Ұзындыққа және биіктікке секіру. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 98 сабақ.


98 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.

№ 8 бөлім: Жеңіл атлетика арқылы салауатты өмір салты.

Тақырып: Ұзындыққа және биіктікке секіру

Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:

Оқушы сабақтың басынан мұғалім айтқан ережелерді ескере отырып, мақсатқа сай тапсырмаларды мұқият орындауы қажет.

Кіріспе бөлімде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтап, денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауда мұғалім айтан нұсқаулықтарды ескере денені созу жаттығуларын орындайды.

Негізгі бөлімде оқу мақсатына сай іс-әрекеттер жасайды. Мұғалім берген тапсырмалар немесе қимыл-қозғалыс ойынын ережемен ойнау қажет. Құрал-саймандармен жұмыс жасауда мұқият болу керек.

Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабаққа қорытынды жасап, кері байланыс беру қажет.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Негізгі бөлім: «Ұзындыққа және биіктікке секіру»

Оқушыларға сабақтың тақырыбын, мақсатын түсіндіре отырып, шағын топтарға бөліп тапсырмалар беру. Секіру жаттығуларын орындау кезіндегі іс-қимылдарды анықтай алуға және тапсырманы орындауда серіктесін бағалай білуге тәрбиелеу.

Оқушыларды екі топқа бөлу

№1 топқа тапсырма

Бір орыннан ұзындыққа секіру әдісін орындап көрсету.

  • Аяқ иық көлемінде, тізе бүзулі, қолды сермей алға қарай серпілу.
  • Тізені алға көтеру арқылы ұшу
  • Қос аяқпен жұмсақ жерге түсу.

№2 топқа тапсырма

Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру әдісін орындап көрсету.

  • Белгіленген жерден қдам жасап жүгіріп екпін алып келу.
  • Бір аяқпен серпіле ауада ұшу
  • Қос аяқты алға жіберіп жамбаспен жерге түсу.

Осы екі тапсырмаға оқушылар дайындалып, орындап көрсетеді.

Кейін екі топ орын ауыстырып, тапсырмаларды ауыстырып орындап көреді. Мұғалім тарапынан оқушыларды бағалау. Мақтау, мадақтау. Кемшіліктерді түсіндіру, көрсету. Жерге түсу әдісін дұрыс орындау.

Қорытынды. Оқушылардың тапсырмаларды орындау техникаларын бағалау. Кемшіліктерді атап өту, мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандыру.

Уақыт қалса, оқушыларды топқа бөліп, футбол ойынын ойнату.

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру.

Сипаттама: Өтілген тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша қорытынды айтады. Дене қыздыру адам ағзасына жақсы жүктеме бола ала ма? Қозғалыс әрекеттерімен айналысқан кезде біздің дене қызуымызда қандай өзгерістер болады?

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік болу үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Мұғалім сұрағына жауап береді. Теріктесіне тілек білдіреді.

Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

Керекті құрал-жабдықтар

ысқырық дартс, дротик

доптар жеңіл доптар

кеглилер кәрзеңке

секіртпе кіші доптар

шығыршықтар маты

секіртпе қапшығы барьер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.