Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 13 сабақ.


№13 сабаққа арналған дидактикалық материалдар (керекті құрал-жабдықтар)

Кіріспе бөлім

Тақырып: Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары

Оқушы әрекеті: Мұғалімді мұқият тыңдау. Сабақ мақсатымен, бағалау критерийлерімен толық танысу. Қыздырыну жаттығуларын орындау.

  • Жүру жаттығуларын орындау;
  • Жүгіру жаттығуларының түрлерімен жаттығу;
  • Жылдамдыққа жүгіру;
  • Тынысты қалыпқа келтіру

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Шеңбер бойындағы әр оқушы бір-бір жаттығудан айтып, санақ бойынша орындатқызады.

Жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Жаттығу сипаттамасы

орындалуы

нұсқаулық

іс-қимыл

1

Б.Қ Аяқ иық көлемінде

Санақ 1-4 басты оңға айналдыру

Санақ 5-8 басты солға айналдыру

3-4 рет

Басты толық, көзді ашып айналдыру

2

Б.Қ Аяқ иық көлемінде, қол иықта

Санақ 1-4 қолды алға айналдыру

Санақ 5-8 қолды солға айналдыру

3-4 рет

Қолды толық алға, артқа айналдыру

3

Б.Қ Аяқ иық көлемінде, қол кеуде алдында бүгулі

Санақ 1-2 қолды бүгіп керу

Санақ 3-4 қолды жазып керу

3-4 рет

Қолды толық жазып керу.

4

Б.Қ Аяқ иық көлемінде, қол желкеде

Санақ 1-2 кеудені оңға бұру

Санақ 3-4 кеудені солға бұру.

3-4 рет

Шынтақты ашып, кеудені толық бұру

5

Б.Қ Аяқ иық көлемінде, қол белде

Санақ 1-4 белды оңға айналдыру

Санақ 5-8 белды солға айналдыру

3-4 рет

Белді толық айналдыру

6

Б.Қ Аяқ иық көлемінде, қол белде

Санақ 1 оң аяққа еңкею

Санақ 2 ортаға

Санақ 3 сол аяққа еңкею

Санақ 4 Б.Қ

3-4 рет

Еңкею барысында тізені бүкпей қолды аяқ ұшына тигізу.

7

Б.Қ Аяқ иық көлемінде, қол белде

Санақ 1-4 оң аяққа секіру

Санақ 5-8 сол аяққа секіру

3-4 рет

Аяқ ұшымен бір орында секіру.

Негізгі бөлім:

«Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары»

Мақсаты: арнайы тапсырмалар арқылы қозғалмалы ойындардағы негізгі дағдыларды жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу.

Сипаттама: «Қазаншұңқыр» ойынындағы шарды ұру, ұяшаларды дәлдеу, қарсыласты айналып өту дағдыларын дамыту үшін арнайы тапсырмалар орындайды.

Оқушы әрекеті:

  • Мұғалімнің берген тапсырмаларына мұқият құлақ асу, яғни тыңдай білу. Сұрақтарға белсенді жауап беру. Мақсатқа жетуде ұйымдастырылған қимыл-қозғалыс ойынының қауіпсіздік ережесімен танысу.

Қозғалмалы ойындарды өткізу кезіндендегі қауіпсіздік ережелері

  • Ережелермен танысқан, дәрігерлік тексеруден өткен, денсаулығы жарамды оқушылар қатыса алады.
  • Қозғалмалы ойындар кезінде спорт ережелерін бұзбау керек.
  • Қозғалмалы ойындарды өткізу кезінде оқушыларға төмендегідей қауіпті факторлар әсер етуі мүмкін:

Соқтығысып қалған кездегі алған жарақаттар;

Ойын шартын бұзған кездегі жарақаттар;

Құлаған кездегі алған жарақаттар.

  • Оқыс жағдайда зиян шеккен оқушылар бірден мұғалімге керек
  • Сабаққа, ойынға оқушылар міндетті түрде спорттық киіммен, табаны таймайтын резеңке аяқ киіммен қатусуы керек.

Ойын алдындағы техника жқауіпсіздік ережелері

  • Спорттық киім және аяқ киім болуы керек.
  • Оқушылар міндетті түрде қозғалмалы сергіту жаттығуларына қатысуы керек.

Ойын кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері

  • Ойынды тек мұғалімнің командасымен баста және аяқта
  • Ойын кезінде ойын ережесін қата сақта
  • Бір-біріне соқтығысып қалудан сақтан.
  • Құлаған жағдайда өзіңе жарақат алмауға тырыс.
  • Ойын кезінде спорттық құралда ақау бар екенін байқасаңыз, ойынды тоқтатып, мұғалімге ескертіңіз.

«Қазаншұңқыр» ойынының мазмұны.

Балалар араларынан бір ойыншыны ойын жүргізуші етіп сайлайды. Ол қолына таяғын алып, шарды шеңбердің сыртынан ортаға қарай ұруға дайындап тұрады. Ойыншылардың әрқайсысы өз қалауы бойынша бір-бір шұңқыр ұяшаның қасына келіп, қолындағы таяғының ұшын ұяшаға түсіріп тұрады. Мұғалімнің ойынды бастау жөнінде берген белгісі бойынша ойын бастаушы шарды ойыншылардың арасындағы ашық жер арқылы шеңбердің ортасындағы «қазаншұңқырға» немесе ойыншылардың алдындағы ұяшаларға түсіруге тырысады. Ал шеңберді бойлай тұрған ойыншылр ойын бастаушының өздеріне қарай бағыттап ұрған шарын таяқтарымен қағып, өз ұяшасына да, «қазаншұңқырға» да түсірмеулері керек.

Осындай қымыл, жүгіріс кезінде ойын бастаушы бос қалып қойған бір ойыншының ұяшасын иемденіп ала қоюға тырысады. Ұяшасынан айырылып қалған бала ойын бастаушы болып, әрі қарай жалғастырып кетеді.

Егер ойын жүргізуші шарды ортадағы «қазаншұңқырға» түсірсе, онда барлық ойыншы міндетті түрде тез орындарын ауыстырулары қажет. Кімге орын жетпей қалса, сол ойын басқарушы болады.

Дискрипторлар;

  • ойын ережесін мұқият түсініп алу;
  • ережемен ойнау;
  • қауіпсіздікті сақтау және мұғалімді мұқият тыңдау.

«Сабақты қорытындылау»

Мақсаты: Құрал-жабдықтарды жинау. Мұғалімнің сабақты қорытындылауын тығдау. Сұрақтарға жауап беру. Өткізілген сабаққа кері байланыс жасау және серіктестерін бағалау. Өзіне рефлексия жасау.

Қимыл-қозғалыс ойындарға керекті құралдар

Ысқырық секіртпе шығыршық (обруч)

резеңке доп секіртпе доптары

Спорттық ойындардың доптары (волейбол, баскетбол, футбол т.б)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу