Реакция теңдеулері бойынша есептеулер «Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің пайыздық шығымын есептеу». Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||
Пән: Химия | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Дата: | Класс: | Оқушы саны: | |||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | 10.1B Стехиометрия | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Реакция теңдеулері бойынша есептеулер «Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің пайыздық шығымын есептеу» | ||||||||||
Бастапқы білім | 7.3С Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула. 8.2А Зат мөлшері. 8.2CХимиялық реакциядағы энергиямен танысу. | ||||||||||
Оқыту мақсаттары | 10.2.2.3 теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын пайызбен есептеу; | ||||||||||
Сабақтың мақсаттары | теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын пайызбен есептеу; | ||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Авогадро саны, моль, молярлық масса, эмпирикалық формула, концентрация, сұйылту; дәл/дәл емес, дәлдік, сенімді / сенімсіз, сенімділік, шынайы/ шынайы емес, шынайылық, қателік (қателіктер); Менің өлшеу дәлдігім … негізделеді Мен алған нәтижелерімді … салыстырдым және олар … расталды / расталмады Менің өлшеулерімде ....туындаған қателіктер бар деп ойлаймын | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Қауіпсіздік ережесі арқылы оқушы денсаулығын нығайту Топтық тапсырмалар арқылы оқушының логикалық ойлау дәрежесін, қарым- қатынасын, жауапкершілігін арттыру. Топпен, ұжыммен жұмыс жасау арқылы адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу дағдыларын дамыту | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
|
| |||||||||
Дифференциация | Барлық оқушылар: теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын пайызбен есептейді Кейбір оқушылар: Жоғарғы деңгейлік тапсырмалар бойынша теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын пайызбен есептей алады | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | Халат кию Қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 0-2минут | Оқушылармен амандасу Сыныпта ынтымақтастықтық атмосферасын және қалыпты оқу ортасын қалыптастыру. Сабақ тақырыбы: Реакция теңдеулері бойынша есептеулер «Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің пайыздық шығымын есептеу». Сабақтың мақсаты: теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы реакция өнімінің шығымын пайызбен есептеу | ||||||||||
Сабақтың ортасы 2-12 минут 12-13 минут 13-38 минут | Реакция өнімдегі шығымның массалық үлесі (η – «эта») (ω - «омега») - реакция теңдеуі бойынша теория жүзінде алынуға тиісті өнім массасының іс жүзінде (практикалық) шығатын өнімнің массасына қатынасын өнімнің массалық үлесі дейді. η = m(пр.) / m(теор.) * 100% (масса бойынша) (1) η = V(пр.) / V(теор.) * 100% (көлем бойынша) (2) «Заттың шығымы» түсінігімен байланысты есептердің үш типі бар. 1. Берілді: реагенттің және өнімнің массасы. Табу керек: өнімнің шығымың. 2. Берілді: реагенттің массасы және өнімнің шығымы. Табу керек: өнімнің массасың. 3. Берілді: өнімнің массасы және шығымы. Табу керек: реагенттің массасың. Есепті шешу алгоритімі: Табу керек: өнімнің шығымын. 1) Есептің шартын мұқият оқып шығу. 2) Жазып ал: не берілді, не табу керек? 3) Реакция теңдеуін жазып, теңеструді ұмытпау керек. 4) Реакция теңдеуі бойынша өнімнің теориялық массасын табу. 5) Белгілі формула бойынша өнімнің шығымын есептеп алу. Жауабың жазу. Мысалы: 32,4г мырыш оксидінең алюминийтермия әдісі арқылы, 24г таза мырыш алынды. Өнімнің шығымын табыңдар.
Тапсырма №1 Топқа бөлу: І – топ, ІІ – топ, ІІІ – топ. Оқушылар тапсырманы (I), (P),(G) орындайды. І – топ : 234 г ас тұзына күкірт қышқылымен әсер еткенде 131,4 г хлорсутек алынса, хлорсутектің шығымы (%)? (90%) ІІ – топ: Теориялық шығымы 80% болса, массасы 31 кг кальций фосфатына күкірт қышқылымен әсер еткенде алынатын фосфор қышқылының массасын есептеңдер? (15,68кг) ІІІ – топ: Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 92% болса, онда 23,4г алюминий гидроксидінен алынған металл оксидінің массасын табыңдар. (14 г) Тапсырма №2 (Дифференциация) А – деңгей.1,7 г аммиак тұз қышқылымен әрекеттескенде 5 г аммоний хлориді алынды.Түзілген өнімнің шығымы (%) Ж: 93,4% В – деңгей. Массасы 120 г темір (ІІІ) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда массасы 67,2 г темір түзілді.Темірдің теориялықпен салыстырғандағы шығымы (%) Ж: 80% С – деңгей. Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 25,12 % болса, массасы 3,8г аммиак алу үшін азот пен сутектің қанша көлемі (қ.ж.) әрекеттесетінін есептендер. Ж:10л Дескриптор:
(f) Өзара бағалау және мұғалімнің бағалауы Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары Тапсырма №1 10кг натрий гидроксидін кремнийдің оксидімен қосып балқытқанда 12,2кг натрий силикаты алынды. Натрий силикатының теориялық шығымын есептеңдер. (80%) Тапсырма №2 Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 80% болса, онда темір (ІІІ) оксидіне, көміртек (ІІ) оксидімен әсеретсек, нәтижесінде 11,2г. Темір алынды. Реакцияға жұмсалған темір (ІІІ) оксидінің массасын табыңдар. ( 20 г) Тапсырма №3 Массасы 1г сутек газын хлормен синтездеу арқылы 32г хлорсутек газы алынды. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің массалық үлесін анықтандар. (87,67%)
| Реакция өнімінің шығымы және соған қатысты мәселелер бойынша сілтеме: | |||||||||
Сабақтың соңы 38-40минут | Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды: - нені үйренді; - не нәрсе түсініксіз болып қалды; - немен қайта жұмыс жасау керек. | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру