Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 60 сабақ.


№60 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық

Тақырып: Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар.

Кіріспе бөлім: Тақырыпқа сай іс-әрекеттер.

Мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жүргізіп, әр кез бағалап отырады. Тапсырманы орындауда ашық сұрақтар қойып, нәтиже бойынша қорытынды жасап отыру керек.

Сабақтың кіріспе бөлімінде қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, қыздырыну жаттығуларын толық орындау қажет. Оқушылар жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын орындайды. Тынысты қалыпқа келтіріп, шеңбер бойына тұрып, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Мұғалімнің қызметі оқушылыр жаттығулармен жұмыс жасау кезінде кемшіліктерді айтып, ескертіп, бағалап отыру керек.

Сабақтың негізгі бөлімінде сабақ мақсатына сай тапсырмаларды орындауда бағыт-бағдар беріп, кемшіліктерді ескеру қажет.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Негізгі бөлім: «Төзімділікі дамытуға бағытталған ойындар»

Оқушыларды бірнеше топтарға тең бөліп, эстафеталық ойындар арқылы мақсатқа жетуді көздеу. Оқушыларды топтарға бөліп, сапқа тұрғызып, эстафеталық ойындарды түсіндіру, көрсету және топтарды жарыстыру. Мақсаты: оқушылардың төзімділік, икемділік, ептілік дағдыларын жетілдіру. Оқушылар үш топқа бөлініп, топтағы ойыншылар кезекпен тапсырманы орындап жарысады.

  • Оқушылар эстафеталық ойынның бірінші кезеңінде бір-бірінің артына сапқа тұрады да, топ басшылары белгілі қашықтықта оларға қарсы қарап тұрады. Топ басшыларының қолында доп болады. Мұғаім белгі бергенде, топ басшысы допты бірінші тұрған оқушыға лақтырады, ол қайта топ басшысына береді де, отырып қалады. Топ басшысы келесі оқушыға лақтырады, қайта алады. Осылай топтағы оқушылардың барлығы допты қағып алып, қайта лақтырғанға дейін жалғасады. Жеңіске бірінші аяқтаған топ жетеді.

  • Әр ойыншы резеңке допты екі тізенің ортасына қысып, қос аяқпен түсірмей секіріп барып, секіріп келулері тиіс. Егерде ойыншы допты түсіріп алса, сол жерден ойынды жалғастырады.

  • Оқушылар баскетбол добын жерге ұрып жүгіруден жарысады. Бастаушы оқушы кедергілердің арасымен допты жерге ұрып барып, өз белгісін айналып, қайтарда жерге түзу ұрып, жүгіріп келеді. Келесі оқушыға лақтырмай алып берулері тиіс.

Бағалау: Әр эстафеталық ойынды ойнатып болғаннан кейін, қорытынды жасап отыру. Кемшіліктерді атап, немесе оқушыларды талпындыру мақсатында мақтау, мадақтау сөздермен қолдау көрсету қажет.

1-ойында оқушылар допты ез қағып алып, тез лақтырулары керек. Ойын олардың зеректік қабілетерін анықтау үшін.

2-секіру дағдыларын жетілдіру масатында, оқушылардың икемділік қабілеттерін жақсарту мақсатында.

3-тапсырмада оқушылар, допты игеріп алып жүру мақсатында доппен жұмыс жасайды. Эстафетаның бұл түрін бірнеше рет қайталап орындауға болады. Бұл оқушылардың ептілік, жылдамдық қабілеттерін арттыру мақсатында.

Бағалау: Әр эстафеталық ойынды ойнатып болғаннан кейін, қорытынды жасап отыру. Кемшіліктерді атап, немесе оқушыларды талпындыру мақсатында мақтау, мадақтау сөздермен қолдау көрсету қажет.

Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.

Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.

Дене шынықтыру пәні бойынша эстафеталық және қозғалмалы ойындар кезіндегі қауіпсіз ережелері

Дене шынықтырудың білім беру саласындағы мақсаты: дене шынықтыру сабағында қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.

Бастауыш сыныптарда осы мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттер шешілуі керек:

- оқушылардың денсаулықтарын нығайту, дене бітімдерін жақсарту, жалпақтабандылықтың алдын-алу; дененің қимыл-қозғалыс әрекеттерін белсенді және өзбетінше жасауға тәрбиелеу;

- денсаулықты сақтау мен нығайтуға қатысы бар дене тәрбиесі саласының білім жүйесін қалыптастыру;

- дене шынықтыру сапаларын: күштілік, жылдамдық, төзімділік, ептілік, иілгіштік және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту;

- акробатикалық, гимнастикалық, жеңіл атлетикалық және басқа да жалпы дамыту бағытындағы алуан-түрлі дене жаттығулар кешенін үйрету;

- жеке тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін тәрбиелеу, адамгершілік және жігер сапаларын дамыту, эстетикалық талғамын және мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыру;

Жеке гигиена, күн тәртібі, дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері, жұмыс істеу қабілеті мен қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту секілді қарапайым білім деңгейін қалыптастыру. 

Оқу бағдарламасының құрылымы және мазмұны. 

Бағдарлама екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім (ақпараттық компонент)» және «Әрекет етудің жан-жақты және пәндік әдістерін қалыптастыру (әрекеттік компонент)».

«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұны адамның танымдық белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктерге сәйкес келеді және келесі тақырыптарды қамтыған: «Дене жаттығуларының адам денесаулығына тигізетін әсері», «Оқу бағдарламасының белгілі бір дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері», «Қимыл-қозғалыс тәртібі мен жеке гигиенасы, олардың денсаулық және оқушылардың жұмыс істеу қабілеттерін көтеру үшін маңызы», «Шынығу тәртібі», «Қазақстан халқының дене шынықтыру мәдениеті, оның еңбек іс-әрекеттерімен байланысы».

«Әрекет етудің жан-жақты және пәндік әдістерін қалыптастыру» бөлімі негізгі қимыл-қозғалыс дағдыларын игеруге және оқушылардың дайындық деңгейлерін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар жалпы дене дайындығының құралдары туралы ақпараттар берілген. Бағдарламада ондай құралдар ретінде қолданбалы маңызға ие болатын дене жаттығулары және базалық спорт түрлерінен (гимнастика, жеңіл атлетика, қозғалмалы ойындар, спорт ойындары, шаңғы, жүзу) қимыл-қозғалыс әрекеттері ұсынылған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.