Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 6 сабақ.
№6 сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырып: Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар
Сабақтың кіріспе бөлімінде
«Тақырып көлеміндегі әрекеттер»
Қатардағы жаттығулар. (Оңға, солға, кері бұрылу)
Жүрістегі жаттығулар. (Залды айнала жүру жаттығуларын орындау. Аяқ ұшымен жүру, өкшемен жүру, жартылай отырып жүру, толық отырып жүру т.б)
Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу.
Баяу жеңіл жүгіру. Арақашықтықты сақтау. Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру. Мұрынмен тыныс алу. Жүгірістегі жаттығулар. (оң, сол иықпен қолды артқа, алға айналдыра жүгіру, тізені көтеріп жүгіру, өкшені артқа лақтырып жүгіру, оң, сол аяққа секіріп жүгіру, артпен жүгіру, жылдамдыққа жүгіру. )Бірте-бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Жүрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру.
Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.
Жаттығулар тізбегі аяқ бұлшық еттері мен секіру, сермелу жаттығуларын қамтуды көздейді.
Сабақтың негізгі бөлімінде
Дене жаттығуларын жетілдіру тапсырмалары.
Мақсаты: Арнайы тапсырмаларды орындай отырып түрлі іс-әрекетке бағытталған негізгі жаттығуларды жетілдіру, оқыту мақсаттарын шешу. Дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын көрсету әрекеттерден хабардар ету.
Сипаттама: Оқушылар шағын топтарда, жұпта ақылдаса отырып дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын ойластырып орындауға тырысады. Тапсырманы орындау барысында түрді жаттығуларды, секіру жаттығуларын, физикалық өзгерістерді, бақылау стратегияларын, негізгі қозғалыс дағдыларын жетілдіру әрекеттері жүзеге асырылады.
Мұғалім әрекеті:
- тапсырмаларды орындау орынын, құрал-жабдықтарды дайындайды;
- сыныпты бірнеше топтарға бөледі;
- оқушыларға спортшының негізгі қозғалыс дағдыларын жетілдіруге арналған тапсырмаларды орындауды ұсынады;
- тапсырманы түсіндіреді;
- тапсырмаларды орындау кезінде жарақаттануды болдырмау мақсатында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді;
- тапсырмаларды орындау кезінде жетілдіру керек дағдыларды, әрбір оқушының жеке жетістіктерін айтып тұрады;
- оқушылардың өзін-өзі бағалауын, өзара бағалауын бірі-бірлеріне ауызша баға беру арқылы жүзеге асырады;
Келесідей сұрақтар қою арқылы білімді бекітеді:
Сенің серіктесің ұсынған кері байланыс пайдалы болды ма?
Уақыт қалса, «Допты қуып жет» қимыл-қозғалыс ойынын ойнату.
Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Мұғалім екі допты шеңбердің екі жағынан ойыншыларға береді.
Мақсат: допты қос қолмен жылдам қағып алып, қасындағы серіктесіне түсірмей, лақтырмай беруі тиіс. Ортаға адамтастап келесі адамға допты жәй лақтырып беруге болады. Оң немесе сол қанаттағы доп бірінші келуін анықтау үшін оқушылар жылдам қимылдауы керек. Ойын осылай жалғасады.
Қорытынды бөлімде:
Сабақтан алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізу.
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушыларға «кері байланыс карталарын» толтырып қалдыруды тапсырады.
«Балаларға арналған қозғалмалы ойындары» сілтемесі:
http://ped-kopilka.ru/blogs/yulija-viktorovna-butova/podvizhnye-igry-s-begom-dlja-detei-5-7-let.html
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.