Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік. Дене шынықтыру, 3 сынып, сабақ жоспары. 32 сабақ.


Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары № 32

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік.

Оқу мақсаттары

3.1.5.5 Орындау және бағалау кезінде бірқатар іс-қимылдарды, кеңістікті, динамиканы және байланыстарды көрсету және анықтай білу

3.1.4.4 Өзінің күшті жақтары мен кемшіліктерін анықтайды және басқалардың жаттығуларды орындау сапасын талқылау

 Сабақ мақсаттары

  • Гимнастика сабағында іс-қимылдардың динамикасы мен байланысын көрсетеді және өзінің жетістіктерін анықтайды, басқалардың орындау сапасын талқылайды.

 Бағалау критерийлері

  • Оқушылар жатығулардың динамикасын, іс-қимылын көрсете біледі және байланыстарды анықтай алады;
  • Олар өзінің күшті жақтары мен кемшіліктерін анықтай алады және басқалардың орындау сапасын талқылайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

Гимнастикалық қозғалыс дағдыларын көрсету

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • динамика: тез, баяу
  • байланыс, идеялар, іс-әрекет, жүйелі

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Не үшін бізге иілгіштік қасиет қажет болады?

Акробатикалық жаттығуларда иілгіштік не үшін керек?

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет, шығармашылық, әріптесін тыңдай білу. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, жаттығу жасау барысында сыни тұрғыдан ойлану.

Сана сезім, адалдық, басқа адамдардың ойын құрметтеу, адал болу;

Бір-бірін құрметтеу

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, Отанымыздың игілігі үшін өмір бойы оқытуға, сыни ойлауды дамытуға және білім берудегі үш тілдік саясатты іске асыруға бағыттау.

Мәдениетаралық түсінікті дамыту

 Пәнаралық байланыстар

Хореография (ритмикалық, тепе-теңдік, акробатикалық жаттығуларды орындау барысында аяқ-қолдың икемділігі мен үйлесімділігін анықтайды)

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ арқылы жаттығулардың орындалуын оқушыларға көрсету.

Бастапқы білім

Бұл бөлімде оқушылар гимнастикалық жаттығулар сериясы арқылы ептілікке, күшке, иілгіштікке, шыдамдылыққа, тепе-теңдік сақтауға және корординацияға арналған ойындар ойнайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.

«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық кииімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін оушылармен бірге құрастыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

  • Жүру жаттығуларын орындау;
  • Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
  • Жылдамдыққа жүгіру;
  • Тынысты қалыпқа келтіру

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы.

Ысқырық, секундомер т.б

Сабақтың ортасы

25 мин.

«Аэробика элементтері бар гимнастика»

1-тапсырма

Гимнастикалық жаттығулардан кешенді жаттығулар жиынтығын көрсету.

1.Оқушылар акробатикалық комбинацияларды кіші және үлкен топтарда құрастырып, кезектілігін жазады.

2. Оқушылар құрастырылған комбинацияны орындайды.

3. Оқушылар орындалған комбинацияларды талқылайды, бағалайды және бір-бірінің жіберген қателерін дұрыстайды.

2-тапсырма

Өрмелеу әдісінің түрлерін көрсету.

1.Оқушылар кіші топтарда өрмелеп шығуға арналған тапсырмаларды құрастырады.

2.Оқушылар құрастырылған тапсырмаларды орындайды.

3.Оқушылар орындалған тапсырмалары талқылайды және бағалайды.

Тапсырмалар үлгісі:

1.Қисайып тұрған гимнастикалық орындыққа отырған қалыптан, тұрған қалыптан, тізеде тұрып және қарынға жатып, өрмелеп, қолмен тартылу арқылы шығады; гимнастикалық қабырғада бір уақытта қолды ауыстыра ұстап, аяқты қою арқылы; гимнастикалық бөрененің (биіктігі 60 см дейін) үстінен аттап өтуге(өрмелеп).

2.Тапсырма бойынша қисайып тұрған гимнастикалық орындық (30°бұрышта орналасқан) арқылы өрмелеп, гимнастикалық қабырғаға шығу; тапсырма бойынша гимнастикалық қабырғадан гимнастикалық орындыққа ауысу арқылы өрмелеу; биіктігі 1 метрге дейінгі кедергінің ұстінен аттап өту; арқанды аяқпен қысып ұстау; арқанда аяқпен қысып ұста.

Техникалық қауіпсіздік ережелерін еске салыңыз.

Жиі кездесетін қателерді оқушылармен талқылаңыз. Сұраңыз: акробатикалық комбинацияларды құрастыру мен орындауда қандай қиыншылықтар туындады?

Жаттығу орындау барысында сақтандыру шаралары.н қамтамассыз ету.

Сұрақ: Қай жаттығулар орындауда қиын болды? Қай тапсырма сізге ұнады?

Гимнастикалық маттар, кілемшелер. Бос кеңістік, әендік сүйемелдеу.

Гимнастикалық маттар, орындықтар, бөрене және саты.

Сабақтың соңы

5 мин

«Сабақты қорытындылау»

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).

Бос кеңістік.

Әрбір оқушыға «Кері байланыс картасы».

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Арнайы дәрігерлік топтағы оқушылар және сабақтан уақытша босатылған оқушылар көшбасшылық міндетін атқарады.

-барлық оқушылар қыздырыну жаттығуларын орындау кезінде басшылыққа алады;

-оқушылардың басым көпшілігі кешенді жаттығуларын орындай алады және босатылған оқушылар бағалайды ;

-кейбір оқушылар үш нүкте жасап ,яғни басқа тұру жаттығуларын орындай алады.

Әр білім алушы өзінің іс-әрекеті туралы сыныптастарымен талқылай алады;

Оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін дайындалып қойылған белгілі бір критерийлермен немесе кері байланыс беру арқылы жүзеге асыруға болады;

Нақты бағалау үшін жоғарыда көрсетілген алдын-ала дайындалған критерийлерді пайдаланамын.

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы,

тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Әр оқушының жүрісін, тұрысын назарда ұстау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу