Жеңіл гимнастикалық құралдармен жаттығулар. Дене шынықтыру, 4 сынып, сабақ жоспары.


Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: Гимнастиканың негізгі элементтері.

Ортақ тақырып: Мәдени мұра.

II -тоқсан

Күні:

Мектеп:

Сынып: 4

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы:

Жеңіл гимнастикалық құралдармен жаттығулар.

Оқу мақсаттары

4.1.5.1 қолданылатын бірқатар іс-қимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды көрсете және түсіндіре отырып, өзінің және басқаларының іс-қимылдарды орындауына ортақтасу.

4.1.4.1 дене жаттығуларын шебер орындау үшін әлеуетті анықтап, қозғалыстың күшті және әлсіз жақтарын салыстыру.

Сабақ мақсаттары

Кеңістікте гимнастикалық құралдарды пайдаланып, бірқатар іс-қимылдардың динамикасын байланыстыру және жаттығуларды шебер орындаудың тәсілдерін анықтау, жинақты реттілік сақтап орындап көрсету.

Бағалау критерийлері

  • Кеңістікте іс-қимылдардың динамикасын байланыстырып көрсетеді, өзінің және басқалардың қозғалыстарын салыстырады.
  • Жаттығуларды шебер орындау әдістерін пайдаланады, қозғалыстың сапасын салыстырмалы түрде арттырады.

Тілдік мақсаттар

Оқудың тілдік мақсаты.

Білім алушылар:

Композициялық элементтер: кеңістік, іс-әрекеттер, динамика.

Пәндік лексика және терминология.

Мыналарды қамтиды:

  • гимнастикалық снаряд, көтеру, алып жүру, қою;
  • денені игеру дағдысы, сермелу, ұшу, тік тұру.

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері.

  • асылу, серпілу, сырғу, өрмелеп шығу;
  • байланыс, реттілік.

Құндылықтарды дарыту

Салауатты өмір салтына дағдылануды жоспарлы орындау, сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, жауапкершілікті сезіну, жан-жақты білім алуға дайын болу.

Пән аралық байланыс

Қазақ тілі, дүние тану.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану. Гимнастикалық құралдардағы қауіпсіздік ережесіне сілтеме; http://marisoft.ru/load/tb/tekhnika_bezopasnosti_pri_provedenii_zanjatij_po_gimnastike/14-1-0-188

Бастапқы білім

Бұл бөлімде оқушылар еденде және гимнастикалық снарядта әртүрлі гимнастикалық құрал-сайманмен жалпы дамытатын жаттығулар кешендерінің, гимнастикалық элементтердің әртүрлі түрлерін орындайды.

Жоспарлардағы әрекеттер

Б = барлық сынып ЖЖ = жұптық жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі

ҚБ = қалыптастырушы бағалау Т = топтық жұмыс

Ж = жеке жұмыс К = оқытушы көрсетеді

Сабақ барысы

Сабақ кезендері

Сабақтағы іс-әрекеттер

Құрал-жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

10 минут

(Б) Оқытушы сыныпта жарақаттанудың алдын алу мақсатында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізеді.

Уақытты жоспарлау: Дайындық бөлім: 12-15 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар. Адымның ұзындығына көңіл бөу. Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу. Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. Бірте- бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Арнайы гимнастикалық элементтерге арналған бұлшық еттерді қыздыру жаттығуларын ұқыптылықпен қайталату. Аяқ, қол буындарына арналған жаттығулар кешенін орындау. Төсеніште орындалатын жаттығулар жиынтығын орындау. Басқыштағы жаттығулар кешенін орындау.

Үлкен, бос ойын кеңістігі. Нұсқама жүргізуді есепке алу журналы.

Мұғалімге ысқырық, секундомер.

Сабақтың ортасы

25 минут

(Ж,Т,ҚБ) Таянып секірулер. Отырып таянып секіру және иіліп кері серпілу.

Сыныпты шағын топтарға немесе жұптарға бөлу және өз беттерінше келесі элементтермен жұмыс істеуді ұсыну.

1. Еденде жата таяну, аяқпен итеру, отыруға таяну.

2. 3-5 адым, гимнастикалық көпіршеге ыршып түсу, жоғарыға кері серпілу

3. Гимнастикалық көпіршеге 3-4 ыршу, тіземен отырып таянып ыршып түсу – еркін әдіспен таянып отырып өту – жоғарыға иіліп секіру.

4. Б.Қ. еденде тізерлеп тұрып таяну;

- қолмен таянып және аяқпен итермелеп, таянып отырып, тік тұру (қолдар алдыға);

5. 1-2 адымнан таянып секіріп міну, тіземен тұрып және қолмен таянып, артқа гимнастикалық көпіршеге секіріп түсу;

6. тіземен тұрып, таянып ыршып түсу, таянып отырып, тік тұрып, кері серпілу;

7. отырып таянып секіру және иіліп кері серпілу.

Екпін алып секіріп тірек секіру және бүгіліп ыршып түсу, дәл солай солға (оңға) бұрылумен. Биіктігі 90 см кедергі арқылы сол (оң) қолға және оң (сол) аяққа тіреумен бүйірге секіру.

(Б, ЖЖ, К) Бөренедегі жаттығу

Төмен бөренеде тепе-теңдікке жаттығу

-Бетпен бөрененің басына қарай тұрып, бөренеге аттау, ортасына дейін өту, сонда негізгі тұрысқа тұру.

-Қолды шетке көтеру, айқастырып сол аяқты адым жасау (сол аяқ алдында, оң аяқ артта).

-Аяқтың ұшына көтерілу және оң иық арқылы 180°-қа бұрылу.

-Сол аяқты артқа-жоғарыға жіберу, иілу және аздап алдыға еңкею, қолдар шетке («қарлығаш»).

-Сол аяқты арқа бөренеге қою, екі аяқты да бүгу, тізеге тұру, ал қолдармен бөренеге таяну.

-Дене салмағын оң аяққа ауыстыру және, екі қолмен бөренені ұстап тұрып, сол аяқты жазу (жартылай шатқа отыру).

-Екі қолмен бөренені ұстап бұрып, оң аяқты сол аяқтың жанына қою, тұру және бір мезетте қолды екі жаққа ажырату.

-Оң аяқпен алдыға адым жасау және оны сол аяқтың алдына айқастырып қою, бұрылу, бөрененің көлденеңінен тұру және иіліп секіріп түсуді орындау.

(Б,Ж,ҚБ) Арқанға өрмелеу жаттығулары.

Үш әдіспен өрмелеу. Б.қ. – тік қолмен салбырап тұру.  – аяқты алдыға қарай бүгу және арқанды табанмен іліп алу (біріншісінің алқымымен және екінші аяқтың өкшесімен). Арқанды ілмекпен бекітуге болады. Бұл жағдайда ол жамбас сыртынан және бір аяқтың сирағынан өтеуі және табанның ішкі бөлігімен жабысуы керек арқанды іліп алу әдісі оның қаттылығы мен қалыңдығына байланысты: жіңішке және жұмсақ арқанды ілмекпен іліп алуға болады. – іліп алуды босаңсытпай, оларды жазу (итеріліп) және қолды бүгу.  – қолды жоғарыға кезектесіп ұстап алу және арқанды аяқпен іліп алуды жібермей б.қ. оралу.

Екі тәсілмен өрмелеу.  Екі тәсілмен арқанға өрмелеудің екі нұсқасы бар.  Бірінші нұсқасы.  Б.қ. – тік қолмен салбырап тұру, екінші қол иек деңгейінде арқанды ұстап тұрады.  1 – аяқты алдыға іліп тұрып, арқанды үш әдіспен өрмелегендегідей іліп алу.  2 – аяқты жазып тұрып (итеріліп), бір қолмен тартылу, ал екіншісімен жоғарыдан арқанды ұстап алу.  Екінші нұсқасы.  Б.қ. – тік қолмен салбырап тұру. 1 – қолмен тартылып тұрып, аяқты бүгу және олармен арқанды іліп алу.  2 – аяқты жазып тұрып ( итеріліп), арқанды қолмен ұстап алу, яғни тік қолмен салбырауға өту.  

Үлкен бос кеңістік. Гимнастикалық төсеніштер, кіші ағаш ат, серіппе.

Таянып секірулер үйрету кезеңдері мен әдістері, сілтеме бойынша өтіңіз:

https://fitnavigator.ru/baza-uprazhnenij/pryzhki-cherez-kozla.html

Гимнастикалық бөрене, төсеніштер, орындықтар.

Бөренедегі жаттығулар: https://infourok.ru/prezentaciya-uprazhneniya-na-gimnasticheskom-brevne-821519.html

Өрмелеуге арналған арқан.

Арқанға өрмелеу бойынша жаттығулар, келесі сілтеме бойынша өтіңіз: http://fizkulturavshkole.ru/lazanye.html

Сабақтың соңы:

5 минут

Рефлексия. Кері байланыс. Сабақ соңында білім алушылармен рефлексия жүргізіледі: Гимнастикалық құралдарды пайдаланып бірлескен, жекелеген тапсырмалар кезінде, әдеттегі қателерге назар аударады анықтамалар береді. Білім алушылар таңдаған белгілі іс-қимылдардың, қозғалыстардың күшті және әлсіз жақтарын анықтап, оңтайлы қозғалыс дағдыларына әдістер ұсынылады.

Үйге тапсырма

Қарапайым гимнастикалық құралдармен жаттығуларды жетілдіру.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Гимнастикалық құрал-саймандармен орындалатын тапсырмалардың негізгі элементтерін жүйелей білуге негізделеді. Тапсырмалардағы қиындықтар мен тәуекелдерді анықтап, үйлесімді орындау. Гимнастикалық, жалпы дамыту жаттығуларының, мағынасын ашу. Орындалуының кешенін, композициясын анықтау.

Білім алушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін анықтауы, түзеуі. Дағдыларын дамытуға ынталану. Қозғалыстың күшті және әлсіз жақтарын анықтап, үйлесімді орындау. Жаттығулар барысында бейресми қалыптастырушы бағалауларды пысықтау.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаты негізгі бөлімдегі іс-қимылдардың, амал-тәсілдердің орындалуына байланысты қойылған.

Білім алушылар оқу мақсатының мағынасын анықтап, белсенді түрде ынталанып, әр түрлі деңгейлі тапсырмалардың орындалуына қол жеткізді.

Әр тапсырмаға бөлінген уақыт жеткілікті болды.

Әр түрлі деңгейдегі жаттығулардың орындалу нұсқаларын бақылау, саралау.

Қозғалыс үйлесімділігін, техникалық ережесін назарда ұстау.

Жоспарланған іс-әрекеттер кезеңдері бойынша толығымен меңгерілді.

Жекелеген білім алушыларға үйлесімділігін, дағдысын қалыптастыруға тапсырмалар берілді, әр түрлі деңгейдегі қимыл-қозғалыстар қарастырылды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Жекелей, топтық тапсырмалардың орындалу сапасына көңіл бөлу. Топтың деңгейін анықтау.

2: Амал-тәсәлдердің орындалу үйлесімділігінің сақталуы. Өзін-өзі бағалау. Барынша белсенділік.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Саралап тапсырмалар беру. Түрлі деңгейдегі тапсырмалар. Қозғалыстың айырмашылығы.

2: Тапсырмалардың орындалуына ықпал ететін факторларды пайдалану.

Тапсырманың мағынасын ашу.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың ішкі жағдайына, білім алушылардың үнін есту, жекелеген білім алушыларға әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру, ұсыну әдістерін қарастыру. Тапсырманың орындалуына байланысты сұрақтар қою. Тапсырманы бірнеше рет қайталап көрсетуге мүмкіндік беру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу