Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 61 сабақ.
№61 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық
Тақырып: Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар.
Кіріспе бөлім: Тақырыпқа сай іс-әрекеттер.
Мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жүргізіп, әр кез бағалап отырады. Тапсырманы орындауда ашық сұрақтар қойып, нәтиже бойынша қорытынды жасап отыру керек.
Сабақтың кіріспе бөлімінде қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, қыздырыну жаттығуларын толық орындау қажет. Оқушылар жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын орындайды. Тынысты қалыпқа келтіріп, шеңбер бойына тұрып, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Мұғалімнің қызметі оқушылыр жаттығулармен жұмыс жасау кезінде кемшіліктерді айтып, ескертіп, бағалап отыру керек.
Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім сабақ мақсатына сай тапсырмаларды орындауда бағыт-бағдар беріп, кемшіліктерді ескеру қажет.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.
Негізгі бөлім: «Төзімділікі дамытуға бағытталған ойындар»
Оқушылар мен бүгінгі сабақтың мақсатын игеруде оларды тапсырмалармен таныстыру. Яғни, қимыл-қозғалыс ойындары арқылы мақсатқа жетуді көздеу.
«Қуып жет» ойынының ержесі
Ойынның мақсаты: жан – жағына жалтақтамай, қуғыншыдан тез қашуға үйрету. Мазмұны: ойын алаңына екі жерден сызық жүргізіледі. Біріншісі – «сөре» сызығы. Одан 20-30 м қашықтықта «мәре» сызығы сызылады. Ойыншылардың арасынан 2-3 қуғыншы тағайындалады. Олар «сөре» сызығының үстінеде тұрған ойыншылардың артында 2 м жерде тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша ойыншылар: «Бір, екі, үш» - деп дауыстап санайды. «Үш» дегенде, сызықтың үстінде тұрған балалар алға қарай жүгіре жөнеледі. Артындағы қуғыншылар оларды қуып, «мәре» сызығына жеткенше ұстауға тырысады. Қуғыншылардың қолдары тиген ойыншылар шетке шығып тұрады.
Келесі ойында қуғыншылар ұсталмаған балалардың арасынан сайланады. Ойынның ережесі: 1. Қуғыншыдан қашқанда артқа қарамай, түзу жүгіріп қашу керек. 2. Қуғыншылар ойыншыларды қағып – соқпайды, оларға тек қолдарын ғана тигізеді. 3. Жүгіріп келе жатып, тоқтап қалуға болмайды. Әдістемелік нұсқаулар: сыныптағы оқушылардың шамасына қарай, олар ұлдардың командасына, қыздардың командасына немесе аралас командаларға бөлінеді. Ойыншылардың жүгіретін қашықтығын қысқартуға немесе ұзартуға болады. Жүгіргенде балалардың бір – біріне кедргі жасамауларын қадағалау қажет. Ойынның педагогикалық маңызы: оқушылар тура жолмен бар күшін жұмсап жүгіруге үйренеді. Ұсталып қаламын деп қорықпай, қарсы әрекет жасап, батыл болуға дағдыланады. Жеткізбей кетсе, өз күшіне сенім пайда болады.
Бағалау: Ойын барысында оқушылардң іс-әрекетін бағалап, бақылап отыру. Кемшіліктерді атап, немесе оқушыларды талпындыру мақсатында мақтау, мадақтау сөздермен қолдау көрсету қажет.
Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.
Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.
Дене шынықтыру пәні бойынша эстафеталық және қозғалмалы ойындар кезіндегі қауіпсіз ережелері
Дене шынықтырудың білім беру саласындағы мақсаты: дене шынықтыру сабағында қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.
Бастауыш сыныптарда осы мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттер шешілуі керек:
- оқушылардың денсаулықтарын нығайту, дене бітімдерін жақсарту, жалпақтабандылықтың алдын-алу; дененің қимыл-қозғалыс әрекеттерін белсенді және өзбетінше жасауға тәрбиелеу;
- денсаулықты сақтау мен нығайтуға қатысы бар дене тәрбиесі саласының білім жүйесін қалыптастыру;
- дене шынықтыру сапаларын: күштілік, жылдамдық, төзімділік, ептілік, иілгіштік және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту;
- акробатикалық, гимнастикалық, жеңіл атлетикалық және басқа да жалпы дамыту бағытындағы алуан-түрлі дене жаттығулар кешенін үйрету;
- жеке тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін тәрбиелеу, адамгершілік және жігер сапаларын дамыту, эстетикалық талғамын және мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыру;
Жеке гигиена, күн тәртібі, дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері, жұмыс істеу қабілеті мен қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту секілді қарапайым білім деңгейін қалыптастыру.
Оқу бағдарламасының құрылымы және мазмұны.
Бағдарлама екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім (ақпараттық компонент)» және «Әрекет етудің жан-жақты және пәндік әдістерін қалыптастыру (әрекеттік компонент)».
«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұны адамның танымдық белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктерге сәйкес келеді және келесі тақырыптарды қамтыған: «Дене жаттығуларының адам денесаулығына тигізетін әсері», «Оқу бағдарламасының белгілі бір дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері», «Қимыл-қозғалыс тәртібі мен жеке гигиенасы, олардың денсаулық және оқушылардың жұмыс істеу қабілеттерін көтеру үшін маңызы», «Шынығу тәртібі», «Қазақстан халқының дене шынықтыру мәдениеті, оның еңбек іс-әрекеттерімен байланысы».
«Әрекет етудің жан-жақты және пәндік әдістерін қалыптастыру» бөлімі негізгі қимыл-қозғалыс дағдыларын игеруге және оқушылардың дайындық деңгейлерін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар жалпы дене дайындығының құралдары туралы ақпараттар берілген. Бағдарламада ондай құралдар ретінде қолданбалы маңызға ие болатын дене жаттығулары және базалық спорт түрлерінен (гимнастика, жеңіл атлетика, қозғалмалы ойындар, спорт ойындары, шаңғы, жүзу) қимыл-қозғалыс әрекеттері ұсынылған.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.