Жүгіру, секіру реттілігі. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 3 сабақ.


1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту

Оқу мақсаты:

6.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету

Сабақтың тақырыбы:

Жүгіру секіру реттілігі

Сабақтың мақсаттары:

Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіру

Бағалау критерийлері :

Қысқа қашықтықтарға жүгіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;

Дене жаттығуларының ағзаға әсерін түсінеді.

Дескрипторлар:

Қысқа қашықтықтарға жүгіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;

Төменгі сөреден жүгіру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және түсіндіре алады;

Жүгіру кезінде өз жолымен жүгіреді;

- Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіреді.

Тілдік мақсаттар

Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсетіп, түсіндіре алады.

Мыналарды қамтиды:

арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттері

дене жүктемелері, дене қыздыру жаттығулары және қалыпқа келтіру техникасы

ағзаның энергетикалық жүйесі

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Бастапқы білім:

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

1 тапсырма:

Білім алушыларға төменгі сөренің орындалу техникасы еске түсіріліп, практикада қолдану басталады.

1-ші тапсырманың дескрипторлары:

- «Сөреге!» белгісі бойынша сөре сызығынан бір табан өлшеп,тірелетін аяғын және итерілетін аяқтың тізесін жерге қояды;

- Қолдарын сөре сызығына жақын орналастырады. Тірелетін және итерілетін аяқтардың арасы 10см (өз алақанының көлемі);

- Бас денеге қатысты тік ұсталынады. Дене салмағы қолдары және тірелетін аяқтың табаны мен тізесі арасында біркелкі үйлестірілген;

- «Дайындал!» белгісі бойынша жүгіруші аяқтарын сәл түзеу ұстайды, итерілетін аяқтың тізесін көтереді;

- Дене түзу ұсталынады. Жіліншіктер қатар келген қалыпта жамбас иықтан жоғары деңгейге 10-20 см көтеріледі.

1-ші тапсырманың дескрипторлары:

- «Жүгір!» белгісі бойынша оқушы тез алға қарай ұмтылады. Бұл қимыл аяқпен екпінді итеру мен қолдардың жылдам серпілуінен басталады. Итерілу екі аяқпен бір уақытта жасалады;

- Итерілетін аяқ сәл ғана жазылады да жамбаспен алға тез қозғалады, сонымен қатар алдыңғы аяқ барлық буындарда кенет жазылады.

Сұраңыз:

Дене жаттығулары ағзаға қалай әсер етеді? Түрлі дене жаттығуларын орындар алдында неліктен дене қыздыру жаттығуларын орындауымыз қажет? Дене жаттығуларының ағзаға әсерін түсіндіріңіз?

2 тапсырма:

(С, Ж, К, ҚБ) Білім алушылар үйренген әдіс бойынша төменгі сөреден шығып жүгіреді. Жүгіру уақытында және өз кезектерін күтіп тұрғанда қауіпсіздік ережелері толығымен сақталады. Мұғалімнің «Сөреге!», «Дайындал!», «Жүгір!» белгісі бойынша оқушылар 4 адамнан кезекпен жүгіріп шығады. Тапсырма әр оқушы 3-4 рет қайталап орындағанша жалғасады.

2-ші тапсырманың дескрипторлары:

- Берілген қашықтықты жылдам өтеді;

- Жүгіру кезінде өз жолымен жүгіреді;

- Төменгі сөреден жүгіру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және түсіндіре алады;

- Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсінеді.

Сұраңыз: Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды? Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіріңіз?

Рефлексия

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап,

рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Үйге тапсырма:

Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысы.

Рефлексия

"Бағдаршам" әдісі бойынша кері байланыс

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Бағдаршамның түстері бойынша тақырыпты меңгергендігін

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.

Ысқырық, конус, нығыздалған доп, гимнастикалық мат, орындық, фишкалар, бор.

Дене қыздыру жаттығуларына сілтеме:

http://www.tula-tf.ru/articles/elementy_razminki_ili_kak_

podgotovit_sebya_k_trenirovke.html

Төменгі сөренің орындалу техникасы интернет ресурстарына сілтеме:

http://msuathletics.ru/books/sprint/sprint_technique.html

 

https://www.youtube.com

/watch?v=L6bi7k_3gz0

Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу