Жүгіру, секіру реттілігі. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 4 сабақ.
1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту
Оқу мақсаты:
6.3.2.1 Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және оларды орындау
Сабақтың тақырыбы:
Жүгіру секіру реттілігі
Сабақтың мақсаттары:
Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру және олардың орындалуын көрсетуБағалау критерийлері :
Орта қашықтықтарға жүгіруге арналған дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсерін түсіндіреді және олардың орындалуын көрсетеді.
Дескрипторлар:
Орта қашықтықтарға жүгіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларының ағзаға тигізетін әсерін біледі;
Қауіпсіздік ережелерін сақтайды;
Орта қашықтықтарға жүгіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларын орындайды;
Берілген арақашықтықты жүгіріп өтеді.
Тілдік мақсаттар
Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсетіп, түсіндіре алады.Мыналарды қамтиды: арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттерідене жүктемелері, дене қыздыру жаттығулары және қалыпқа келтіру техникасыағзаның энергетикалық жүйесіТалқылауға арналған сұрақтар:Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді?Құндылықтарды дарыту:
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.Пәнаралық байланыстар:
Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.
АКТ қолдану дағдылары:
Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.Бастапқы білім:
Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.1 тапсырма:
(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды. Осы кезде дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсері түсіндіріліп, олардың орындалуы көрсетіледі.Осы тапсырманың дескрипторлары:Орта қашықтықтарға жүгіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларының ағзаға тигізетін әсерін біледі;Орта қашықтықтарға жүгіруге арналған дене қыздыру жаттығулары мен қалпына келу техникаларын орындайды. Сұраңыз: Аяқ бұлшық еттерін қалпына келтіруге арналған қандай жаттығуларды білесіздер? Денені қыздыру ағзаға қалай әсер етеді?2 тапсырма:(С, Ж, ҚБ) Сынып үш топқа бөлінеді. Топтар сөре сызығына бір ойыншыдан ораналасып, тізбектер құрады. Алаңның бұрыштарына төрт бұрышына жалауша, ал ортасында үлкен жалау қойылады. Әр топтап сөре сызығына бір оқушы шығады. Белгі бойынша жүгірушілер төрт туды жүгіріп өтіп, ортадағы жалауға қарай бағыт алады. Ортаға жеткенде жүгірушілер үлкен жалауға эстафеталық таяқшаларын тигізеді. Одан кейін ойыншылар өз топтарына қарай жүгіріп, эстафеталық таяқшаларын бастапқы позицияда тұрған екінші нөмірлі оқушыға тапсырады.Осы тапсырманың дескрипторлары:- Қауіпсіздік ережелерін сақтайды;- Берілген арақашықтықты жүгіріп өтеді.Сұраңыз: Берілген тапсырмадан кейін қалыпқа келтіру жаттығуларын не үшін орындаймыз? Түрлі дене жаттығуларын орындар алдында неліктен дене қыздыру жаттығуларын орындауымыз қажет? Дене жаттығулары ағзаға қалай әсер етеді?
Рефлексия
Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:- нені білдім, нені үйрендім?- нені толық түсінбедім?- немен жұмысты жалғастыру қажет?Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.Үйге тапсырма:Дене қыздыру мен қалпына келу техникаларының басты құрамдарының ағзаға тигізетін әсері.Ресурстар:
Үлкен бос кеңістік, фишкалар, конустар, жалаушалар, мұғалім үшін ысқырық, бор, уақыт өлшегіш, рефлексия парағы.Орта қашықтықтарға жүгіргенде қалай дұрыс тыныс алу және дұрыс жүгіру интернет ресурстарына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=rVWrmN1FSkk&t=8s Жүгіру кезінде ағзада болатын өзгерістер интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=HzOjDb4wdb0 Орта қашықтыққа жүгірушілерге арналған арнайы дайындық жаттығулары интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=n8U9mRAEHrc Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2Назарларыңызға рахмет!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.