Акробатикалық жаттығулар комбинациясын орындау. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 28 сабақ.
3-бөлім Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру
Оқу мақсаты:
6.3.2.1. Дене қыздырыну мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және оларды орындау
Сабақтың тақырыбы:
Акробатикалық жаттығулар комбинациясын орындау
Сабақтың мақсаттары:
Дене қыздырыну мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін және олардың орындалуын түсіндіруБағалау критерийлері :
Дене қыздырыну мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіре және оларды орындай алады
Тілдік мақсаттар
Композициялық дайындық кезінде жеке, жұптық және топтық гимнастикалық тапсырмаларын көрсете және сипаттай алады.Мыналарды қамтиды: гимнастикалық снаряд, көтеру орнына қою;мақсат, тәуекел, қауіпсіздік;алға домалау, артқа домалау.Талқылауға арналған сұрақтар:Акробатикалық жаттығулардың денеге әсері қандай? Снарядтарда жаттығулар орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек? Егер сіз сабақ кезінде өзіңізді нашар сезінсеңіз, қолыңыздың терісі немесе жаралардың қызаруы, пайда болса қандай әрекет жасайсыз?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған гимнастика бойныша білімдері мен дағдылары бар.
(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар алға домалау техникасын үйренуге арналған жаттығуларды орындайды:
Бір орында:Осы тапсырманың дескрипторлары:- Гимнастика сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;- Негізгі қалыпта тұрады. Оң(сол) қолын түзу жоғары көтереді;- Гимнастикалық маттың алдында аяқтарын қосып, оларды тізеде бүгіп, сәл отырады;- Қолдарын алдында гимнастикалық матқа қойып, шынтақта сәл бүгеді (қолдарын иық деңгейінде қояды);Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Иықтарын алға жіберіп, дене салмағын қолдарына түсіреді. Аяқтарын тізеде түзеп, иегі кеудесіне тигенше басын алға иеді. - Аяқтарымен итеріліп, дене салмағын екі қолына түсіріп, желкесін тигізе алға аударылып, жауырынға, арқаға түсіп, аяқтарын бүгеді. - Топтасу: шынтақтарын денесіне қысып, қолдың буынымен жіліншігін ұстайды, арқасы дөңгелек.- Тұру: домалауды орындағаннан кейін табандары еденге толық қойылған, аяқтары жазылған, ал қолдарын басынан жоғары екі жаққа қояды, алақандары төмен.Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?(Т, Ж, ҚБ) Жауырынға тұру жаттығуы:
1. Теріс қарап жүреден отыру.2. Тізені ұстап артқа құлау.3. Аяқты бүгіп, қолды белге тіреу.4. Жауырынға тұрып аяқты түзу ұстау.Осы тапсырманың дескрипторлары:
- гимнастика сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;- Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? гимнастикамен айналысқан кезде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімБағдаршамның түстері бойынша тақырыпты меңгергендігінРесурстар:
Үлкен бос кеңістік.Гимнастикалық бөрене немесе орындық, гимнасикалық маттар.Алға домалау техникасын үйрену интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=F899XDLzmU4https://www.youtube.com/watch?v=t8g-cyPt-2Qhttps://www.youtube.com/watch?v=a86s8-eEhU0 Жауырында тұру техникасын үйрену интернет ресурстарына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=ZVMw-QZfeZIhttps://www.youtube.com/watch?v=u98IVU1jgwU https://www.youtube.com/watch?v=vdSlvmww6AI«Мектептегі гимнастиканың теориясы мен əдістемесін үйрету негіздері » https://inside.wksu.kz/dmdocuments/%D0%9C%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96_%D0%B3%D0%B8%D0%BC%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D1%82%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BD_%D2%AF%D0%B9%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%83_%D0%BD%D0%B5%D0%B3%D1%96%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96_.pdfНазарларыңызға рахмет!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.