Түрлі іс-әрекетке бағытталған жаттығулар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ.
Дидактикалық материал №5
Жалпы дамыту жаттығулар
Карточка №1
Дене сымбатын қалыптастыруға арналғанқапшықтармен орындалатын жаттығулар кешені
Тік тұрып, екі қолды белде ұстау, қапшық басқа қойылады. Аяқтың ұшымен көтеріліп, шынтақты артқа жіберу, иілу, бастапқы қалыпқа келу.
Тік тұру, екі қол екі жақта, қапшық оң қолда. Тізеден бүгілген аяқты көтеріп, қолды түсіріп, қапшықты өкшеге тигізу, оны сол қолға алып, бастапқы қалыпқа келу.
Тік тұру, екі аяқ алшақ қойылады, қол төмен түсіріліп, қапшық басқа қойылады. Кеудені солға бұру, екі қолды екі жаққа созу, бастапқы қалыпқа келу.
Тізеге тірелу, қапшық еденге қойылады. Сол аяқты тіктеп, оны артқа қарай көтеру керек, бастапқы қалыпқа келу.
Тік тұрып, қолды алдыға ұстау, қапшық басқа қойылады; оң аяқпен отырып, сол аяқ артқа жіберіледі; бастапқы қалыпқа келу.
Тік тұрып, қолды белге ұстау, қапшық еденге қойылады. Секіру: 4 рет қосаяқтап секіру, 4 рет сол аяқпен, 4 рет оң аяқпен секіру және т.б.
Жалпы дамыту жаттығулар
Карточка №1
Секіртпемен орындалатын жалпы дамыту жаттығулары
1. Б.қ. - екіге бүктелген секіртпенің екі ұшынан ұстап, қолды төмен түсіріп тұрады. 1 - секіртпені керіп, қолды алға созу. 2 - жоғары көтеру. 3 - қолды алға созу. 4 – б. қ-қа келу. (6-8 рет орындау).
2. Б.қ. - аяқ иық деңгейінде, секіртпені желке тұсында ұстап тұру. 1-3 - оңға бұрылу. 4 - б.қ.-қа келу. Осылайша сол жақпен орындау. Әр жаққа 5-6 реттен.
3. Б.қ. - аяқты сәл алшақ қойып тұрып, секіртпенің екі шетінен ұстап, қолды арқа жақта ұстау. 1-2 - алға қарай еңкею, артқа шалқаю, қолды артқа созу, жоғары көтеру; басты тура ұстау. 3–4 - б.қ.-қа келу. (6 рет)
4. Б.қ. - негізгі тұрыс, секіртпенің екі ұшынан керіп ұстап, қолды төмен. 1 - тізені екі жаққа аша сәл отыру, қолды жоғары көтеру; 2 - б.қ.-қа келу. (6 рет).
5. Б.қ. – етпетінен жату, секіртпені екі ұшынан керіп, бастан жоғары ұстау. 1-3 - артқа қарай шалқайып, секіртпені жоғары көтеру;
4 - б.қ.-қа келу. (5-6 рет).
6. Б.қ. – аяқты алға созып отыру, секіртпені желке тұсында ұстау; 1 - алға еңкею, секіртпені аяқтың ұшына тигізу; 2 - б.қ.-қа келу. Еңкейген сәтте демді ішке тартып, аяқты созғанда демді шығару. (6 реттен орындау).
7. Б.қ. - қолды бастан асыра созып, шалқадан жату. 1 - қолды, аяқты жоғары көтеріп, аяқтың ұшын секіртпеге тигізу; 2 - б.қ.-қа келу. (6-8 реттен орындау).
8. Б.қ. - қолды бастан асыра созып, шалқадан жату. 1 - қолды жоғары созу, аяқты жоғары көтеріп, аяқты секіртпенің ар жағына өткізу. 3 - б.қ.-қа келу. (6-8 рет).
9. Б.қ. - негізгі тұрыс; екі бүктеулі секіртпені төмен ұстап тұру; 1-2 - қолды жоғары көтеріп, секіртпені арқаға түсіру. 3-4 - б.қ.-қа келу. (6 рет).
10. Б.қ. - аяқ сәл алшақ, секіртпені екі бүктеп ұстап тұру. Секіртпені еденге параллель түрде айналдырып, секіртпе арқылы оң (сол) аяқпен кезек-кезек секіру. (5-6 рет орындау).
- Жаттығу кезіндегі қауіпсіздік талаптары.
Секіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
Секіруге арналған шұңқыр 20-40 см тереңдікте құм топырақпен толтырулы болуы керек. Секірер алдында секіретін шұңқырдағы құм топырақ қопсытылған болуы керек, күректер, тырмауыштар және басқа бөтен заттарды алып тасталуы керек.
Секіру техникасы оқу бағдарламасына сәйкес және оқушының аяғымен түсуін қамтамасыз ету.
Білімалушылар міндетті:
- Тырмаларды ұштарын төмен қаратып жатқызуы;
- Тегіс емес, борпылдақ және тайғанақ топырақта секіруге болмайды, секіріп жерге түскенде қолмен тірелмеуі;
- Мұғалім рұқсат еткен кезде және шұңқырда ешкім болмағанда секіру керек;
- Біреудің жолын кеспей басқа оқушы секірген мезгілде, кезекпен секіру керек;
- Секіріп болғанан кейін тез арада секіретін шұңқырды босатып өз орнына қайтып келіпкелесі секіру әрекетіне жолдың оң және сол жағымен екпін алуға даындалу керек.
Бір орынан тұрып секіру техникасын оқушыларға айтып түсіндіру және көрсету.
Бір орынан тұрып секіру техникасы.
Бір орынан секіру негізінде жаттығу кезінде қолданылады, деген менде бір орынан секіру және үш рет секіруден жарыстар өткізіледі. Секіргіштік пен аяқтың күшін анықтау үшін бір орынан биіктікке секірту бақылау сынағын өткізеді.
Бір орынан ұзындыққа секіру.
Бір орынан секіру техникасы бөлінеді:
- серпілуге дайындалу;
- серпілу;
- ұшу;
- қону, жерге түсу.
Cекіру техникасы.
1. Ұзындыққа секірудің ең қарапайым түрі- «аяқты бүгіп секіру әдісі».
2. Тізені бүгіп секіру екпіндей жүгіру,жерден серпілу,қалықтаудан және жерге секіруден тұрады.
2. Ұзындыққа секірудің 3 кезеңін түсіндіру:
Серпілу (жерден көтерілу)
Серпілуді мүмкіндігінше тез жасау керек. Серпілетін аяқтың барлық буындары бүгіліп салмақтың екпін күшімен секіруші тік қалыпқа келуі керек.
Самғау (ұшу немес қалықтау)
Көтерілу кезінде сілтенетін аяқ жоғары көтерілген жамбаспен бірге алға қарай сілтеніп,серпілетін аяқ артта қалады.
Жерге түсу
Оқушыларға жерден көтерілу кезінде қалай көтерілу керектігін түсіндіру және өз орындауында көрсету. Самғау кезіндегі әрекеттерді түсіндіру және өз орындауында көрсету. Жерге түсу кезіндегі әрекеттерді түсіндіру және өз орындауында көрсету.
Дұрыс орындауы | Негізгі қателіктер |
1.Бормен сызылған «сөре» сызығы. | Ойынды дұрыс түсіндірмеуі Тегіс жерде ойналмауы Оқушылар жұппен бөлініп тұрмауы Бірінші жұп «сөреге» шығуды ескермегені Бірінші ойыншы барынша алысқа секіре алмауы Оның секірген ұзындығын бормен белгілеуі Екінші ойыншының қай бағытта секіру керектігі Секіруді бірінші оқушы секіріп жеткен жерден орындамауы Мұғалімнің белгісін күтпеуі |
2. «Сөрелік» сызықтан секірген ойыншыдан асып түсу. | Ойыншылар берілген сызықты дұрыс сызбауы Секірген оқушы «сөрелік» сызықты басып кетуі «Сөрелік» сызықтың дұрыс сызылмауы Ойыншылар дұрыс секірмеуі Секіруді жылдам бастап кетуі |
3. Алысқа секірген ойыншы жеңіске жетеді. | Екінші ойыншының орындай алмауы Осы жұп жеңімпаз болып есептелмейді Орындай алмаса – бірінші ойыншы жеңімпаз болмайды. Ойын ережесін дұрыс сақтамауы |
Қорытынды бөлім
Сапқа тұру, жай жүгіру, жүру тыныс алу жаттығуларын жасап бастапқы қалыпқа түсу.
— Сабақты қорытындылау
— Үйге тапсырам беру
— Ұйымдасқан түрде оқушыларды тарату
Оқушылардың бастапқы қалыпқа түсу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау.
Ғаламторға сілтеме: «Балаларға арналған қозғалмалы ойындар»
http://www.karakyli.ru/2015/04/17/podvizhnye-igry-s-pryzhkami/
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.