Қауіпсіздік ережесі. Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгеріс. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 1 сабақ.


1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту

Оқу мақсаты:

6.3.4.1 денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіну

Сабақтың тақырыбы:

Қауіпсіздік ережесі.

Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгеріс

Сабақтың мақсаттары:

Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіндіру

Бағалау критерийлері :

Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін біледі, нормалар мен ережелерін түсінеді;

Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгерістер туралы түсінігі бар

Дескрипторлар:

Жеңіл атлетика сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі;

Қауіпсіздік ережелерін сақтайды;

- Дене жаттығуларының ағза әсерін түсінеді

Тілдік мақсаттар

Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсетіп, түсіндіре алады.

Мыналарды қамтиды:

қауіпсіздік, жарақат қауіпі бар жағдайларды білу,

арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттері.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Ұсынылған ойын кезінде қандай жарақат алу қауіпі бар жағдайларға тап болуымыз мүмкін?

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Бастапқы білім:

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

(С, ҚБ) Білім алушылар жеңіл атлетикамен айналысу кезінде қауіпсіздік ережесі бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Жеңіл атлетика сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

- Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.

Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Жеңіл атлетикамен айналысқан кезде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

Тапсырманың мазмұны:

Ойынның алдында ойынның ережесі мен қауіпсіздік ережелері таныстырылады. Білім алушылар бір тізбекке тұрады. Әр ойыншы алдағы тұрғанның белінен ұстайды. Бірінші ойыншы – «басы», ал соңғы ойыншы «құйрығы». Мұғалімнің белгісі бойынша «басы» «құйрығына» қуып жетуге тырысады, ал құйрығы қолын үзбей, ұстатпауға тырысады. Егер ұсталса, екі ойыншы да өздерінің командаларының басына барып ауысады, ал басы мен құйрығы келесі ойыншылар болады. Келісілген уақыттан кейін командалар орындарымен ауысады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Қауіпсіздік ережелерін сақтайды;

- Тапсырманы орындау кезіндегі болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;

- Дене жаттығуларының ағза әсерін түсінеді

Сұраңыз: Тапсырманы орындау кезінде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтадыңыздар? Дене жаттығулары ағзаға қалай әсер етеді?

Рефлексия

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Үйге тапсырма:

Сабақтағы қауіпсіздік ережелері.

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.

Ысқырық, фишкалар, бор, Рефлексия парағы.

Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурстарына сілтеме:

http://osh92.ru/publ/4-1-0-126

 

https://www.youtube.com/watch?v=s2iFz4CD_7s

 

https://www.youtube.com/watch?v=WAX97LbQfYI

Дене жүктемелерінің адам ағзасына әсері интернет ресурсына сілтеме:

http://vahe-zdorovye.ru/novosti/vliyanie-fizicheskix-uprazhnenij-na-organizm-cheloveka

Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі интернет ресурсына сілтеме: http://emirb.org/mekteptegi-jeil-atletika-teoriyasi-men-edistemesi-penini-ou-ed-v2.html?page=2



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу