Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 9 сабақ.


№9 сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырып: Лақтыру, секіру, жүгірудің түрлері.

Сабақтың кіріспе бөлімінде

Спорттық киімдеріне назар аудару.

Сәлемдесу.

Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар.

Бұрылыстарды біркелкі орындау.

Аяқтың ұшын, өкшесін дұрыс пайдалану.

Жүрістегі жаттығулар.

Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Жүрістегі жаттығулардан жүгірістегі жаттығуларға көшу.

Баяу жеңіл жүгіру.

Арақашықтықты сақтау.

Қол кеуденің алдында, аяқтың ұшымен жүгіру.

Мұрынмен тыныс алу.

Жүгірістегі жаттығулар.

Бірте-бірте ақырындап жүріске көшу. Кең тыныс алу. Ж

үрісте үш лекпен бұрылып үш қатарға тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

Жаттығулар тізбегі аяқ бұлшық еттері мен секіру, сермелу жаттығуларын қамтуды көздейді.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету. Ойын кезінде жұптарды мақтап, мадақтап отыру.

Сабақтың негізгі бөлімінде

Дененің дұрыс дамуы үшін жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларының жетілдіру тапсырмалары.

Сыныпты шағын топтарға бөлу, секіру жаттығуларын орындау:

  • Екі аяқпен итеріліп, орнынан ұзындыққа секіру (5-6 рет).
  • Алты-сегіз жүгіру қадамымен ұзындыққа секіру (5-6 рет).

Дескрипторлар:

  • секіру үшін арнайы қозғалыстарды орындайды;
  • жеке қауіпсіздік үшін қол, аяқ қозғалыстарын үйлестіре алады;
  • дене қасиеттерді дамыту үшін бірнеше жаттығулар ұсынады.

«Өзеннен секіріп өту» ойынын ойнату. Сынып екі командаға бөлінеді. Оқушылар сөре сызығының артына бағанға тұрады. Сөреден 8м-ден кейін екі параллель сызықпен екі метрлі ені бар шартты өзен белгіленеді, содан соң 8м. кейін әрбір қойылады. Бағыттаушының белгісі бойынша ойыншылар бұрылыс бағанына қарай жүгіреді, екпін алып өзеннен секіріп өтеді, бағанды айналып, өзеннен сол тәсілмен өтіп, кері қайтады және эстафетаны келесі ойыншыға береді. Әрбір өзеннен өтпеу үшін командаға екі айыппұл ұпайы есептеледі. Келесідей сұрақтар қою арқылы білімді бекітеді.

Командаластарыңызға қандай көмек көрсеттіңіз? Тапсырманы күрделендіру үшін қандай ұсынысыңыз бар?

Бағалау: Оқушылардың өзіндік және серіктесін бағалауы тәжірибеленеді. Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

Қорытынды бөлімде:

Сабақтан алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізу.

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушыларға «кері байланыс карталарын» толтырып қалдыруды тапсырады.

«Балаларға арналған қозғалмалы ойындары» сілтемесі:

http://ped-kopilka.ru/blogs/yulija-viktorovna-butova/podvizhnye-igry-s-begom-dlja-detei-5-7-let.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.