Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 59 сабақ.


№59 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық

Тақырып: Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар.

Кіріспе бөлім: Тақырыпқа сай іс-әрекеттер.

Мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жүргізіп, әр кез бағалап отырады. Тапсырманы орындауда ашық сұрақтар қойып, нәтиже бойынша қорытынды жасап отыру керек.

Сабақтың кіріспе бөлімінде қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, қыздырыну жаттығуларын толық орындау қажет. Оқушылар жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын орындайды. Тынысты қалыпқа келтіріп, шеңбер бойына тұрып, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Мұғалімнің қызметі оқушылыр жаттығулармен жұмыс жасау кезінде кемшіліктерді айтып, ескертіп, бағалап отыру керек.

Сабақтың негізгі бөлімінде сабақ мақсатына сай тапсырмаларды орындауда бағыт-бағдар беріп, кемшіліктерді ескеру қажет.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Негізгі бөлім: «Төзімділікі дамытуға бағытталған ойындар»

Оқушыларды бірнеше топтарға тең бөліп, эстафеталық ойындар арқылы мақсатқа жетуді көздеу. Оқушыларды топтарға бөліп, сапқа тұрғызып, эстафеталық ойындарды түсіндіру, көрсету және топтарды жарыстыру. Мақсаты: оқушылардың төзімділік, икемділік, ептілік дағдыларын жетілдіру. Оқушылар үш топқа бөлініп, топтағы ойыншылар кезекпен тапсырманы орындап жарысады.

  • Оқушылар белгіленген жерге дейін қолдарына допты ұстап, жүгіріп келеді. Досты түсірмей жүгіріп, келесі оқушыға алып кеулері тиіс.

  • Сапта тұрған оқушылар допты екі аяқтың астынан, қолды көтеріп допты жоғарыдан беру әдістері бойынша жарысады. Тапсырманы оқушылар кезекпен шатапай оындаулары тиіс.

  • Оқушылар өздерінің белгіленген жерге дейін секіртпемен секіріп жарысады. Секіртпемен жүгіріп секіріп өз белгілерін айналып қайтарда келесі оқушыға секіртпені лақтырмай әкеп берулері керек.

Бағалау: Әр эстафеталық ойынды ойнатып болғаннан кейін, қорытынды жасап отыру. Кемшіліктерді атап, немесе оқушыларды талпындыру мақсатында мақтау, мадақтау сөздермен қолдау көрсету қажет.

1-ойында оқушылар доппен жүгіру барысында жылдамдықты артырып, допты түсірмей жүгірулері керек. Ойын олардың зеректік қабілетерін анықтау үшін ойнатылады.

2-ойында жылдамдылық дағдыларын жетілдіру масатында, оқушылардың икемділік қабілеттерін жақсарту үшін ойнатылады.

3-тапсырмада оқушылардың секіру дағдыларын жетілдіру мақсатында орындалады.

Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.

Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.

Дене шынықтыру пәні бойынша эстафеталық және қозғалмалы ойындар кезіндегі қауіпсіз ережелері

Дене шынықтырудың білім беру саласындағы мақсаты: дене шынықтыру сабағында қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.

Бастауыш сыныптарда осы мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттер шешілуі керек:

- оқушылардың денсаулықтарын нығайту, дене бітімдерін жақсарту, жалпақтабандылықтың алдын-алу; дененің қимыл-қозғалыс әрекеттерін белсенді және өзбетінше жасауға тәрбиелеу;

- денсаулықты сақтау мен нығайтуға қатысы бар дене тәрбиесі саласының білім жүйесін қалыптастыру;

- дене шынықтыру сапаларын: күштілік, жылдамдық, төзімділік, ептілік, иілгіштік және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту;

- акробатикалық, гимнастикалық, жеңіл атлетикалық және басқа да жалпы дамыту бағытындағы алуан-түрлі дене жаттығулар кешенін үйрету;

- жеке тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін тәрбиелеу, адамгершілік және жігер сапаларын дамыту, эстетикалық талғамын және мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыру;

Жеке гигиена, күн тәртібі, дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері, жұмыс істеу қабілеті мен қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту секілді қарапайым білім деңгейін қалыптастыру. 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.