Күш және шыдамдылықты жақсартуға қозғалыс іс-әрекеттері. Дене шынықтыру, 7 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар

5-бөлім Шаңғы /кросс/ коньки дайындығы.

Сабақ тақырыбы: Күш және шыдамдылықты жақсартуға қозғалыс іс-әрекеттері.

Бірмезгілдегі бір адымды жүріс. Екі шаңғымен сырғанай отырып, бір қалыпты қимылмен екі таяқты да ілгері шығарады, салмақты аяқтың ұшына түсіреді.Осы жағдайда тізені аз ғана бүгіп, бір аяқпен сырғанай отырып екінші аяқты ілгері шығарып, осы аяққа салмақты салады, сонымен бір мезгілде таяқ қарға тіреле бастайды. Аяқты сермеудің аяқталар кезінде таяқтар сәл-пәл ілгері еңкейтілген жағдайда болады. Ақырында, шаңғышы екі таяқпен итеріп, кейін тұрған аяқты алғашқысының жанына әкеледі. Жүрістің бұл түрінде екі таяқ қатар, екі аяқ кезек-кезек серпіліп отырады.Шаңғымен бір мезгілдегі бір адымды жүрісті жазықтау төбелерден түсу арқылы үйренеді. Жаттығуды санау арқылы үйренуге де болады; «бір»-адымдап, таяқты шаншу, «екі»- қолмен итеру, «үш»- аяқты бірге ұстау. Қол және аяқпен қатты сермеуге, сілтейтін аяқты шапшаң екінші аяқпен біріктіруге назар аудару қажет.1-2 рет қайталау

1Алма-кезек екі адымдыжүріс. Бұл жүріс көбінесе тегіс жермен жүргенде пайдаланылады және шаңғы тебудегі негізгі әдістің бірі болып табылады. Алма-кезек екі адымды жүрістің техникасын меңгеру үшін төмендегі жаттығуларды шаңғысыз, кейін шаңғымен орындау арқылы үйренуге болады.

1.Аяқты жартылай бүгіп қысқа адыммен жүру.Жаттығу шаңғысыз өрлеу жерге шыққанда орындалады. Жүруді қысқа адыммен аяқты бос ұстап, жай қозғала жүруден бастайды.

2.Бір орында тұрып сілтеу. Жартылай бүгілген аяқта тұрып, екінші аяқпен және екі қолмен ілгері-кейін үйлесімді сілтеу қимылын жасау керек.Бірақ машықтанған соң осы қимыл-қозғалысқа 3-4 сілтеуден кейін шамалы ғана ілгері еңкеюді қосу қажет.

3.Қозғалысты аяқтың басымен аяқтау.Бұл жаттығу салмақтың тобыққа қосылған жеріндегі аяқ басын серпілтетін бұлшық еттерді жазу арқылы орындалады.

4.Толық адыммен жүру. Бастапқыда аяқ пен қолдың сілтеу қимылы қуатты болуды, аяқпен жылдам және күшті серпілуді қажет етеді.

5.Шаңғымен серіппелі қозғалыс жасамай сырғанау.Ілгері қарай жылжу – сол қалпын өзгертпей,таяқты қарға тіреген қалыпта еңкею арқылы қозғалу.Артынан кеудені қозғалыссыз қалыпта ұстап, тек қолдың күшімен қозғалу.Соңында кеудені еңкейту арқылы қолмен итере отырып қозғалу. Алма-кезек екі адымды жүрістің техникасы; оң аяқпен адымдап жүрген кезде сол қолдағы таяқты алға қарай шығарып қарға тірейді; оң қолмен және сол қолмен кезек-кезек тіреп итереді, дененің салмағы оң аяққа түседі; сол аяқпен жүргенде оң қолды ілгері шығарады, салмақ сол аяққа түседі Содан кейін сол аяқтың буындары босаңсиды және шаңғының өкше жағы өз екпінімен жоғары көтеріледі. Бұл кезде оң аяқ сырғанау қалпында болады. Шаңғының сырғанауы тоқтай берген кезде оң аяқтың ұшы тұсына сол қолдағы таяқ қарға тіреледі және сол аяқты өзіне қарай жинап, оң қолды бір мезгілде алға қарай шығарады. Осылай алма-кезек екі аяқты алмастыра отырып сырғанайды.

Қортынды бөлім.

Сабақ барысындағы кемшіліктер мен жетістіктер.Үйге тапсырма беру. Оқушыларды бағалау. Сап түзел,тік тұр! Сабақ аяқталды сау болыңыздар! «Оңға», «Солға» бұрыл лек бойынша мектепке шаңғымен қадам бас.

Бұл жаттығу аяқты еркін сілтеп жүру қимылын қалыптастыруға аса тиімді. Үйлесімділікті жақсарту үшін бұл жаттығу қол мен таяқтың қимылымен орындалады.

Қолды қозғай отырып.

Бұл таяқсыз орындалады.

Сонан соң осы жаттығуды таяқпен орындауға және серпілудің дұрыс орындалуына назар аудару керек.

Жалпы, таяқсыз жүру аяқтың күшін рыс пайдалана білуге, тепе-теңдікті сақтауды қалыптастыруға,дене салмағын бір аяқтан екінші аяққа ауыстыра білуге үйрететінін есте сақтаған жөн.

(оң аяқпен адымдап жүргенде).

Бұрылуды ,лекпен жүруді ара қашықтықты сақтауды қадағалау.Шаңғыны ұқыпты шешіп, қарын тазалап, мұқият жинау.

Шаңғы спорты тест жинағы

1.Сырғу адымының IV фазасы

A) итерілетін аяқтың итерілу кезінде түзетілуі

B)& итерілетін аяқты сәл бүгіп итерілу

C) бүгілген аяқпен сырғу

D) тіректегі аяқпен сырғу кезінде түзету

E) еркін сырғанау.

*****

2.Сырғу адымының V фазасы

A)& итерілетін аяқтың итерілу кезінде түзетілуі

B) итерілетін аяқты сәл бүгіп итерілу

C) бүгілген аяқпен сырғу

D) тіректегі аяқпен сырғу кезінде түзету

E) еркін сырғанау.

*****

3.Шаңғышының дене салмағына тең, үнемі тік төмен бағытталатын күші

A) сырғанау үйкеліс күші

B) тыныштықтың үйкеліс күші

C) ауа қарсылығының күші

D)& ауырлық күші

E) қысым күші.

*****

4.Шаңғышының сырғу кезінде пайда болатын күш

A)& сырғанау үйкеліс күші

B) тыныштықтың үйкеліс күші

C) ауа қарсылығының күші

D) ауырлық күші

E) қысым күші.

*****

5.Аяқпен итерілу кезінде шаңғының қарға жабысуы, итерілген кезде қар мен шаңғының арасында пайда болатын күш

A) сырғанау үйкеліс күші

B)& тыныштықтың үйкеліс күші

C) ауа қарсылығының күші

D) ауырлық күші

E) қысым күші.

*****

6.Шаңғышының қозғалу кезінде пайда болатын күш көбіне қарама-қарсы дене қалпының өтіміне және жылдамдық квадратының үйлесіміне байланысты

A) сырғанау үйкеліс күшіне

B) тыныштықтың үйкеліс күшіне

C)& ауа қарсылығының күшіне

D) ауырлық күшіне

E) қысым күшіне.

*****

7.Қозғаушы дағдының фазасы

A)& білімділік

B) жалпы

C) бақылау

D) қорытынды

E) жеке дара.

*****

8.Қозғаушы дағды қалыптасуының екінші фазасы

A)& пайда болу

B) генерализация (шашыранды пайда болу)

C) бақылау

D) тұрақтылық

E) білімділік.

*****

9.Қозғаушы дағды қалыптасуының үшінші фазасы

A) пайда болу

B) генерализация (шашыранды пайда болу)

C) бақылау

D)& тұрақтылық

E) білімділік.

*****

10.Шаңғымен жүру техникасын үйрету кезінде қолданылатын негізгі үйрету әдістемесі

A)& 3

B) 4

C) 5

D) 6

E) 2.

*****

11.Оқытып-үйрету әдістері

A) сана мен белсенділік

B) үнемі және бірқалыпты

C) жеткіліктік

D) беріктік

E)& ауызша.

*****

12.Оқытып-үйрету әдістері

A) аралық

B) ойын арқылы

C)& көрнекілік

D) қайталау

E) жарыс арқылы.

*****

13.Оқытып-үйрету әдістері

A) аралық

B) ойын арқылы

C)& практикалық

D) қайталау

E) жарыс арқылы.

*****

14.Шаңғы жүрістерінің техникасын үйрету өткізіледі

A) баптау шаңғы жолдарында

B) үйрету-баптаужолдарында

C)& оқыту-үйрету алаңында

D) дөңес жерде

E) үйрету шаңғы жолдарында.

*****

15.Шаңғымен жүру тәсілін баптау және жетілдіру өткізіледі

A) баптау алаңында

B) үйрету-баптау шаңғы жолында

C) оқытып-үйрету алаңында

D) дөңес жерде

E)& үйрету шаңғы жолында.

*****

16.Шаңғышының төзімділігін және жылдамдығын жетілдіру өткізіледі

A)& баптау алаңында

B) үйрету-баптау шаңғы жолында

C) оқытып-үйрету алаңында

D) дөңес жерде

E) үйрету шаңғы жолында.

*****

17.Шаңғымен жүру тәсілдерін үйрету реті

A) алма-кезек екі адым, алма-кезек төрт адым, бір мезгілде адымсызжәне бір мезгілде бір адыммен, бір мезгілде екі адыммен жүру

B) алма-кезек екі адым, бір мезгілде адымсыз, бір мезгілде бір адым, бір мезгілде екі адым, алма-кезек төрт адыммен жүру

C)& алма-кезек екі адым, бір мезгілде адымсыз, бір мезгілде екі адым, бір мезгілде бір адым, алма-кезек төрт адыммен жүру

D) алма-кезек екі адым, бір мезгілде екі адым, бір мезгілде адымсыз, бір мезгілде бір адым, алма-кезек төрт адыммен жүру

E) алма-кезек екі адым, бір мезгілде бір адым, бір мезгілде екі адым, бір мезгілде адымсыз, алма-кезек төрт адыммен жүру.

*****

18.Бір мезгілдегі шаңғы жүрісін оқытудағы жүйелік

A) бір мезгілде бір адымдап жүру, бір мезгілде екі адымдап жүру, бір мезгілде адымсыз жүру

B)& бір мезгілде адымсыз жүру, бір мезгілде екі адымдап жүру, бір мезгілде бір адымдап жүру

C) бір мезгілде екі адымдап жүру, бір мезгілде адымсыз жүру, бір мезгілде бір адымдап жүру

D) бір мезгілде бір адымдап жүру, бір мезгілде адымсыз жүру, бір мезгілде екі адымдап жүру

E) бір мезгілде адымсыз жүру, бір мезгілде бір адымдап жүру, бір мезгілде екі адымдап жүру.

*****

19.«Шаңғы иыққа!» деген бұйрықты орындау саны

A) 1

B)& 2

C) 3

D) 4

E) 5.

*****

20.123. «Шаңғы аяққа!» деген бұйрықты орындау саны

A) 2

B)& 3

C) 4

D) 5

E) 6.

*****

21.Алма-кезек екі адымдап жүру циклінің элементтері

A) екі адым сырғанап жүру және бір мезгілде таяқпен күш алып жылжу

B)& екі адым сырғанап жүру және алма-кезек таяқпен екі рет күш алып жылжу

C) бір адым сырғанап жүру және бір мезгілде таяқпен итеріп жылжу

D) төрт адым сырғанап жүру және таяқпен екі рет күш алып жылжу

E) бір мезгілде таяқпен күш алып жылжу.

*****

22.Бір мезгілде бір адымдап жүру циклінің элементтері

A) екі адым сырғанап жүру және алма-кезек таяқпен екі рет күш алып жылжу

B) бір адым сырғанап жүру және алма-кезек таяқпен екі рет күш алып жүру

C)& бір адым сырғанап жүру және алма-кезек таяқпен күш алып жүру

D) екі тіректеп сырғанап және бір мезгілді таяқпен күш алып жылжу

E) төрт адым сырғанап қолмен екі рет күш алып жылжу.

*****

23.Бір мезгілде адымсыз жүру циклінің элементтері

A)& екі шаңғымен сырғанап және бір мезгілде екі қолмен күш алу

B) бір адым сырғанап және бір мезгілде қолмен күш алу

C) екі адым сырғанап және бір мезгілде қолмен күш алу

D) екі адым сырғанап және қолмен екі рет күш алу

E) төрт адым сырғанап және қолмен екі рет күш алу.

*****

24.Бір мезгілде екі адымдап жүру циклінің элементтері

A)& екі адым сырғанап жүру және бір мезгілде таяқпен күш алып жылжу

B) екі адым сырғанап жүру және таяқпен алма-кезек екі рет күш алып жылжу

C) бір адым сырғанап жүру және бір мезгілде таяқпен итеріп жылжу

D) төрт адым сырғанап жүру және таяқпен екі рет күш алып жылжу

E) бір мезгілде таяқпен күш алып жылжу.

*****

25.Алма-кезек төрт адымдап жүру циклінің элементтері

A) екі шаңғыда сырғанап және бір мезгілде қолмен күш алу

B) бір адым сырғанап және бір мезгілде қолмен күш алу

C) екі адым сырғанап және бір мезгілде қолмен күш алу

D) екі адым сырғанап және қолмен екі рет күш алу

E)& төрт адым сырғанап және қолмен рет күш алу.

*****



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.