Қозғалмалы ойындардағы қозғалыс дағдылары. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 13 сабақ.
Дидактикалық материал №13
Жалпы дамыту жаттығулар
Карточка №1
Дене тәрбие жаттығулары
Жүру жаттығулары. Тізелерін сәл бүгіп, жүрелей жүру; екі колыншапалақтап (белге қойып, артқа
ұстап) жүру; аяқтың ұшымен және өкшемен жүру;бір қатар болып келе жатып, екі қатар жасап
жүру; 3-5 м. жерге дейін көзін жұмып жүру; теріс қарап жүру.
Жүгіру жаттығулары. Аяғын артқа серпи жүгіру: оң (сол) жаныменжәне теріс қарап жүру; екіден келе жатып, бірін-бірі қуалай жүгіру; 3 х 10 м.қашықтықтыайнала жүгіру; 100 м. қашықтықты жүгіріп өту; 150-200 м. жерді жай жүгіріп өтукедергісі көп жерден жүгіру; ойлы-қырлы жермен жүгіру; ағаштардың арасымен(шөбі шалғын жермен, тізеден келетін су ішімен) жүгіру; 1,5-2 минутқа дейін тоқтамай жүгіру: 10-30 м. қашықтыққа бар екіпінімен жарыса жүгіру (10 м — 2,6-2,8 сек: 20 м.- 5.0 сек., 30м. —8,5-7,5 сек).
Карточка №1
Дене сымбатына арналған жаттығулар кешені
Аяқтың ұшымен тұру, қолды жоғары көтеріп, саусақтың ұшына көз алмай қарап тұрып, кеудені жоғары қарай көтеру.
Екі қолды дененің екі жағына, жақындатып төмен ұстап, әскери шеруде жүргендей жүру керек: аяқтың ұшын алға созып, табанды түгелдей жерге тигізіп жүру.
Еденге отырып, аяқты айқастыру. Қолды тізеге қойып, арқаны тіктеу.
Еденге жатып, іш пен аяқты еденге тақау, қол саусақтарын арқа жақтан айқастыра ұстау. Кеудені алға созып, басты алдыға, жан-жаққа, артқа бұру. Қолды дененің жанында ұстап, басты ғана қозғаймыз.
Еңкейіп тұрып, басты ақырын бұру. (Омыртқаның кеуде бөлігін бүгу), екі қолды екі жаққа созу.
Екі иықты алдыға-артқа айналдыру.
Жамбасты тіреп жатып, кеудені артқа қарай ию.
Бір орында тұрып, әскерлерше жүру.
Қозғалмалы ойындар өткізнген кездегі қауіпсіздік ережелері.
І. Жалпы қауіпсіздік талаптары.
Сабақтар тек қана жарамды спорттың құрал жабдықтарымен өткізіледі. Сабақ өтілетін жер өрт сөніруге арналған құрылғылармен (өрт сөндіргіш және т.б.) және дәрі дәрмек қорпшасымен, таңуға арналған материалмен, зақымдалушыға бірінші медициналық көмек көрестуге қажетті жабдықталуы тиіс.
Сабаққа қатынаса алатын оқушылар:
- денсаулығының жағдайына қарай жалпы және дайындық медициналық топқа жататындар.
- Қауіпсіздік шараларынан нұсқаулықтан өткендер.
- Сабақтың өткізілу шартарына және тақырыбына сәйкес қозғалуға қиындық туғызбайтын спорттық аяқ киім және форма болуы.
Оқушы мендетті:
- Тырнақтарын қысқа алулы.
- Мұғалімнің руқсатымен спорттық жабдықтарды алып жаттығуға кірісуге болады.
- Спорттық құрал-жабдықтарға ұқыпты қарап, оларды тиісті емес жерге пайдаланбауы.
- Ойын ережелерін мұқият тыңдап еске сақтау керек.
- Ойын ережелерін сақтап бұзба керек.
- Мұғалімнің белгісі бойынша ойынды бастауға болады.
- Ойынан шығуға тиісті ойыншылар ережеге сай, байқап басқаларға кедергі жасамай, ойын алаңын босатып орындыққа отыру керек.
- Нұсқаулықты біліпж»не орындауы керек.
Қуғыншылар қашатындарға жармаспай арқасынан итермей, аяқтан шалмай сәл қолының ұшын тигізуі керек.
- Қауіпсіздік шараларын сақтамаған үшін оқушы оқу процесінеқатыстырылмауы мүмкін.
ІІ. Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары
Оқушы міндетті:
- Киім ауыстратын бөлмеде спорттық аяқ киімі мен формасын ауыстыруы керек.
- Басқа жаттығушыларға қауіп төнгізетін заттарды (сыра, сағат, білезік және т.б.) шешіп тастауы керек .
- Спорттық киімнің жанқалталарынан үшкір және бөтен заттарды алып тастау керек.
- Мұғалімнің басшылығымен жаттығуды өткізуге керекті құрал жабдықтарды дайындау керек.
- Сабақты өткізуге кедергі болмау үшін доптар мен басқа да спорттық құрал жабдықтарды стелаждарға орналастыру керек.
- Жаттығу өткізілетін орынға мұғалімнің руқсатымен шығу керек.
- Мұғалімнің айтуымен жалпы сап қатарына тұру.
ІІІ. Сабақ өтілу уақытында қауіпсіздік талаптары.
Қуып жету ойындары.
Қашушы міндетті:
- Өзінің қозғалыс бағытына қарауы керек.
- Тез тоқтап қалауы керек.
- Басқада ойыншылар мен соқтығысып қалмас үшін өзінің жүгіру жылдамдығын баяаулатып тоқтауы керек.
- Алдыңда жүгіріп келе жатқан адамды итеруге болмайды.
Жүгіріс йындары.
Оқушы міндетті:
- Шапшаң жүгірушілерге озуға мүмкіндік беру.
- Өз жүгіру бағытыңды тез өзгертуге болмайды.
- Ойын алаңы сыртына шығып кетпеу керек.
- Қолыңмен немесе аяғыңмен қабырғаға сүйеніп тоқтап қалуға болмайды.
Дұрыс орындауы | Негізгі қателіктер |
| Ойынды дұрыс түсіндірмеуі Тегіс жерде ойналмауы Командаға дұрыс бөлінбеуі Әр команда бөлек-бөлек колонна болып тұрады. Алаңнын ортасына біріне - бірі параллель екі сызық сызылады, олардың арақашықтығы дұрыс сақталмауы Екі түзу сызықтын екі жағынан 10-20 м. қашықтықта «үйлер» сызықтары сызылмағаны Ойыншылардың тең командаға бөлінбеуі Өз «үйлерінде» беті жағымен тұрмаулары Бір команда «түн», бірі «күн» болу кректігін аңғармағаны Жетекші «күн» деп команда бергенде, «түн» командасының ойыншылары өз үйлеріне қашып кетпеуі «Күн» командасы оларды ұстауға тырыспағандары |
| Ұсталған ойыншыларды дұрыс есептемеуі Белгіні оқыс түрде берілмегені Ал жетекші команда беруде екінші бір түрін қолданбауы Бір дөңгелек нәрсені алмауы Оның бір жағы ақ, бір жағы қара болмауы Ақ жағы - «күн» деген команданы білдірмеуі Қара жағы - «түн» деген команданы білдірмеуі. Жетекші ойыншыладың көңілін бөлу үшін ойын барысында түрлі-түрлі жаттығулар жасауы мүмкін. |
3. Берілген ойында өз командасын ойыншыны кқп жинау | Ойын ережесін дұрыс сақтамауы Команда берілместен бұрын үйге қашып кету. Ойыншыларды тек үйдің сызығына жеткенше ұстау керектігі Ұсталган ойыншылар есепке кіргеннен кейін қайтадан ойнауга болатынын білмеуі. Қозғалысты кеңістікте тиімді пайдаланбауы Топпен жұмыс жасайалмауы. Ойын кезінде тез жүгіре алмауы Қайтадан өз орындарындарын таппауы Оқушылар ойынның шартын дұрыс орындамаулары |
- Сабақ басталмас бұрын денені қыздыру жаттығуларын жасау керек
- Дене қыздыру жаттығулары
- Жүру түрлері
- Аяқтың өкшесімен
- Сыртқы қырымен
- Аяқтың ұшымен
- Жартылай, толық отырып жүру
- Жүгіру
- Арнаулы жүгіру жаттығулары.
- Тынықтыру жаттығулары
- Орнында жасалатын жаттығулар.
- Ойын алаңын мұқият қарап шығу керек
- Жүгіру жолдарын тексеріп шығу
- Басқа заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу
- Ойынды мұғалімнің рухсатымен бастау керек
- Жүгіру алаңына басқа оқушылардың кедергі жасамауын қадағалау
Қорытынды бөлім
Сапқа тұру, жай жүгіру, жүру тыныс алу жаттығуларын жасап бастапқы қалыпқа түсу.
— Сабақты қорытындылау
— Үйге тапсырам беру
— Ұйымдасқан түрде оқушыларды тарату
Оқушылардың бастапқы қалыпқа түсу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау.
Ғаламторға сілтеме: «Балаларға арналған қозғалмалы ойындар»
https://library.wksu.kz/dmdocuments/%D2%9A%D0%98%D0%9C%D0%AB%D0%9B%D0%94%D0%AB%20%D0%9E%D0%99%D0%AB%D0%9D%D0%94%D0%90.pdf
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру