Ойын техникасы. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары. 9-10 сабақ.


Дене шынықтыру пәні бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары № 9,10

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: Петропавл қаласы ХББ НЗМ

Спорттық ойындағы техникалық

әрекеттер.

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: :

Сынып: 7 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 Сабақтың тақырыбы:

Ойын техникасы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.1.1 Тапсырмаларда спецификалық қозғалыс әрекеттерін қолдану.

 Сабақ мақсаттары

Тапсырмаларда спецификалық қозғалыс әрекеттерін қолдануды үйрету.

Бағалау критерийлері

Тапсырмаларда спецификалық қозғалыс әрекеттерін қолданады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Ойын - олардың физикалық қасиеттерін дамытуға жәрдемдесетіні туралы өз түсініктерін сипаттай және көрсете алады.

Пән лексикасы және терминология:

Мыналарды қамтиды:

  • шабуылдау элементтері бар ойындар
  • жүру, өту, бағыттау, қабылдау, қағып алу
  • күрес: оқшаулау, допты қағып әкету
  • соққы, пасс, беру
  • шабуылдау, қорғау, қарсылас
  • ынтымақтастық, бәсекелестік
  • тактика, стратегия
  • жүгіру, жалтару, бағытты/жылдамдықты өзгерту
  • ұпайларды есептеу жүйесі, ережелер, тәуекелдерді басқару

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, бір-біріне көмектесу.

Бәсекелік қабілет.

Пәнаралық

байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

Кілттік дағдыларды дамыту

Сабақ барысында оқушылар комуникативтік дағдыны волейбол ойыны кезінде бір-бірін бағалағанда, қателіктерін түзегенде, ақыл-кеңес бергенде дамытады.

Алдын ала білімі

Оқушыларда алдыңғы сабақтардан, сондай-ақ сабақтан тыс әрекет мәнмәтінінде алынған командалардағы өзара әрекеттесу тәжірибесі бар.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңі

Сабақта жоспарланған қызмет

Құралдар

Сабақтың басы

10 минут

(C, К) Мұғалім оқушылармен амандасады.

Содан кейін волейбол туралы мәліметтерді сұрайды.

Сүрақтар:

  • Шабуылдаушы әрекеттерде қандай тәсілдерді қолдандыңыз?
  • Қорғаныс әрекеттерде қандай тәсілдерді қолдандыңыз?

Мұғалім оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін оқушылардың өздері құрып, дайын нұсқамен салыстыруларын ұсынады. Осыдан сабақтың жетістік критерийлері шығарылады. Оқушылармен сабақтың тақырыбын анықтайды

« Ойын техникасы ».

Сабақтың басында ерекше көңіл бөліну керек:

- оқушылардың зейінін қоюына;

- оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтауға/ОМ;

- оқушылармен сабақтың соңына күтілетін нәтижені анықтау.

(C) Оқушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды.

(ЖЖ) Оқушылар арнайы жаттығулар орындайды.

Мұғалім оқушыларға физика сабағынан, жаңа тақырып бойынша, экспермент өткізуге ұсыныс етеді

Тапсырма: 60 м қашықтықты 3х рет қайталап жүгіру .Уақытын жазып алу.

Дескрипторлар:

  • қауіпсіздік ережесін сақтайды.
  • жылдам жүгіріп өтеді.
  • төменгі сөреде техникасын дұрыс орындайды.

Мақсаттар:

  • әртүрлі жағдайда тең қашықтықта жүгірудің орташа жылдамдықты анықтайды.
  • әртүрлі жағдайда тең қашықтықта жылдамдықты анықтау.

Барлық сынып откізген эксперементті талқылайды.

Үлкен бос кеңістік.

Сабақтың ортасы

  • минут

(С, К,Б) Төрт адамнан тұратын топтар волейбол ойнайды. Ойынның мақсаты – допты кері қарғығанға дейін қайтару оппонентке онымен ойнауға азырақ уақыт беретінін түсіну. Бір ойыншы допты арты жақтан сызық соңынан (егер бұл ол үшін тым қиын болса, жақынырақ арақашықтықтан) ол залдың қарама-қарсы бөлігінде қарғып түсетіндей етіп береді. Доп оны ұрғанға дейін қарғып кетуі мүмкін, бірақ ойыншылардың қалған бөлігі ол қарғып түскенге дейін немесе қарғып түсу кезінде ұруы мүмкін. Аталған уақыт кезеңінде ұшу кезінде қанша соққы жасалғанын есептеңіз.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • допты жоғарыдан екі қолмен дұрыс қайтарады.
  • допты екі қолмен төменнен дұрыс қайтарады.
  • төменен допты қабылдаған кезінде, шынтақтарын түзу ұстайды;
  • қателерін талқылайды

(С, Қ, Б) Волейбол торымен бөлінген жақтардың біріге екі, үш немесе төрт команда торға беттерімен қарап бағанға тұрады, торға дейінгі арақашықтықты мұғалім анықтайды. Қарама-қарсы алаңда берілген арақашықтықта өз бағандарына қарсы оқушылар тұрады - әр командадан бір-бір оқушыдан. Бағандарда бірінші тұрған оқушылар қолдарына доп ұстайды. Белгі бойынша олар алаңның қарама-қарсы жағына тор арқылы беруді орындап, өз бағандарының соңына кетеді. Алаңның басқа жағында тұрған оқушылар допты қағып алуға немесе оны еденнен көтеріп алуға тырысады, содан кейін мұғалім белгілеген шекара сызығына жүгіріп келіп, өз бағанына береді. Жаңа бағыттаушы допты қағып алып, тапсырманы қайталайды.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • допты жоғарыдан екі қолмен дұрыс қайтарады;
  • допты екі қолмен төменнен дұрыс қайтарады;
  • қателерін талқылайды.

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық, волейбол торлары немесе аумақты белгілеу үшін орындықтар/конустар, сондай-ақ доптар

Волейболдағы допты берулер туралы шеберлік сыныптары:

https://www.youtube.com/watch?v=13JTgN4GDRg

https://www.youtube.com/watch?v=S98wO9zcjN8

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия өткізеді:

  • нені білдім, неге үйрендім
  • не түсініксіз болып қалды

тағы немен жұмыс істеу қажет

Стикерлер, маркерлер, қаламдар.

Саралап оқыту - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау: – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс: - денсаулық және қауіпсіздік ережелері. - АКТ. - құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға кеңес беру арқылы қолдау көрсетуді жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырмаларды екі реттен қайталауға ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Мұғалім келесі сөздерді қолданады:

«Жақсы!», «Тамаша!», «Мұқияттырақ!», «Жинал!», «Сен бұдан да жақсы орындай аласың!»

Келесі сұрақтар қойылады:

Сіздер физикалық денсаулықты нығайтуға арналған қандай жаттығуларды білесіңдер және қолдана аласыңдар? Сабақтарда қауіпсіздік ережелері қандай?

Коллаборативті орта құру, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмалар құрастыру, қызмет түрін ауыстыру, кеңес беру.

Сабақ бойынша рефлексия

  • Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асатындай болды ма?
  • Барлық оқушылар ОМ жете алды ма?
  • Егер жете алмаса, неліктен жете алмады?
  • Сабақта саралап оқыту дұрыс жасалды ма?
  • Сабақта уақыт кезеңдері бұзылған жоқ па( уақыт жоспарын орындадым ба)?
  • Жоспарға қандай өзгерістер және неге енгіздім?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Белгілер:

С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс Тәж. = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу