Жүгіру, секіру реттілігі. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 3 сабақ.
1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты:
6.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысын ұсыну және көрсету
Сабақтың тақырыбы:
Жүгіру секіру реттілігі
Сабақтың мақсаттары:
Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіруБағалау критерийлері :
Дене жаттығуларының ағзаға әсерін түсінеді;
Қысқа қашықтықтарға жүгіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды.
Дескрипторлар:
Төменгі сөреден жүгіру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және түсіндіре алады;
Қысқа қашықтықтарға жүгіруге арналған түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындайды;
Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіреді;
Жүгіру кезінде өз жолымен жүгіреді.
Тілдік мақсаттар
Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсетіп, түсіндіре алады.Мыналарды қамтиды:арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттеріағзаның энергетикалық жүйесіТалқылауға арналған сұрақтар:Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды? Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Бастапқы білім:
Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.1 тапсырма:
(С, Ж, ҚБ) Білім алушыларға төменгі сөренің орындалу техникасын еске түсіріліп, практикада қолдану басталады.1-ші тапсырманың дескрипторлары:
- «Сөреге!» белгісі бойынша сөре сызығынан бір табан өлшеп,тірелетін аяғын және итерілетін аяқтың тізесін жерге қояды;- Қолдарын сөре сызығына жақын орналастырады. Тірелетін және итерілетін аяқтардың арасы 10см (өз алақанының көлемі);- Бас денеге қатысты тік ұсталынады. Дене салмағы қолдары және тірелетін аяқтың табаны мен тізесі арасында біркелкі үйлестірілген;- «Дайындал!» белгісі бойынша жүгіруші аяқтарын сәл түзеу ұстайды, итерілетін аяқтың тізесін көтереді;- Дене түзу ұсталынады. Жіліншіктер қатар келген қалыпта жамбас иықтан жоғары деңгейге 10-20 см көтеріледі.1-ші тапсырманың дескрипторлары:
- «Жүгір!» белгісі бойынша оқушы тез алға қарай ұмтылады. Бұл қимыл аяқпен екпінді итеру мен қолдардың жылдам серпілуінен басталады. Итерілу екі аяқпен бір уақытта жасалады;- Итерілетін аяқ сәл ғана жазылады да жамбаспен алға тез қозғалады, сонымен қатар алдыңғы аяқ барлық буындарда кенет жазылады.Сұраңыз: Дене жаттығулары ағзаға қалай әсер етеді? Түрлі дене жаттығуларын орындар алдында неліктен дене қыздыру жаттығуларын орындауымыз қажет? Дене жаттығуларының ағзаға әсерін түсіндіріңіз?2-ші тапсырма:
(С, Ж, ҚБ) Оқушылар жұптарда ұсынылған төменгі сөрені жетілдіру үшін пысықтау жаттығуларын орындайды:1. 6-8 рет орнында тұрып ұзындыққа секіру;2. жартылай отырып немесе екі қолын алға созып отырып, кейіннен доптың артынан сөрелік үдеумен бірге толтырылған допты лақтыру – 15-20 м 4-6 рет;3. сөреден жүгіру, серіктесі бетпе-бет тұрып, басқа ойыншының иығына қолымен біреледі. Кедергімен жүгіру 6-8 рет 10 м;4. Кейіннен сөреден жүгірумен бірге 5, 10, 15 сек. бойы «Назар аудар!» қалыбын ұстап тұру.5. Мұғалімнің «Сөреге!», «Дайындал!», «Жүгір!» белгісі бойынша оқушылар 4 адамнан кезекпен жүгіріп шығады. Тапсырма әр оқушы 3-4 рет қайталап орындағанша жалғасады.Жүгіру уақытында және өз кезектерін күтіп тұрғанда қауіпсіздік ережелері толығымен сақталады.2-ші тапсырманың дескрипторлары:
- Берілген қашықтықты жылдам өтеді;- Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсінеді;- Төменгі сөреден жүгіру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және түсіндіре алады;- Жүгіру кезінде өз жолымен жүгіреді.Сұраңыз:Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды? Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысын түсіндіріңіз?Рефлексия
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.Үйге тапсырма:Дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық жүйемен байланысы.Ресурстар:
Үлкен бос кеңістік.Ысқырық, фишкалар, бор, уақыт өлшеуіш, рефлексия парағы.Төменгі сөренің орындалу техникасы интернет ресурстарына сілтеме:http://msuathletics.ru/books/sprint/sprint_technique.html https://www.youtube.com/watch?v=L6bi7k_3gz0Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2Назарларыңызға рахмет!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.