Қазақтың ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 42 сабақ.
4-бөлім Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары
Оқу мақсаты:
6.2.3.1. Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтау және қолдана білу
Сабақтың тақырыбы:
Қазақтың ұлттық ойындары
Сабақтың мақсаттары:
Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтауға және қолдана білуге үйрету.Бағалау критерийлері :
Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтай және қолдана алады.
Тілдік мақсаттар
Түрлі ойын контексттеріндегі ойын ережелерін және қозғалыс дағдыларын біліп, талқылай алады.Мыналарды қамтиды:Ұлттық ойындаркоманда, ойыншы, төреші қарсылас, шабуыл, қорғанысереже, баға, әділ ойынТалқылауға арналған сұрақтар:Жарыс кезінде ойындарда серіктестік қалай дамиды?Жарыс кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады?Командаңыз бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз?Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта түрлі қазақ ұлттық ойындарында алған жалпы шеберліктері мен стратегиялық түсініктеріне ие.
1-ші тапсырма. (Т, Ж, ҚБ) Білім алушыларды «Көкпар» ойынының шығу тарихымен, ережесімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырылады. Одан кейін ойыншылар саны жағынан тең командаларға бөліп, «Жаяу көкпар» ойынын өткіземін. Командалар шеткі сызықтың бойына сапқа тұрады. Шеткі сызықтан 15-20м қашықтықта көкпар қойылады. Әр командданың ойыншыларының міндеті, қарсыластарынан бұрын «көпарды» алып, командаластарымен бір-біріне «көкпарды» беріп, қарсыластардың қақпасына «салымды» салу. Ең көп «салым» салған команда жеңіске жетеді.
1-ші тапсырманың дескрипторлары:- Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтайды және қолдана біледі;- ұлттық ойындары ойнау кезінде қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды.Сұраңыз: Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?
2-ші тапсырма
Білім алушыларды ойынның ережесімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, ойыншылар саны жағынан тең командаларға бөліп, «Арқан тартыс» ойынын өткіземін. «Арқанға жақында!» бірінші белгісі бойынша ойыншылар командада жұптарға бөлініп, арқанның оң және сол жақтарына тұрады. «Арқанды ұста!» екінші белгісі бойынша жұптар еңкейіп, арқанды көтереді. Мұғалімнің ысқырығы бойынша командалар арқанды өз жағына тартуға тырысады. Командалардың бірі арқанды тартып, бақылау сызығынан 3 м кейін шегіне алған кезде (арқанның ортасындағы бауымен белгіленген жерінен), ысқырық беріліп, күрес тоқтатылады. Арқанды орнына қойып, ойынды қайталайды. Арқанды өз жағына көп рет тарта алған команда жеңіске жетеді.2-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын анықтайды және қолдана біледі;- ұлттық ойындары ойнау кезінде қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды.Сұраңыз: Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімБағдаршамның түстері бойынша тақырыпты меңгергендігінРесурстар:
Үлкен бос кеңістік.Доп, шеңберлер, шеңберлерді сызу үшін бор, алаңды белгілеу үшін конустар немесе фишкалар, командаларды белгілеу үшін манишкалар, баулар, ысқырық, ұзындығы 4-6 м кем емес арқан, сызықты белгілеу үшін бор, мұғалімге ысқырық.«Жаяу көкпар» интернет ресурсына сілтеме:http://igrushka.kz/vip27/peskok.shtmlhttps://www.youtube.com/watch?v=FfFZmY4Fm9I«Арқан тарту» ойыны интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=sU47RYbRAhshttps://www.youtube.com/watch?v=W9GoaJXiaGIhttps://www.youtube.com/watch?v=LT2spaOVTGAНазарларыңызға рахмет!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.