Реакция өнімінің шығымын есептеу. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.


11.2 A Көмірсутектер және олардың табиғи көздері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің А.Ә.Т:

Сыныбы: 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Реакция өнімінің шығымын есептеу

Оқу мақсаты:

11.4.2.32 – реагенттердің көлемі /массасы/ бойынша реакция өнімінің шығымын, өнімнің көлемін /массасын/ есептеу

Сабақтың мақсаты

- Оқушылар реагенттердің көлемі /массасы/ бойынша реакция өнімінің шығымын, өнімнің көлемін /массасын/ есептеуге арналған есептерді шығаруға дағдыланады

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады:

  • реакция өніміндегі шығымның массалық үлесін есептеуге арналған есептерді шығарады

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Реакция өнімі, теория жүзінде, іс жүзінде, шығым, массалық үлес, реагент, теориялық мүмкіндік

Бағалау критерийі

Теориялық мүмкіндікпен салыстыра отырып, реакция өніміндегі шығымның массалық үлесін есептеуге арналған есептерді шығарады

Дескриптор

  • Химиялық реакция теңдеулерін құрастырады
  • Реакция өнімін атайды
  • Формулаларын жазады
  • Өлшем бірліктерін көрсетеді
  • Теориялық мүмкіндікпен салыстыра отырып, реакция өніміндегі шығымның массалық үлесін есептеу формуласын қолданады
  • Математикалық сауатты есептейді

Алғашқы білім:

8.2A Атомдардағы электрондардың қозғалысы

8.4B Көміртегі және оның қосылыстары

9.1В Қосылыстардың құрылымдары

Құндылықтармен байланыс

Бір-біріне деген құрмет, адалдық, өмір бойы оқу құндылықтары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Басы

1-4 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары нақтыланады

Тапсырма №1

Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер кандай заңға негізделіп жүргізіледі?

Бірақ іс жүзінде реакция өнімі есептеумен салыстырғанда аз болады.

НЕГЕ?

Слайд

№ 1-2

Ортасы

8 -12 мин

13-24 мин

25– 36 мин

Мұғалімнің түсіндіруі:

Реакция теңдеуі бойынша теория жүзінде алынуға тиісті өнім массасының іс жүзінде (практикалық) шығатын өнімнің массасына қатынасын өнімнің массалық үлесі (η-эта) деп атайды.

η=mпр./mтеор.*100% (масса бойынша) (1)

η =Vпр./Vтеор.*100% (көлем бойынша) (2)

  • Реакция нәтижесінде түзілген заттың шығымын есептеу
  • Реакция өнімінің массасының шығымы белгілі болғанда реакцияға түсетін заттардың массасын есептеу

Есеп 1.

1.2 г магний күкірт қышқылының ерітіндісімен реакцияға түскенде 5.5 г. тұз түзілді. Өнімнің шығымын (%)табыңыз.

Таратпа материалда берілген алгоритмді жұппен оқып, талдап, есептің шығарылу үлгісімен танысыңыздар

Дескриптор:

  • Химиялық реакция теңдеулерін құрастырады
  • Реакция өнімін атайды
  • Формулаларын жазады
  • Өлшем бірліктерін көрсетеді
  • Теориялық мүмкіндікпен салыстыра отырып, реакция өніміндегі шығымның массалық үлесін есептеу формуласын қолданады
  • Математикалық сауатты есептейді

 ЕСЕПТЕР шығару:

Есеп 2.

21,3г хлоры бар ыдысқа темірді қосып жаққанда 24,3г темір(III) хлориді түзілді. Реакция өнімінің шығымын есептеңіздер.

Есеп 3.

Массасы 1г сутек газын хлормен синтездеу арқылы 32г хлорсутек газы алынды. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің массалық үлесін (%) анықтаңыз.

Есеп 4. Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 25.12 % болса, массасы 3.8 г аммиак алу үшін азот пен сутектің қанша көлемі (қ.ж.) әрекеттесетінін есептеңіз.

Слайд №3-4

Слайд5

Слайд6-8

Соңы

37-40 мин

Үйге тапсырма:

Аммиак өндірісінде 1 тонна азоттан тікелей синтездеу арқылы 350 кг өнім алынған. Бұл теориялық мүмкіндіктің қанша процентін құрайды.

Қосымша есептер:

1. Құмында 10% қоспасы бар массасы 1 кг ізбес тасынан 0,4 кг кальций оксидін алған. Теориялық мүмкіндкпен салыстырғандағы реакция өнімі шығымының массалық үлесін есептеңіздер

2. Массалық үлесі 60%, 200кг азот қышқылының ертіндісін алу үшін қажетті аммиак массасын есептеңіздер. Осы процесте өнім шығымының массалық үлесі 80% құрайды.

Рефлексия Talk Partners «сұхбаттасатын жұп»

Жұбыңызбен:

3 үйренген нәрсе;

Не оңай болды?

Не қиын болды?

Тағы да нені білгіңіз келетіні туралы әңгімелесіңіз.

Слайд 9-10

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен

байланыс

Барлық оқушылар:

Өзгенің пікіріне деген құрмет. Өз ісіне жауапкершілік құндылықтары.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:

W = сыныппен жұмыс P = жұптық жұмыс E = оқушы эксперименті

G = топтық жұмыс I = жеке жұмыс D = мұғалім көрсетілімі

f = бағалау  = қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру