Қазақтың ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 43 сабақ.


4-бөлім Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Оқу мақсаты:

6.3.5.1. Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдана білу

Сабақтың тақырыбы:

Қазақтың ұлттық ойындары

Сабақтың мақсаттары:

Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларын қолдана білуге үйрету.

Бағалау критерийлері :

Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Түрлі ойын контексттеріндегі ойын ережелерін және қозғалыс дағдыларын біліп, талқылай алады.

Мыналарды қамтиды:

Ұлттық ойындар

команда, ойыншы, төреші

қарсылас, шабуыл, қорғаныс

ереже, баға, әділ ойын

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жарыс кезінде ойындарда серіктестік қалай дамиды?

Жарыс кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады?

Командаңыз бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз?

Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта түрлі қазақ ұлттық ойындарында алған жалпы шеберліктері мен стратегиялық түсініктеріне ие.

1-ші тапсырма. (Т, Ж, ҚБ) Білім алушыларды ойынның ережесімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, «Тақия тастамақ» ойынын өткіземін. Ойнаушылар шеңберге тұрады және жүргізушіні таңдайда. Оның қолында тақия болады. Ол келесі сөздерді айтып, балаларды айналады: Асықпай ойынды бастаймыз: шеңбер құрап отырамыз». Осы сөздерден кейін балалар отырады да, жүргізуші жалғастырады: «Жаймен, асықпай сендерді айналамын. Осы кезде тақияны білдіртпей бір ойыншының жанына қоямын. Егер ол байқамаса, тақиямен ұрамын. Сол ойыншыға ойынды жалғастыруға тура келеді». Осы сөздерді айтып, жүргізуші алдымен біреудің артына тақияны білдіртпей еденге қояды. Сөз аяқталғаннан кейін балалар айналасынан қолдарымен тақияны іздейді; тақияны артынан тапқан оқушы жүргізушіні қуып жетіп, басына тақияны кигізеді. Егер ойыншы жүргізушіні қуып жетпесе, онда жүргізуші ойыншыны қуып жетіп, ақырын тақиямен ұруы тиіс. Осылай бір шеңбер айналады. Осыдан кейін келесі жүргізушіні таңдайды.

1-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдана біледі;

- ұлттық ойындарды ойнау кезінде қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды.

Сұраңыз: Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?

2-ші тапсырма

Білім алушыларды ойынның ережесімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, «Аларман» ойынын өткіземін. Сыныпты бірнеше топқа бөлу. Ойынға қатысушылар тізбекке тұрып, олардың әрқайсысы алда тұрған ойыншының белінен ұстайды. Жүргізуші, тізбектің басында тұрғаг ойыншының алдында бетпе-бет тұрады да, мұғалімнің белгісі бойынша тізбектің оң және сол жақтарынан өтіп, тізбектің соңындағы ойыншыға ұстап алып, «дақтауға» тырысады. Егер оның қолынан келсе, тізбектің алдына тұрады, ал ұсталған ойыншы – жүргізуші болады, және ойын осылай жалғасады.

2-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдана біледі;

- ұлттық ойындары ойнау кезінде қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды.

Сұраңыз: Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.

Алаңды белгілеу үшін бор немесе фишкалар, тақия.

«Қазақтың ұлттық ойындары. Аларман» интернет ресурстарына сілтеме:

http://igrushka.kz/vip83/kazigr2.php

https://www.youtube.com/watch?v=-nfAMZKUnzU

Қазақтың ұлттық ойындары интернет ресурсына сілтеме:

http://igrushka.kz/vip83/kazigr1.php

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.