Жүгіру, секіру реттілігі. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 9 сабақ.


1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту

Оқу мақсаты:

6.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету

Сабақтың тақырыбы:

Жүгіру секіру реттілігі

Сабақтың мақсаттары:

Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру

Бағалау критерийлері :

Биіктікке секіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;

Дене жаттығуларының ағзаға әсерін түсінеді.

Дескрипторлар:

Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіреді;

Биіктікке секіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;

Секіру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Тілдік мақсаттар

Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсетіп, түсіндіре алады.

Мыналарды қамтиды:

арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттері

дене жүктемелері, дене қыздыру жаттығулары және қалыпқа келтіру техникасы

ағзаның энергетикалық жүйесі

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Бастапқы білім:

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

1 тапсырма:

(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды. Осы кезде биіктікке секіру жаттығуларын орындау барысындағы қауіпсіздік ережелері мен дене қыздыру, қалпына келу техникаларының ағзаға тигізетін әсері түсіндіріліп, олардың орындалуы көрсетіледі. Осыдан кейін сынып шағын топтарға бөлінеді. Оқушылар әр топтан бір-бірлеп, түрлі әдістер қолданып, секіртпе жіп арқылы секіреді: екі аяқпен, бір аяқпен, т.б. Ең ұзақ уақыт сүрінбей секіретін ойыншы жеңімпаз болады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Биіктікке секіруге арналған жаттығулардың ағзаға тигізетін әсерін біледі;

- Биіктікке секіру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Секіртпе жіппен секіреді.

Сұраңыз: Биіктікке секіруге арналған жаттығулардың ағзаға тигізетін әсері қандай? Биіктікке секіру кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

2 тапсырма:

Сабақтың келесі бөлігінде секірудің орындалу техникасы көрсетіліп, түсіндіріледі. Осыдан кейін білім алушылар топтарға бөлініп, «Аттап басу» әдісі арқылы кіші топтарда биіктікке секіруді үйренеді. «Аттап басу» әдісі арқылы 5-7 адым жасап, 50-70 см биіктікте орналасқан белгітаяқшасынан (планка) секіреді. Екпін алудан итерілуге өткенде және белгітаяқшасынан өткен кезде жеке элементтеріне көңіл бөлінеді. Үйренген әдіс бойынша оқушылар тапсырманы 5-7 рет қайталайды. Тапсырманы аяқтағаннан кейін кіші топтарда өткізілген жұмыс бойынша рефлексия жүргізіледі.

2-ші тапсырманың дескрипторлары:

5-7 адымнан тұратын қашықтықтан екпін алады. Екпін алған кезде соңғы адым жылдамдырақ орындалады;

Секіру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Сұраңыз:

Секіру кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Рефлексия

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап,

рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Үйге тапсырма:

Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының ағзаға тигізетін әсері.

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік. ойын алаңы, ысқырық, өлшеуіш, конустар.

Дене қыздыру жаттығуларына сілтеме:

http://www.tula-tf.ru/articles/elementy_razminki_ili_kak_

podgotovit_sebya_k_trenirovke.html

Аттап басу әдісімен секіру интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=kdms4eGh8-4

https://www.youtube.com/watch?v=L8o9svCoDrg

Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу