Қауіпсіздік ережесі. Акробатикалық жаттығулар жинағы. Дене шынықтыру, 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Гимнастика | Мектеп: ФМБ НЗМ Қостанай қаласы | ||||
Күні: 14.11.2018 | Мұғалім аты-жөні: Еришев. А.Қ. | ||||
Сынып:10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||
Сабақ тақырыбы: | Қауіпсіздік ережесі. Акробатикалық жаттығулар жинағы Акробатикалық жаттығулар жинағы | ||||
Оқу мақсаты: | 10.1.2.1. Жаттығулардың кең ауқымында қисындар мен олардың реттілігін бейімдеу | ||||
Сабақ мақсаты:
| Дене дайындығына арналған гимнастикалық жаттығулар жасату. Кіші аттан аяқты ашып секіруді үйрету. Арқанмен жоғары өрмелеп шығуды үйрету. | ||||
Жетістік критериі | Жарақат алу себептері және олардың болдырмау әдістерін түсінеді. Жаттығулардың кең ауқымында қисындар мен олардың реттілігін дұрыс орындайды. | ||||
Тілдік мақсат: | Барлық оқушылар үйренеді: акробатика және ырғақты гимнастика элементтерін білуді көрсете және талқылай алады. Пәндік лексика және терминология: бұрылулар,аударылып түсулер, арқан, гимнастикалық маттар. Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері: Сендер тағы қандай жаттығулар орындай алар едіңдер? | ||||
Құндылықтарды арттыру: | Сабақ кезінде оқушылардың бір-біріне деген сенімділігін арттыру. Топта әділ жұмыс жасауға бейімдеу | ||||
Жалпы ғаламдық тәрбиелеу | Осы өмірге деген сезімдеріне жауаптылықпен қарау. | ||||
Нақты оқу | Гимнастиканың спорттық түрлерін ажыратып, элементтер арқылы комбинация құруды үйренеді. | ||||
Пән аралық байланыс: | Физика, биология | ||||
АКТ қолдану дағдылар | Бейне жазба қарау, ғаламтордан волейбол әдісін көру. | ||||
Алдыңғы білім | Жаттығулардың кең ауқымдағы қимылдары мен олардың реттілігін бейімдеу | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | |||
Сабақтық басталуы- шақыру 10 минут | Оқушыларды сапқа тұрғызу сәлемдесу, сабақ мақсаттарымен, жетістік критийлерін таныстыру. Қауыпсіздік ережесімен таныстыру. Бір орында: оңға, солға, кері бұрылу. Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды белге қойып өкшемен жүру. Жартылай отырып жүру. Жеңіл жүгіріс. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау. Денімізді қалыпқа келтіру. 1.Жалпы дамыту жаттығулары. Оқушылар бір қатарға тұрып бір орында қыздыру жаттығуларын орындайды. |
Кедергі тегергіштер, секіртпелер. | |||
Сабақтың ортасы - ойлану 65 минут | 1.Оқушылар гимнастикалық төсенішті алып, жаттығуларды орындайды. а. алақаның ішке қаратып, қолды жоғары көтеріп, тез отырып топтасады. ә. төсеніште отырып, тізесін кеудеге тигізіп топтасады; б. төсеніште жатып, тізесін кеудеге тигізіп топтасады; в. төсеніште жатып, аяғының ұшын төсенішке тигіземіз. Дескриптор: -техника қауыпсіздігін сақтайды ; -оқушылар техниканы қолданады; -оқушылар дене дайындығының сапасын жақсартады; 2. Оқушылар акробатикалық жаттығуларды орындайды. 1.Жаурынға тұру 2. Алға домалау 3. Артқа домалау Дескриптор: - техника қауыпсіздігін сақтайды; - оқушылар гимнастикалық элементтерді дұрыс техникамен орындайды. - жаурынға тұру жаттығуын дұрыс техникамен орындайды; - алға домалау жаттығуын дұрыс техникамен орындай алады; - артқа домалау жаттығуын дұрыс техникамен орындай алады. 3. Ағаш аттан секіру – гимнастикалық көп сайыстың қарапайым түрлерінің бірі. Ол, ең алдымен, күрделі тіреп секіру жаттығуларын меңгеруге көмектеседі. Аяқты бүгу тәсілімен тіреп секіруді орындау техникасы: 1.екпіндей жүгіру 2.көпіршені басу 3.аяқпен серпілу 4.қолды ағаш атқа тіргенге дейінгі қалықтап ұшу 5.қолмен серпілу 6.қолмен серпілуден кейінгі қалықтап ұшу 7.жерге түсу. Дескриптор: 1. аяқпен серпілуден кейін қолды ағаш атқа тіреу; 2. қолдың тірелгенін сезгеннен соң жамбасты сілке көтеру және аяқты екі жаққа созу арқылы қолды тіреп отыру қалпына келу; 3. кеудені жаза түсіп, жоғары қарай ағаш аттан серпіле секіру және қолмен көмек бере отырып, ұшу кезінде белді артқа қарай ию. 4. Арқанға өрмелеу Арқанға өрмелегенде қол мен аяқтың күшін үйлестіре пайдалану керек. Арқанға өрмелеудің үш тәсілі қолданылады. 1. Арқанға аяқтың қолдың көмегімен өрмелеу. 2. Арқанды екі тіземен қысып тұрып қолды босата беріп жоғарыдан ұстап өрмелеу. 3. Арқанға қолдың күшімен өрмелеу | Оқушы саны бойынша гимнастикалық маттар
| |||
Сабақ соңы –рефлексия 5 мин | Оқушылар көкіректі демді реттейді, демді ішке алғанда аяқтың ұшымен жүру, демді шығару. Көзді жұму, бүгін жақсы жасаған нәрсе туралы ойлану. Сабақтың жағымды жақтарын белгілеу. Рефлексия және бағалау. | ||||
Қосымша ақпарат | |||||
Дифференциация - Сіз неғұрлым қолдау көрсетуді қалай іске асырасыз? Сіз неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау - оқушылардыңң материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруге болады? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасы | |||
Сабақ бойынша рефлексия | Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||
Жалпы баға: Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:Сабаққа барлығы толығымен ынталы қатысты. 2:Оқушылардың спорт ойын түрлеріне қызығушылығы. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақтың барысында қызықты ойындар өткізу. 2: Тоқсанның соңында жарыс өткізу. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? 1: Кей оқушылардың жаттығу орындау кезінде дене қимылына байланысты жаттығуды орындауда қиындықтары туындайды. Олармен жеңіл жаттығуларын жиынтығын орындау | |||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.