Ойын техникасы. Дене шынықтыру, 9 сынып, презентация.
Волейболдағы ойын техникасы
9.1.1.1 Үлкен ауқымдағы арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты салыстыру.
Оқу мақсаты:
(С, Ж, ҚБ) Сыныпты бірнеше командаларға бөлу қажет. Ойыншылар залдың қабырғасына қарап бір лектер түзейді. Мұғалімнің белгісі бойынша лектегі бірінші тұрған ойыншылар допты бір өзінің үстіне көтереді де, содан соң қабырғаға бағыттайды, 3600 айналып, допты қайтадан қабырғаға бағыттап лектің соңына жүгіреді. Класс разделить на несколько команд. Екінші және одан кейінгі ойыншылар да осы әрекеттерді қайталайды. Әр лектің соңғы ойыншысы қабырғадан допты бірінші болып қабылдаған және аз мөлшерде қателіктер жіберген топ жеңімпаз болып табылады.
Дескрипторлар:
-допты саусақпен жоғарыдан қабылдайды
допты тордан асырып береді
допен тапсырмалар орындау кезінде үйлесімділікті дамытуға арналған қозғалыс әрекеттерін көрсетеді.
Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға өзара бағалау жүргізуді ұсынады.
Мұғалім сұрақ қояды:
- Доппен жаттығулар орындау сіздің ағзаңызға қалай әсер етеді?
- Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?
(С, Ж, ҚБ) Командалар ойын алаңында бір лекке тұрады. Бір оқушы №3 ойын аймағына орналасады, ал қалғандары бір лекке №4 аймағына орналасады (осындай орналасу тәртіппен екінші топ қарсы алаңға тұрады). №3 аймақта тұрған ойын ойыншы допты өзінің үстіне көтеріп, одан соң №4 аймаққа жалғайды. Лектерде бірінші тұрған ойыншылар допқа жүгіріп жетіп, секіріп допты жоғарымен жалғау арқылы алаңның арты аймақтарында төселген гимнастикалық төсеніштеріне бағыттап тигізуге тырады. Гимнастикалық төсеніштерге көп мөлшерде доп тигізе алған команда жеңіске жетеді.
Дескрипторлар:
-допты саусақпен жоғарыдан қабылдайды
допты тордан асырып береді
- допен тапсырмалар орындау кезінде үйлесімділікті дамытуға арналған қозғалыс әрекеттерін көрсетеді.
Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға өзара бағалау жүргізуді ұсынады.
Мұғалім сұрақ қояды:
- Доппен жаттығулар орындау сіздің ағзаңызға қалай әсер етеді?
- Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады?
Назарларыңызға рахмет!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.