Жүгіру, секіру реттілігі. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 2 сабақ.


1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту

Оқу мақсаты:

6.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету

Сабақтың тақырыбы:

Жүгіру секіру реттілігі

Сабақтың мақсаттары:

Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру

Бағалау критерийлері :

Қысқа қашықтықтарға жүгіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;

Дене жаттығуларының ағзаға әсерін түсінеді.

Дескрипторлар:

Қысқа қашықтықтарға жүгіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;

Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіреді;

Жүгіру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсетіп, түсіндіре алады.

Мыналарды қамтиды:

арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттері

дене жүктемелері, дене қыздыру жаттығулары және қалыпқа келтіру техникасы

ағзаның энергетикалық жүйесі

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді?

Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіріңіз?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Бастапқы білім:

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

1 тапсырма:

(Т, Ж, ҚБ) Білім алушылар екі командаға бөлінеді. Ойын эстафета ретінде өтеді. Белгі бойынша алғашқы тұрған ойыншылар бір аяқта белгіленген кедергілерге (конус, нығыздалған доп, гимнастикалық мат, орындық және т.б.) секіріп барып, үстінен бір орыннан секіру әдісін қолданып секіреді. Фишкаларды айналып өтіп, жүгіріп артқа қайтады да, келесі ойыншының алақанына өзінің алақанын тигізу арқылы эстафетаны береді де, өз командасының соңына барып тұрады. Эстафетаны бірінші болып аяқтаған команда жеңімпаз болады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Қысқа қашықтықтарға жүгіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;

- Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіреді.

Сұраңыз: Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды? Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді? Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіріңіз?

2 тапсырма:

Білім алушыларға төменгі сөренің орындалу техникасы көрсетіліп түсіндіріледі. Осыдан кейін олар тапсырманы практика жүзінде орындайды.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- «Сөреге!» белгісі бойынша сөре сызығынан бір табан өлшеп,тірелетін аяғын және итерілетін аяқтың тізесін жерге қояды;

- Қолдарын сөре сызығына жақын орналастырады. Тірелетін және итерілетін аяқтардың арасы 10см (өз алақанының көлемі);

- Бас денеге қатысты тік ұсталынады. Дене салмағы қолдары және тірелетін аяқтың табаны мен тізесі арасында біркелкі үйлестірілген;

- «Дайындал!» белгісі бойынша жүгіруші аяқтарын сәл түзеу ұстайды, итерілетін аяқтың тізесін көтереді;

- Дене түзу ұсталынады. Жіліншіктер қатар келген қалыпта жамбас иықтан жоғары деңгейге 10-20 см көтеріледі.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- «Жүгір!» белгісі бойынша оқушы тез алға қарай ұмтылады. Бұл қимыл аяқпен екпінді итеру мен қолдардың жылдам серпілуінен басталады. Итерілу екі аяқпен бір уақытта жасалады;

- Итерілетін аяқ сәл ғана жазылады да жамбаспен алға тез қозғалады, сонымен қатар алдыңғы аяқ барлық буындарда кенет жазылады.

Сұраңыз:

Дене жаттығулары ағзаға қалай әсер етеді? Түрлі дене жаттығуларын орындар алдында неліктен дене қыздыру жаттығуларын орындауымыз қажет? Дене жаттығуларының ағзаға әсерін түсіндіріңіз?

Рефлексия

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап,

рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Үйге тапсырма:

Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысы.

Рефлексия

"Бағдаршам" әдісі бойынша кері байланыс

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Бағдаршамның түстері бойынша тақырыпты меңгергендігін

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.

Ысқырық, конус, нығыздалған доп, гимнастикалық мат, орындық, фишкалар, бор.

Дене қыздыру жаттығуларына сілтеме:

http://www.tula-tf.ru/articles/elementy_razminki_ili_kak_

podgotovit_sebya_k_trenirovke.html

Төменгі сөренің орындалу техникасы интернет ресурстарына сілтеме:

http://msuathletics.ru/books/sprint/sprint_technique.html

 

https://www.youtube.com

/watch?v=L6bi7k_3gz0

Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу