Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 5 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

Оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша нұсқаулықтар.

Сабақтың кіріспе және дайындық бөлімдерінде оұушыларға алдағы жұмыс туралы көрсету арқылы ұсыну. Бұған презентацияны пайдалана отырып, сабақтың тақырыптары мен міндеттерін талқылау арқылы қол жеткізіледі. Қозғалыс кезінде және жаттығулар жасағанда балаларға қашықтықты және қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету маңызды. Сабақтың негізгі бөлігінде, ойындарда міндеттерді орындаған кезде, ережелердің сақталуын бақылап, оқушылармен ойынның тиімділігін арттыру үшін талқылау керек. Сабақтың соңғы бөлігінде оқушылардың ағзасының функционалдық жүйелерін толқудан тыныштандыруға ауысу үшін төмен қарқындылық ойындары таңдалады.

Әдістемелік нұсқаулық

Секіруге дайындық бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.

Қыздырну жаттығуларын сапалы және жан-жақты жүргізу керек. Ол екі бөлікті қамтуы тиіс: жалпы дайындық (баяу жүру, жалпы даму жаттығуларының кешені) және арнайы дайындық (жүгіру және секіру жаттығулары, жеделдету).

Қыздырну жаттығуларын орындау үшін сіз келесі әдістемелік ережелерге сүйенуіңіз керек:

- негізгі бұлшықет топтарына үнемі әсер етеді (созылу, қару-жарақ пен иыққа арналған жаттығулар, аралық және аяқтың бұлшық еті үшін жаттығулар, секіру, дем алу жаттығулары және релаксация жаттығулары);

- жаттығулар олардың сипаты мен қарқындылығы сабақта алдағы негізгі әрекетке сәйкес келуі керек;

- жалпы даму кешені түрлі бағыттағы жаттығуларды қамтуы тиіс.

Арнайы жаттығулар жүгіруге дайындалу үшін жүргізіледі, жаттығушылардың бұлшық еттерін және қозғалыс аппаратарының байламдарын қарқынды жұмыс істеу үшін.

1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері

Сабақ тақырыбы: Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар

Оқу мақсаттары: 3.3.3.3 Дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын көрсету және түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

- Дене жаттығуларын орындағанда физикалық өзгерістерді анықтау үшін бақылау стратегияларын көрсетеді және түсіндіреді

Бағалау критерийлері:

  • дене жаттығуларын орындағанда бақылау стратегиясы физикалық өзгерістерді анықтап көрсетеді;
  • дене жаттығуларын орындағанда бақылау стратегиясы физикалық өзгерістерді анықтап түсіндіреді.

Сабақтың басы.

Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды иез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен. Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз» Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды. Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Орташа қалыпта жүгіру, алаңның оң жағынан сол жағына қарай .

1. Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру.

2. Жеңіл жүгіріске көшу .

3. Аяқты артқа, қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру.

4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру, екі қол белде

5. Жылдамдыққа жүгіру

6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру.

2. Сабақтың ортасы.

Әдістемелік нұсқаулық.

1. Ойын ережесін түсіндіру.

2. «Сөрені» сызу керек.

3. Оқушыларды жұппен бөлу.

4. 1 жұп «сөреге» шығады.

5. Ойыншылар барынша алысқа секіру керек.

6. Секірген ұзындықты бормен белгілеу керек.

7. Келесі ойыншы қарама-қарсы бағытта секіру қажет.

8. Секіруді бірінші оқушы секіріп жеткен жерден бастайды.

9. Ойыншы белгеленген сызықтан неғұрлым алысқа секіру керек.

Әдістемелік нұсқаулық

 Қозғалмалы ойындардағы техникалық қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

Дене шынықтыру сабағында басты назар аударатын мәселе - жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет. Төменде бағдарламаның жекелеген тараулары (бөлімдері) бойынша сақтауға тиісті қауіпсіздік ережелері.Сабаққа спорт үйірмесіне келген оқушы арнайы спорт киімдерін киіп, оның таза болуын қадағалауды міндеттейді;Сабақ басталарда оқушы денесінің ыстығы көтеріліп т. б. аурулармен ауырып тұрса мұғалімге өз денсаулығы жайында ескерту керек.Спорт залда, алаңда дене тәрбиесі пәні мұғаліміне тағайындалған ойындар мен жаттығуларды орындамау керек.Спорт залдағы электр розеткалары мен электрощиттеріне тиіспеу керек;Спорт, алаңда орнатылған, құрылған спорт құралдарын мұғалімнің рұқсатынсыз тиіспеу керек;Гранат, кіші доп т. б. құралдары алысқа және нысанаға лақтырған кезде қауіпті алаңға, сырттан адам, не мал кіріп кеткен кезде жаттығуды тоқтату керек.Жеңіл атлетика1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резина аяқ киім қию керек.2. Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып кілт тоқтауға болмайды.3. Ойлы - қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешік т. б.) аспай - саспай өтуді есте сақтаған жөн.4. Жүгіру, секіру, лақтыру алаңдарын көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.5. Тырма мен күректі сабақ өтетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі т. б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) қаратып қоюға болмайды.6. Спорт құралдарын (граната, диск, найза т. б) лақтырғанда, лақтыру бағытында адамның болмауын қарап, бақылап алу қажет.7. Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды майдалап, қопсытып алу керек.8. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.9. Лақтырған ядроны қағып алуға болмайды және ядроны лақтырар кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.10. Жауын - шашында күндері лақтыратын құрал - жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану керек.

3.Сабақтың соңы.

Сабақты қорытындылау.

Қол жеткен нәтижелер туралы ойлау өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру;

Өткен тақырып бойынша мұғалім мен оқушының талдау іс-әрекеті;

Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді;

Оқушылар өз жұмыстарын «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары 5Дене шынықтыру

Сынып: ____3_____ Күні: ___________

1-бөлім: Жеңіл атлетика арқылы қозғалыс әрекеттері

Сабақ тақырыбы: Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар

Оқу мақсаттары: 3.3.3.3 Дене жаттығуларын орындау кезінде физикалық өзгерістерді анықтау үшін бірқатар бақылау стратегияларын көрсету және түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

- Дене жаттығуларын орындағанда физикалық өзгерістерді анықтау үшін бақылау стратегияларын көрсетеді және түсіндіреді

Бағалау критерийлері:

  • дене жаттығуларын орындағанда бақылау стратегиясы физикалық өзгерістерді анықтап көрсетеді;
  • дене жаттығуларын орындағанда бақылау стратегиясы физикалық өзгерістерді анықтап түсіндіреді.

 

Ойлау деңгейінің дағдысы: түсінеді, қолданады

№ 1 Тапсырма: Сызылған «сөрелік» сызықтан алысқа секіру

№ 2 Тапсырма: Секірген ойыншының «сөрелік» сызығынан алысқа секіру

№ п/п

Аты-жөні

оқушының

Дескрипторлар

Тапсырма № 1

Қауіпсздік ережесінің техникасын сақтайды

Қосаяқпен секіруді біледі

Секірген мезгілде серпілуді біледі.

Техникалы дұрыс орындайды ойындағы

Өз-өзінің іс-әрекетін бағалайды, жіберген қателерін анықтайды, ілгерідегі әрекетін түзетеді

1

2

  • Қорытындыны белгілеу үшін мына белгідерді пайдалануға болады:
  • V - (өте жақсы)
  • Z – (жақсы)
  • S - (әліде жұмыстану керек)

Қозғалмалы ойындар ғаламторға сілтеме:

http://bilimdiler.kz/balabaksha/5085-kimyldy-oyyndar.html

Сымсыз телефон – ойыны.Қыз жігіттер сап түзеп тұрады. Ойын оңнан солға не, солдан оңға қарай бір ыңғайда жүреді. Ойын басқарушы бірінші тұрған адамға құлағына сыбырлап, сөз не сөйлем айтады, ол келесі көршісіне сыбырлап естіген сөзін жеткізеді, осылайша соңғы адамға дейін жалғасады. Ал енді ойын басқарушы соңғы адамнан бастап сұрайды. Мүмкін соны қате естіп, өзгерткен адам айып өтейді. Айып әр түрлі: ән салу, би билеу, өлең оқу, сол сияқтылар.Тапшы, кімнің дауысы? – ойыны.Шеңберде тұрған ойыншылардың бәрі ортаға шығып көзін байлайды да, ойын басқарушы болады. Ал қалғаны:«Секір секір» деген кім,білгіш болсаң таба ғой.Тауып ал да, өзің кеп,Сол орынды ала ғой, деген өлеңді айтып, шеңберді айнала жүгіреді.«Секір секір» деген сөзді мұғалім белгілеген оқушы айтады. Балалар осыны айтып болған соң, ойын бастаушы көзін ашады да, «секір» деп айтқан баланы табуға тырысады. Тапса, айтқан бала ортаға шығады да, ойын басқарушы болады. Ойын осы ретпен жүргізіле береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.