Акробатикалық жаттығулар комбинациясын орындау. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 29 сабақ.
3-бөлім Құрал жабдықтар арқылы гимнастика дағдыларын арттыру
Оқу мақсаты:
6.1.2.1. Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құру және орындау
Сабақтың тақырыбы:
Акробатикалық жаттығулар комбинациясын орындау
Сабақтың мақсаттары:
Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құруды және орындауды үйретуБағалау критерийлері :
Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құрастырады және оларды орындай алады.
Тілдік мақсаттар
Композициялық дайындық кезінде жеке, жұптық және топтық гимнастикалық тапсырмаларын көрсете және сипаттай алады.Мыналарды қамтиды: гимнастикалық снаряд, көтеру орнына қою;мақсат, тәуекел, қауіпсіздік;алға домалау, артқа домалау.Талқылауға арналған сұрақтар:Акробатикалық жаттығулардың денеге әсері қандай? Снарядтарда жаттығулар орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек? Егер сіз сабақ кезінде өзіңізді нашар сезінсеңіз, қолыңыздың терісі немесе жаралардың қызаруы, пайда болса қандай әрекет жасайсыз?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Алдын ала білімі:
Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған гимнастика бойныша білімдері мен дағдылары бар.
(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар комбинациялардағы жекелеген элементтерді қайталап, шеберліктерін шыңдайды. «Қарлығаш» элементін орындайды
Бастапқы қалып-негізгі тұрысАрқа түзуҚол екі жаққаАяқ біргеБір аяқты артқа көтеріп (аяқ барынша жоғары көтерілуі керек және екі аяқты түзу ұстау қажет)дене тік ұстау керек.Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Гимнастика сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;- Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Гимнастикамен айналысқан кезде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?(Т, Ж, ҚБ) Үйренген элементтерден акробатикалық жиынтық әдісін құру.
Бастапқы қалып-негізгі тұрыс, оң (сол) қол жағары.Алға домалау:отырып тірелу(тізелер бірге, қолдары жерде, иықтары алда, басы түзу);иықтар алға қарай берілген, дене салмағы қолға бағытталған, аяқты тіктей отырып иек кеудеге қысылған, аяқпен итеріліп домалау, жауырынға түсе берген кезде аяқтар бүгіледі;Жинақталу: шынтақтар денеге қысылған, қол сирақты қысады, арқа дөңгеленеді;Отырып тірелу: тізелер бірге, қолдар жерде, бас түзу;Негізгі тұрыс: өкше бірге, аяқтар тік, қолдар төмен, алақан ішке қарап тұрады.Осы тапсырманың дескрипторлары:
- Гимнастика сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;- акробатикалық комбинацияларды құрастырады;- акробатикалық комбинацияларды орындайды.Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Комбинацияларды орындау кезіндегі реттілікті сақтау қаншалықты маңызды?Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.Рефлексия
Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердімСары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым барҚызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедімБағдаршамның түстері бойынша тақырыпты меңгергендігінРесурстар:
Үлкен бос кеңістік.Гимнастикалық гимнасикалық маттар.«Қарлығаш» элементі интернет ресурсына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=B4LeP8g1NiE Комбинацияларды құрастыруға арналған жаттығулардың интернет ресурстарына сілтеме: https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D1%83%D0%BF%D1%80%D0%B0%D0%B6%D0%BD%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%8Fhttps://www.youtube.com/watch?v=UWLc-hpND2g https://www.youtube.com/watch?v=zpO-y4VTE60 «Мектептегі гимнастиканың теориясы мен əдістемесін үйрету негіздері » https://inside.wksu.kz/dmdocuments/%D0%9C%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96_%D0%B3%D0%B8%D0%BC%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D1%82%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B_%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D3%99%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D1%96%D0%BD_%D2%AF%D0%B9%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%83_%D0%BD%D0%B5%D0%B3%D1%96%D0%B7%D0%B4%D0%B5%D1%80%D1%96_.pdfНазарларыңызға рахмет!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.