Қауіпсіздік ережесі. Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгеріс. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Бекітемін____________
____________________
Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары №1
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Қауіпсіздік ережесі.Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгеріс | ||
Оқу мақсаттары | 6.3.4.1 денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіну | ||
Сабақ мақсаттары | Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіндіру | ||
Бағалау критерийлері | Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін біледі, нормалар мен ережелерін түсінеді; Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгерістер туралы түсінігі бар | ||
Дескрипторлар |
| ||
Тілдік мақсаттар
| Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсетіп, түсіндіре алады. Мыналарды қамтиды:
Талқылауға арналған сұрақтар:
| ||
Құндылықтарды дарыту | «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу | ||
Пәнаралық байланыстар | Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы. | ||
АКТ қолдану дағдылары | Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану. | ||
Бастапқы білім | Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы (тайм-менеджмент) 5-7мин | Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады. | Сабақтың презентациясы | |||||
Сабақтың ортасы (тайм-менеджмент) 28-30мин
| (С, ҚБ) Білім алушылар жеңіл атлетикамен айналысу кезінде қауіпсіздік ережесі бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Жеңіл атлетикамен айналысқан кезде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? (С) Білім алушылар жүгіру жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне арналған дене қыздыру жаттығуларын орындайды. (Т, ЖЖ, ҚБ) Сынып екі командаға бөлінеді. Ойын алаңында 30-40м жүгіру жолы белгіленеді. Командалар бір-бірінен 5м арақашықтықта сапқа тұрғызылады да, мұғалімнің белгісі бойынша екі команда алға жүгіреді. Артта тұрған ойыншылардың мақсаты – алдағы ойыншыларды дақтау, ал алдағылар «дақтаушыларға» жеткізбей мәреге жету. Әр дақталған ойыншы үшін дақтаушы командаға бір ұпай беріледі. Дақталғандарды есептегеннен кейін, командалар рөлдерімен ауысып, жүгіру қайта өткізіледі. Ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Осы тапсырманың дескрипторлары:
Сұраңыз: Тапсырманы орындау кезінде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтадыңыздар? Дене жаттығулары ағзаға қалай әсер етеді? | Үлкен бос кеңістік. Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурстарына сілтеме: /4-1-0-126 com/watch?v=s2iFz4 CD_7s com/watch?v=WAX97 LbQfYI Үлкен бос кеңістік. Ысқырық, фишкалар, бор. Дене жүктемелерінің адам ағзасына әсері интернет ресурсына сілтеме: http://www.everlive.ru/how-physical-activity-affects-a-body/ | |||||
Сабақтың соңы (тайм-менеджмент) 5 мин | Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді: - нені білдім, нені үйрендім? - нені толық түсінбедім? - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді. Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз. Үйге тапсырма: Сабақтағы қауіпсіздік ережелері. | Рефлексия парағы | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығын барлық білім алушылар түсінеді деп жоспарлап отырмын. Қабілеті жоғары оқушыларға жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелерін мысалдар келтіру арқылы түсіндіруді ұсынамын. | Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады. Сонымен қатар: Оқуды бақылау Сұрақтар мен жауаптар Өзін-өзі бағалау Білім алушыларды рефлексиялау арқылы | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Белгілер:
С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс
Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру