Жеңіл гимнастикалық құралдармен жаттығулар. Дене шынықтыру, 4 сынып, презентация.
III-бөлім: Гимнастиканың негізгі элементтері Сабақ тақырыбы: Жеңіл гимнастикалық құралдармен жаттығулар.
Оқу мақсаты:
4.1.5.1 қолданылатын бірқатар іс-қимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды көрсете және түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының іс-қимылдарды орындауына ортақтасу.
4.1.4.1 дене жаттығуларын шебер орындау үшін әлеуетті анықтап, қозғалыстың күшті және әлсіз жақтарын салыстыру.
Сабақ мақсаттары
Кеңістікте гимнастикалық құралдарды пайдаланып, бірқатар іс-қимылдардың динамикасын байланыстыру және жаттығуларды шебер орындаудың тәсілдерін анықтау, жинақты реттілік сақтап орындап көрсету.
Бағалау критерийлері
Кеңістікте іс-қимылдардың динамикасын байланыстырып көрсетеді, өзінің және басқалардың қозғалыстарын салыстырады.
Жаттығуларды шебер орындау әдістерін пайдаланады, қозғалыстың сапасын салыстырмалы түрде арттырады.
Секіруге арналған арнайы дайындық жаттығулары
Адымның арақашықтығы;
Жүгіру қарқыны;
Серіппеге тұра түсу:
Серпілу биіктігі;
Таянып секіру
Жүгіру;
Гимнастикалық серіппеге (көпірге) түсу;
Екі аяқпен сермелу;
Сермелу, ұшу, фазасы;
Ағаш аттың үстіне екі аяқпен жүрелеп отыру;
Серпіле жоғары секіру;
Ұшу;
Қолды жоғары соза, керілу;
Қону.
Тепе-теңдік жаттығулары
Қарапайым жүру түрлері;
Мәнерлі жүрістер;
Буындарды қозғалысқа икемдеу;
Жүрістердің үйлесімділігі;
Бұлшық еттердің қозғалысын жақсарту.
Бөренедегі жаттығулар
Тура бөрененің басына қарай тұру;
Бөренеге аттау, ортасына дейін өту;
Қолды шетке созу, айқастырып сол аяқты адым жасау;
Аяқтың ұшына көтерілу және оң иық арқылы 180°-қа бұрылу;
Сол аяқты артқа-жоғарыға жіберу, иілу және аздап алдыға еңкею, қолдар шетке («қарлығаш»);
Сол аяқты арқа бөренеге қою, екі аяқты да бүгу, тізеге тұру, ал қолдармен бөренеге таяну.
Арқанға өрмелеу жаттығулары.
Екі тәсілмен өрмелеу;
Тік қолмен салбырап тұру, екінші қол иек деңгейінде арқанды ұстап тұрады;
Іліп алуды босаңсытпай, оларды жазу (итеріліп) және қолды бүгу;
Аяқты алдыға іліп тұрып, арқанды үш әдіспен өрмелегендегідей іліп алу;
Аяқты жазып тұрып (итеріліп), бір қолмен тартылу, ал екіншісімен жоғарыдан арқанды ұстап алу.
ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА КЕРІ БАЙЛАНЫС
ГИМНАСТИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ;
ҚҰРАЛДАРҒА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ МҰҚИЯТ ОРЫНДАУ;
ТАЯНЫП СЕКІРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫН ЖҮЙЕЛЕНДІРУ;
ҚАРАПАЙЫМ ТЕПЕ-ТЕҢДІК ЖАТТЫҒУЛАРЫН КӨРСЕТУ;
БӨРЕНЕДЕГІ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА МӘН БЕРУ;
ҚОЛ КҮШІН ДАМЫТУ;
АРҚАНҒА ӨРМЕЛЕУ ЖАТТЫҒУЛАРЫНА ДАҒДЫЛАНУ;
ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ САПАСЫН АРТТЫРУ.
Назарларыңызға алғысымды білдіремін!!!
Гимнастика, дене жаттығулары, жүру, жұмыс істеу қабілетін, денсаулығын, кемел қуанышты өмірін сақтағысы келген əр адамның күнделікті тұрмысына берік енуге тиіс. Гиппократ.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.