Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 62 сабақ.


№62 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық

Тақырып: Төзімділікті дамытуға бағытталған ойындар.

Кіріспе бөлім: Тақырыпқа сай іс-әрекеттер.

Мұғалім сабақтың басынан аяғына дейін оқушылардың іс-әрекетіне бақылау жүргізіп, әр кез бағалап отырады. Тапсырманы орындауда ашық сұрақтар қойып, нәтиже бойынша қорытынды жасап отыру керек.

Сабақтың кіріспе бөлімінде қауіпсіздік ережелерін ескере отырып, қыздырыну жаттығуларын толық орындау қажет. Оқушылар жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын орындайды. Тынысты қалыпқа келтіріп, шеңбер бойына тұрып, жалпы дамыту жаттығуларын орындайды. Мұғалімнің қызметі оқушылыр жаттығулармен жұмыс жасау кезінде кемшіліктерді айтып, ескертіп, бағалап отыру керек.

Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім сабақ мақсатына сай тапсырмаларды орындауда бағыт-бағдар беріп, кемшіліктерді ескеру қажет.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Негізгі бөлім: «Төзімділікі дамытуға бағытталған ойындар»

Оқушылар мен бүгінгі сабақтың мақсатын игеруде оларды тапсырмалармен таныстыру. Яғни, қимыл-қозғалыс ойындары арқылы мақсатқа жетуді көздеу.

« Құстар мен мысық» ойынын ойнату

Жерге шеңбер сызылады. Ортаға тәрбиеші таңдаған бала болып тұрады. Қалған балалардың бәрі шеңберді айнала тұрады, бұлар құстар. Құстар шеңберді айнала жүріп дәндерді шоқиды. Мысық оянып кетіп, құстарды көреді де, оларды ұстай бастайды. Құстар шеңберден ұшып кетуге асығады. Мысық шеңбердегі қай құсқа тиіп кетсе, ол ұстаған болып есептеледі де ортаға келеді. Мысық 2-3 құсты ұстаған кезде тәрбиеші жаңа мысықты таңдап алады. Ұстап алған құстар барлық ойыншыларға келіп қосылады. Ойын 2-3 рет қайталанады.

« Ортаға түспек» ойынын ойнату

Ойынға қатысушылар екі командаға бөлінеді. Ойын үлкен алаңда өтуге тиіс. Жерге көп бала сиятындай үлкен төртбұрыш сызылады. Бірінші команда сол төртбұрыштың ішіне енеді де, екінші команда сыртында орын алады. Ойын басталған соң, сыртындағы ойыншылар тік төртбұрыштың ішіндегі ойыншыларды бір доппен дәлдеп ұра бастайды. Доп тиген бала сызықтың сыртына шығарылады. Егер ол денесіне дарытпай, әр жерге түсірілмей допты қағып алса, сыртқа шығарылғандардың біреуін кіргізіп алады. Тік төртбұрыштың ішінде жалғыз ойыншы қалғанда ұтып жатқан команда оған 10 не 20 рет ойналуға ойын бұйырады. Ол бұл сыннан құламай өтсе, сырттағы командаластарын түгел ішке кіргізіп алады. Егер айнала алмай, құлап қалса, өзі де сыртқа шығып, ішке ұтқан команда кіреді.

Дискрипторлар:

  • Оқушылар ойындарда қауіпсіздікті сақтайды;
  • Ойынды өз ережесімен ойнайды;
  • Топта белсенділік танытып, бірлесіп жұмыс жасайды.

Бағалау. Оқушыларды әр кез ойын барысындагы кемшіліктеріне кері байланыс беріп, іс-әрекеттерді ашық сұрақ жауап арқылы бағалап отыру. Оқушылардың ойын барысындағы іс-әрекеттерін бақылап, мақтау, мадақтау сөздері арқылы бағалап отыру.

Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.

Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.

Дене шынықтыру пәні бойынша эстафеталық және қозғалмалы ойындар кезіндегі қауіпсіз ережелері

Дене шынықтырудың білім беру саласындағы мақсаты: дене шынықтыру сабағында қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.

Бастауыш сыныптарда осы мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттер шешілуі керек:

- оқушылардың денсаулықтарын нығайту, дене бітімдерін жақсарту, жалпақтабандылықтың алдын-алу; дененің қимыл-қозғалыс әрекеттерін белсенді және өзбетінше жасауға тәрбиелеу;

- денсаулықты сақтау мен нығайтуға қатысы бар дене тәрбиесі саласының білім жүйесін қалыптастыру;

- дене шынықтыру сапаларын: күштілік, жылдамдық, төзімділік, ептілік, иілгіштік және қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту;

- акробатикалық, гимнастикалық, жеңіл атлетикалық және басқа да жалпы дамыту бағытындағы алуан-түрлі дене жаттығулар кешенін үйрету;

- жеке тұлғаның әлеуметтік маңызы бар қасиеттерін тәрбиелеу, адамгершілік және жігер сапаларын дамыту, эстетикалық талғамын және мәдениеттілік дағдыларын қалыптастыру;

Жеке гигиена, күн тәртібі, дене жаттығуларының ағзаға тигізетін әсері, жұмыс істеу қабілеті мен қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту секілді қарапайым білім деңгейін қалыптастыру. 

Оқу бағдарламасының құрылымы және мазмұны. 

Бағдарлама екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім (ақпараттық компонент)» және «Әрекет етудің жан-жақты және пәндік әдістерін қалыптастыру (әрекеттік компонент)».

«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұны адамның танымдық белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктерге сәйкес келеді және келесі тақырыптарды қамтыған: «Дене жаттығуларының адам денесаулығына тигізетін әсері», «Оқу бағдарламасының белгілі бір дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелері», «Қимыл-қозғалыс тәртібі мен жеке гигиенасы, олардың денсаулық және оқушылардың жұмыс істеу қабілеттерін көтеру үшін маңызы», «Шынығу тәртібі», «Қазақстан халқының дене шынықтыру мәдениеті, оның еңбек іс-әрекеттерімен байланысы».

«Әрекет етудің жан-жақты және пәндік әдістерін қалыптастыру» бөлімі негізгі қимыл-қозғалыс дағдыларын игеруге және оқушылардың дайындық деңгейлерін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар жалпы дене дайындығының құралдары туралы ақпараттар берілген. Бағдарламада ондай құралдар ретінде қолданбалы маңызға ие болатын дене жаттығулары және базалық спорт түрлерінен (гимнастика, жеңіл атлетика, қозғалмалы ойындар, спорт ойындары, шаңғы, жүзу) қимыл-қозғалыс әрекеттері ұсынылған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.