Қауіпсіздік ережесі. Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 27 сабақ.
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 27
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 3 сынып | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Қауіпсіздік ережесіЖаттығулар арқылы икемділікті дамыту | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.3.4.4. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын орындау кезінде тиісінше жауап қайтарып, қиындықтар мен тәуекелдерді қалай еңсеру керек екендігін түсіну және көрсету | |||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқудың тілдік мақсаты Оқушылар: Гимнастикалық қозғалыс дағдыларын көрсету Пәндік лексика және терминология Мыналарды қамтиды:
Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану. Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу; Бір-бірін құрметтеу «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау. Мәдениетаралық түсінікті дамыту | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Хореография (ритмикалық, тепе-теңдік, акробатикалық жаттығуларды орындау барысында аяқ-қолдың икемділігі мен үйлесімділігін анықтайды) | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ арқылы жаттығулардың орындалуын оқушыларға көрсету. | |||||||||
Бастапқы білім | Бұл бөлімде оқушылар гимнастикалық жаттығулар сериясы арқылы ептілікке, күшке, иілгіштікке, шыдамдылыққа, тепе-теңдік сақтауға және корординацияға арналған ойындар ойнайды. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 10 мин. | «Тақырып көлеміндегі әрекеттер» Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау. Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жетістік өлшемдерімен таныстыру; Оқушылардың жүрек соғысын көтеру үшін, жалпы жарақаттардан сақтандыру үшін қыздырыну жаттығуларын орындайды: -спорттық залды айналып жүгіру: -екі тізені көтеріп қолға тигізіп жүгіру, қолды түсіріп екі аяқты тигізіп жүгіру, екі қол белде аяқты жанына қойып жүгіру, қол белде аяқты созып жүгіру, оң, сол жағымен жүгіру; - аңдардың жүрістерін салып жүгіру: - аюша жүру; қоян құсап секіру; тиінше секіру; тарбақаша секіру; -демді қалыпқа келтіру үшін жәй жүріспен спорттық залды айналып демалу жаттығуларын орындау: терең дем алу және дем шығару. -әр бір оқушыға гимнастикалық төсеніш, гимнасикалық таяқша беріліп жаттығулар орындалады. Акробатика сабақтарының алдында барлық дене бұлшық еттерін жақсы созу керек, бұл ширатуды қамтиды. Оқушылар созылуға арналған жаттығулар кешенін орындайды. Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету. | Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы. Ысқырық, секундомер т.б | ||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин. | «Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту» Оқушыларға алдымен гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережесін түсіндіру, таныстыру. Жаттығулар арқылы икемділікті дамыту үшін арнайы тапсырмалар орындату. Оқушыларды екі немесе үш шағын топтарға бөліп, гимнастикалық элементтері бар кешенді жаттығулардың кем деген бес түрін көрсетіп, орындап беру. Топтардың дайындығына 5-10 минут уақыт беру. Дскрипторлар:
Оқушылар бір-біріне кешенді жаттығуларды көрсетеді. Топтар өзара бағалау жүргізеді. Жаттығуды орындауда қандай қиыншылықтар кездесті? Бұл жаттығулардың пайдасы бар ма? деген мұғалімнің сұрағына оқушылардан жауап алу. Орындап көрсеткен жаттығу жұмыстарына кері байланыс беру. Уақыт қалса, оқушыларды тең екі топқа бөліп, гимнастикалық элементтері бар эстафеталық ойын ойнату. 1-эстафета Әр топтың ойыншылары белгіленген жерге дейін резинка доппен секіріп жүгіріп келеді. Допты келесі ойыншыға лақтырмай беру. 2-эстафета Шығыршықпен белгіні айналып жүгіріп келу. Шығыршықты белге айналдырып немесе жерге айналдырып жүгіру. 3-эстафета Ойыншылар екі қолмен екі допты жерге сырғанатып алып журу. Белгіге қойып кетеді келесі ойыны алып кетеді. Ойын осылай жалғасады. Дискрипторлар:
| |||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | «Сабақты қорытындылау» Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды. Үй тапсырмалары беріледі; Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады). | Бос кеңістік. Әрбір оқушыға «Кері байланыс картасы». | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Арнайы дәрігерлік топтағы оқушылар және сабақтан уақытша босатылған оқушылар көшбасшылық міндетін атқарады. -барлық оқушылар қыздырыну жаттығуларын орындау кезінде басшылыққа алады; -оқушылардың басым көпшілігі кешенді жаттығуларын орындай алады және босатылған оқушылар бағалайды ; -кейбір оқушылар үш нүкте жасап ,яғни басқа тұру жаттығуларын орындай алады. | Әр білім алушы өзінің іс-әрекеті туралы сыныптастарымен талқылай алады; Оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін дайындалып қойылған белгілі бір критерийлермен немесе кері байланыс беру арқылы жүзеге асыруға болады; Нақты бағалау үшін жоғарыда көрсетілген алдын-ала дайындалған критерийлерді пайдаланамын. | Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру; Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы, тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті; Әр оқушының жүрісін, тұрысын назарда ұстау. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру