Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері. Дене шынықтыру, 3 сынып, қосымша материал. 8 сабақ.
№8 сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Тақырып: Лақтыру, секіру, жүгіру түрлері.
Сабақтың кіріспе бөлімінде
Мақсаты: Игергелі отырған тақырып пен оқыту мақсаттары жөнінде ақпарат беру.
Сипаттамасы: Мұғалім мен оқушының тақырып бойынша бірлескен іс-әрекеті. Сұрақ-жауап арқылы жүгіру, секіру, лақтыру кезінде дененің дұрыс дамуы үшін түрлі дене жаттығуларын орындау барысында қозғалыстарды қалай орындау керек екендігінің маңызы туралы мәселелер нақтыланады.
Мұғалім әрекеті: Тақырып, жоспардағы іс-әрекеттер жөнінде ақпаратпен, мақсаттар және бағалау критерийлерімен таныстырады, сұрақтарға жауап береді. Оқушыларды бағалау критерийлерін талқылауға жұмылдырады. Қыздырыну жаттығуларын қызықты қимыл ойындары арқылы ұйымдастырады. Мысалы: «Қуып жет!» Оқушылар белгілнген алаңда бір-бірінен қашып жүгіреді. Сәл уақыттан кейін мұғалім ысқырықпен белгі береді, одан кейін оқушылар екі-екеуден жұптасып жүгіреді. Жұпта ажырамай бірге қашып, бірге қуу керек. Ұсталынған жұптар қосылып, бірге басқа жұптарды қуады. Ойын осылай барлық жұптар ұсталынғанша жалғасады.
Тыныс алу, жалпы дамыту жаттығулары оырндалады.
Оқушы әрекеті: Мұғалімнің берген ақпаратын тыңдайды, мақсаттар және бағалау критерийлерімен танысады, сұрақтар қояды. Мұғаліммен бірлесе отырып бағалау критерийлерін талқылайды.
Тапсырмаларды орындау кезіндегі ойын ережесін, қауіпсіздік ережесін мұқият орындайды.
Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету. Ойын кезінде жұптарды мақтап, мадақтап отыру.
Сабақтың негізгі бөлімінде
Дененің дұрыс дамуы үшін жасалатын лақтыру, секіру, жүгіру жаттығуларды жетілдіру тапсырмалары.
Мақсаты: Арнайы тапсырмаларды орындай отырып түрлі іс-әрекетке бағытталған негізгі жаттығуларды жетілдіру, оқы мақсаттарын шешу. Жүгіру, секіру, лақтыру кезінде дененің дұрыс дамуы үшін түрлі дене жаттығуларын орындау барысында қозғалыстарды қалай орындау керек екендігінің хабардар ету.
Сипаттама: Оқушылар екі жұпқа бөлініп, мұғалім тапсырмасын мұқият орындауға тырысады. Яғни, дененің дұрыс дамып, жетілуі үшін жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларды орындау кезінде қозғалыстарды қалай орындау керек екендігін ажыратады, жұпта ақылдасады. Тапсырманы орындау барысында түрлі жаттығуларды, секіру жаттығуларын, физикалық өзгерістерді, бақылау стратегияларын, негізгі қозғалыс дағдыларын жетілдіру
Мұғалім әрекеті:
- тапсырмаларды орындау орынын, құрал-жабдықтарды дайындайды;
- сыныпты топтарға бөледі;
- оқушыларға дағдыларын жетілдіруге арналған тапсырмаларды орындауды ұсынады;
- дененің дұрыс дамып, жетілуі үшін жүгіру, секіру, лақтыру жаттығуларды, ойындарды орындау тапсырмаларын түсіндіреді;
- тапсырмаларды орындау кезінде жарақаттануды болдырмау мақсатында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді;
- тапсырмаларды орындау кезінде жетілдіру керек дағдыларды, әрбір оқушының жеке жетістіктерін айтып тұрады;
- оқушылардың өзін-өзі бағалауын, өзара бағалауын бірі-бірлеріне ауызша баға беру арқылы жүзеге асырады;
Келесідей сұрақтар қою арқылы білімді бекітеді: Командаластарыңызға қандай көмек көрсеттіңіз? Тапсырманы күрделендіру үшін қандай ұсынысыңыз бар?
Қорытынды бөлімде:
Сабақтан алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізу.
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар кері байланыс картасын толтырып қалдырады.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздік үштікті атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушыларға «кері байланыс карталарын» толтырып қалдыруды тапсырады.
«Балаларға арналған қозғалмалы ойындары» сілтемесі:
http://ped-kopilka.ru/blogs/yulija-viktorovna-butova/podvizhnye-igry-s-begom-dlja-detei-5-7-let.html
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.