биік болғанда аяқтар да денеге сай түзу болады.

Қателіктер: тірелу жауырынға емес арқамен орындалады, аяқтар денемен бір сызықта тұзу болмай жанға ашулы болады.

(С, К, Ж) Басқа тұру (ұлдар).

Орындалу техникасы: отырып тірелу қалыптан орындалады. Оқушылар қолдармен және баспен үш бұрыш жасай жерге тіреледі, аятармен жерден итеріліп тепе-теңдік сақтап аяқтарды жоғары созады (бұл арада мұғалім де оқушылар да сақтандырушы рөлін атқара алады). 2-3 секундқа ұстайды да бастапқы қалыпқа келеді.

Сипаттауыштар: жаттығу дұрыс орындалуына байланысты бағаланады, оқушы ешкімнің көмегінсіз өз бетімен орындайды.

Оқушыларды бағалау үшін өзара бағалау әдісі қолданылады (оқушылар бірін бірі сипаттауыштар арқылы бағалайды).

Қателіктер: тепе-теңдік сақтамайды, дене тура сызыққа түзелмейді.

Оқушы әрекеті: Элементтерді бөлек орындап болған соң оқушылар бұрын игерілген элементтерден комбинациялар құрастырып көрсетеді, осы кезде мұғалім бағалау жүргізеді.

Мақсаты: өзіндік білім алуға дағдыландыру, өзіндік білім алуда жеке біліктілікті қолдана білу.

(С, Ж, ҚБ) Тапсырма №2. Акробатикалық комбинация

Ұлдар – алға домалау, алға ұзындыққа домалау, артқа домалау, басқа тұру.

Орындалу техникасы: белгі бойынша оқушылар отырып тірелу қалыптан алға домалайды, жинақталып ұзындыққа алға домалайды, жинақталып артқа домалайды, одан соң басқа тұрады, 2-3 секундқа ұстап тұрады да алға домалаумен жалғастырады, тұру қалыпқа келеді, қолдарын жаңға созып 1-2 секундқа бой түзейді.

Сипаттауыштар: жаттығулардың орындалу техникасы мен реттілігі бағаланады.

Қателіктер: акробатикалық комбинациялар элемнеттерін қате орындау.

ҚБ: оқушыларды бағалау үшін мұғалім сипаттауыштарды қолданады, сонымен қатар түрлі түсті карталарды қолданады (қызыл, сары, жасыл), комбинациялар орындалған соң мұғалім тиісті картаны көтереді.

Қызыл түс комбинацияларды орындауда қиындықтардың орын алуын білдіреді.

Сары түс жаттығуларды орындауда аздаған қиындықтардың барын білдіреді.

Жасыл түс комбинация талапқа сай орындалғанын білдіреді.

(С, Ж, ҚБ)

Қыздар: бір аяққа тепе-теңдік сақтау, алға домалау, артқа домалау. Алға екі рет домалау, жауырынға тұру.

Орындалу техникасы: белгі бойынша оқушылар бір аяққа тепе-теңдік сақтайды, алға домалайды, тұрмай жинақталып артқа домалайды, одан соң жинақталып алға домалайды, жауырынға тұрады, отыру қалпына келеді, тұрады да жанмен аударылып түседі, қолдарын жаңға созып 1-2 секундқа бой түзейді.

Сипаттауыштар: жаттығулардың орындалу техникасы мен реттілігі бағаланады.

Қателіктер: акробатикалық комбинациялар элемнеттерін қате орындау.

Әр жаттығу үшін үлкен бос кеңістік.

Гимнастикалық төсеніштер.

Түрлі түсті карталар.

.

Сабақтың соңы

5 мин

Сапқа шығу, сабақты қорытындылау, үй тапсырмасын беру.

Мақсаты: оқушылар өз беттерінше эмоцияларын, ішкі жағдайларын, жұмыс нәтижелерін бағалайды. Сұрақ-жауап арқылы сабақты рефлексиялап, кері байланыс ұйымдастырылады.

Мұғалім әрекеті: Сабақты қорытындылайды, жетелеу сұрақтарын қояды.

Оқушылар әрекеті: келесідей сұрақтарға жауап береді, өзінің әрекетіне талдау жасайды:

Бүгін қандай тапсырмалар ұнады?

Қандай тапсырма қызықты болды?

Қандай тапырма қиын болды?

Бүгінгі сабақта қандай оқу мақсатын шешуге тырытық?

Кімге жеңіл болды қол көтеріңіздер!

Ал, кімге қиын болды?!

Сіздің қиындықтарың неде?

Сабақта қиындықтар сезінге оқушыға қандай кеңес бере едіңіздер?

Қоштасу.

Киім ауыстыру бөлмесіне шығу.

Сапқа шығу кезінде оқушылардың көңіл-күйлеріне назар аудару.

Саралау:

Бағалау:

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

Дене дайындығында қолдауды қажет ететін оқушылар үшін:

- арқаға жатып тербелуден жауырынға көмек арқылы тұру.

Дене дайындығы жоғары оқушылар үшін акробатикалық комбинацияларды күрделі элементтер кіріктіре отырып орындау:

ұлдар: қолға тұру

қыздар: тұру қалыптан көпір қалпын жасау.

Сабақ барысында бағалауды мұғалім келесі тәсілдер арқылы жүргізеді:

- бақылау;

- оқушы белсенділігі;

Қозғалыс дағдысы мен білімді көрсету;

- Бағалау критериилеріне жету.

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Әр оқушының жүрісін, тұрысын жіті назарда ұстау

Жалпы оқушыларды бағалау:

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.