Жүгіру, секіру реттілігі. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 2 сабақ.


1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту

Оқу мақсаты:

6.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету

Сабақтың тақырыбы:

Жүгіру секіру реттілігі

Сабақтың мақсаттары:

Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру

Бағалау критерийлері :

Дене жаттығуларының ағзаға әсерін түсінеді;

Дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды.

Дескрипторлар:

- Дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды және қауіпсіздік ережелерін сақтайды;

- Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіреді;

- Төменгі сөреден жүгіру техникасын дұрыс орындайды.

Тілдік мақсаттар

Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсетіп, түсіндіре алады.

Мыналарды қамтиды:

арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттері

ағзаның энергетикалық жүйесі

Талқылауға арналған сұрақтар:

Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіріңіз?

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Бастапқы білім:

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

1 тапсырма:

(Т, Ж, ҚБ) Сынып оқушылары «Түлкі мен тиін». қозғалмалы ойынын ойнайды. Оқушылар өз араларында бір «түлкі» мен бір «тиін» таңдайды.

Қалғандары «ағаштарды» суреттеп тұрады. Олар қол ұстасып, ойын алаңына екі-екіден тарап кетеді де, бетпе-бет тұрып, қолдарын жоғары көтереді. «Түлкі» «тиінді» қуалап, оған қолын тигізуге тырысады. «Тиін» оны болдырмау үшін «ағаштың» астына тығыла алады. "Тиін" "ағаштың" үстінде тығылып алған болса, жұп-жұппен тұрған ойыншылар қолдарын жіберместен отыра қалады. Ол арқасымен тұрған ойыншы бұдан былай "тиін" болады. Әр ойыншы кезекпен "түлкі" немесе "тиін" рөлін ойнамайынша ойын жалғаса береді.

1-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды және қауіпсіздік ережелерін сақтайды;

Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіреді.

Сұраңыз: Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды? Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді?

2 тапсырма:

(С, Ж, ҚБ) Білім алушыларға төменгі сөренің орындалу техникасы көрсетіліп түсіндіріледі. Осыдан кейін олар тапсырманы практика жүзінде орындайды.

2-ші тапсырманың дескрипторлары:

- «Сөреге!» белгісі бойынша сөре сызығынан бір табан өлшеп,тірелетін аяғын және итерілетін аяқтың тізесін жерге қояды;

- Қолдарын сөре сызығына жақын орналастырады. Тірелетін және итерілетін аяқтардың арасы 10см (өз алақанының көлемі);

- Бас денеге қатысты тік ұсталынады. Дене салмағы қолдары және тірелетін аяқтың табаны мен тізесі арасында біркелкі үйлестірілген;

- «Дайындал!» белгісі бойынша жүгіруші аяқтарын сәл түзеу ұстайды, итерілетін аяқтың тізесін көтереді;

- Дене түзу ұсталынады. Жіліншіктер қатар келген қалыпта жамбас иықтан жоғары деңгейге 10-20 см көтеріледі.

2 тапсырманың дескрипторлары:

- «Жүгір!» белгісі бойынша оқушы тез алға қарай ұмтылады. Бұл қимыл аяқпен екпінді итеру мен қолдардың жылдам серпілуінен басталады. Итерілу екі аяқпен бір уақытта жасалады;

- Итерілетін аяқ сәл ғана жазылады да жамбаспен алға тез қозғалады, сонымен қатар алдыңғы аяқ барлық буындарда кенет жазылады.

Сұраңыз:

Дене жаттығулары ағзаға қалай әсер етеді? Түрлі дене жаттығуларын орындар алдында неліктен дене қыздыру жаттығуларын орындауымыз қажет? Дене жаттығуларының ағзаға әсерін түсіндіріңіз?

Рефлексия

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Үйге тапсырма:

Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысы.

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.

Ысқырық, фишкалар, бор, Рефлексия парағы.

Төменгі сөренің орындалу техникасы интернет ресурстарына сілтеме:

http://msuathletics.ru/books/sprint/sprint_technique.html

 

https://www.youtube.com/watch?v=L6bi7k_3gz0

Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу